Кеден одағының "Ораманың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 005/2011) өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 4 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мынадай:

      а) Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 769 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Ораманың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 005/2011) белгілеген міндетті талаптарға өнімнің сәйкестігін бағалау туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 96 шешімімен өзгерістер енгізілген, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 96 шешімі күшіне енген күнге дейін қабылданған құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды;

      б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар бар болған кезде техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімнің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарындағы өндірісі мен айналысқа шығарылуына осындай құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жол беріледі;

      в) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданысы кезеңінде айналысқа шығарылған, техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімнің айналысына осы өнімді сақтау мерзімі (жарамдылық мерзімі) ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 96 шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады