Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитет туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 ақпандағы № 19 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 44-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитет туралы ереже бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 19 шілдедегі "Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитет туралы" № 112 шешімінің 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 7 ақпандағы
№ 19 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитет туралы
ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер

      1. Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитет (бұдан әрі – Комитет) Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі - Одақ туралы шарт) № 1 қосымша) 7 және 44-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Алқасы жанында құрылады.

      Комитет Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру және Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) Одақ туралы шарттың ХХIV бөліміне сәйкес өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидаларын қолдану мәселелерін қоса, Комиссияның өнеркәсіптік саясат және өнеркәсіптік ынтымақтастық мәселелері жөніндегі консультативтік органы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметінде Одақ туралы шартты, Одақ құқығын құрайтын басқа да халықаралық шарттар мен актілерді, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

ІІ. Комитеттің негізгі міндеттері мен функциялары

      3. Комитеттің негізгі міндеттері:

      өнеркәсіптік саясат және өнеркәсіптік ынтымақтастық мәселелері бойынша Комиссия үшін ұсынымдар дайындау;

      өнеркәсіптік саясат және өнеркәсіптік ынтымақтастық мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің өкілдерімен консультациялар өткізу;

      өнеркәсіптік субсидиялар беру мәселелерін қоса, Одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері бойынша Комиссия үшін ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.

      4. Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      а) Мынадай мәселелер бойынша Комиссия үшін ұсыныстар мен ұсынымдар дайындайды:

      Одақ туралы шарттың ХХIV бөлімінің ережелерін, Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманы (Одақ туралы шартқа №27 қосымша) және Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттаманы (Одақ туралы шартқа №28 қосымша) іске асыру және мүше мемлекеттердің оларды сақтау мониторингі;

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру;

      басымдықтарды айқындау және Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықты үйлестіру;

      өнеркәсіптік ынтымақтастықтың Дүниежүзілік сауда ұйымының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының талаптарына сәйкес келетін тиімді механизмдері мен құралдарын қалыптастыру;

      өнеркәсіптік саясат және өнеркәсіптік ынтымақтастық саласында Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың және Одақ органдары актілерінің жобаларын әзірлеу;

      өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін, оның инновациялық және экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту;

      мүше мемлекеттердің өндірістік-техникалық кооперациясын және өндірістік интеграциясының нарықтық нысандарын дамыту;

      Одақ шеңберінде өнеркәсіп өнімі нарығында тауарлардың еркін жылжуын қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіптік саясат саласындағы тосқауылдарды жою;

      өнеркәсіптік ынтымақтастықтың мүше мемлекеттер айқындаған басым бағыттарын дамыту үшін жағдайлар жасау;

      б) өз құзыреті шегінде өнеркәсіптік саясат және өнеркәсіптік ынтымақтастық саласындағы өзге де мәселелерді қарайды.

      в) жұмыс (сарапшы) топтарын құру не олардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды.

ІІІ. Комитеттің құрамы

      5. Комитеттің құрамы мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының басшыларынан (басшыларының орынбасарларынан) және уәкілетті өкілдерінен қалыптастырылады.

      Комитеттің құрамын қалыптастыру үшін Комиссия мүше мемлекеттерден мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының уәкілетті өкілдерінің кандидатуралары бойынша ұсыныстар сұратады.

      6. Мүше мемлекеттердің ұсынысы бойынша Комитет құрамына бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, өзге де тәуелсіз сарапшылар кіргізілуі мүмкін.

      7. Мүше мемлекеттер Комиссияны мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының Комитеттегі уәкілетті өкілдерін ауыстыру қажеттігі туралы дер кезінде хабардар етіп отырады, сондай-ақ оның құрамына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар береді.

      8. Комитет құрамы Комиссия Алқасының өкімімен бекітіледі.

      9. Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері құзыретіне жатқызылған Комиссия Алқасының мүшесі Комитет отырыстарына төрағалық етеді (бұдан әрі – Комитет төрағасы) және Комитет жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады.

      10. Комитет төрағасы:

      а) Комитет қызметіне басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттерді орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      б) Комитет отырысының күн тәртібін бекітеді, Комитет мүшелерінің келісуі бойынша оны өткізу күнін, уақытын және орнын айқындайды;

      в) Комитет отырысын жүргізеді;

      г) Комитет отырыстарының хаттамаларын бекітеді;

      д) Комиссия Алқасы мен Кеңесін Комитет тұжырымдаған ұсынымдар туралы хабардар етеді;

      е) Комитет мүшелерінің келісуі бойынша жұмыс (сарапшы) топтарының ережелерін бекітеді;

      ж) Комитет төрағасының орынбасарын тағайындайды;

      з) Комитет құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      11.Комитет төрағасының орынбасары болып Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелер құзыретіне кіретін Комиссия департаментінің басшысы тағайындалады.

      12. Комитет төрағасы уақытша еңбекке жарамсыздыққа, демалысқа немесе іссапарға байланысты болмаған жағдайда Комитет төрағасының орынбасары Комитет төрағасының осы Ереженің 10-тармағында көзделген функцияларын орындайды.

      13. Комитеттің жауапты хатшысын Комитет төрағасы Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелер құзыретіне кіретін Комиссия департаментінің лауазымды адамдары арасынан тағайындайды.

      14. Комитеттің жауапты хатшысы:

      а) Комитет төрағасының және Комитет мүшелерінің ұсыныстары бойынша Комитет отырысы күн тәртібінің жобасын дайындайды және оны Комитет төрағасына бекітуге береді;

      б) Комитеттің отырысына және күн тәртібі жобасына қатысты материалдардың дайындалуы мен берілуіне бақылау жасауды жүзеге асырады;

      в) Комитет отырысының бекітілген күн тәртібі мен оған қатысты материалдарды дайындайды және Комитет мүшелеріне жібереді, соның ішінде электрондық түрде жібереді.

      г) Комитет мүшелерін Комитет отырысының өткізілетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді;

      д) Комитет отырысының хаттамасын жүргізеді және оны Комитет төрағасына бекітуге береді;

      е) Комитет отырысының нәтижелері бойынша дайындалған қорытынды құжаттарды дайындауды және Комитет мүшелеріне жеткізуді ұйымдастырады;

      ж) Комитеттің хаттамалық шешімдерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.

      15. Комитет төрағасының шақыруы бойынша Комитет отырысына қажетті біліктілікке ие тәуелсіз сарапшылар және Комитет отырысында қаралатын мәселелер құзыретіне жатқызылған Комиссия қызметкерлері қатыса алады.

      Мүше мемлекеттердің шақыруы бойынша Комитет отырысына Комитет отырысында қаралатын мәселелер құзыретіне жатқызылған атқарушы билік органдарының, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатыса алады.

      16. Комитет жанында Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелерді шешу үшін жұмыс (сарапшы) топтары құрылуы мүмкін.

      Жұмыс (сарапшы) топтарының құрамы мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының уәкілетті өкілдерінен, мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік саясат және өнеркәсіптік ынтымақтастық мәселелері құзыретіне жатқызылған бизнес-қоғамдастықтарының, ғылыми және қоғамдық ұйымдарының өкілдерінен қалыптастырылады.

ІV. Комитеттің жұмыс тәртібі

      17. Комитеттің отырыстары тоқсанына 1 рет өткізіледі.

      Комитеттің кезектен тыс отырыстары Комитет мүшелерінің немесе Комитет төрағасының бастамасы бойынша өткізілуі мүмкін.

      Комитеттің кезектен тыс отырысын өткізу туралы шешім Комитеттің барлық мүшесінің келісуі бойынша қабылданады.

      18. Кезекті отырыстың өткізілетін күнін, уақытын және орнын Комитет мүшелерінің ұсыныстары негізінде Комитет төрағасы айқындайды және ол хаттамаға жазылады.

      19. Комитет отырысы күн тәртібінің жобасын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды Комитет мүшелері Комитет төрағасына Комитет отырысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 35 күннен кешіктірмей жібереді.

      Комитет отырысының күн тәртібіне енгізу үшін мәселелер ұсынған Комитет мүшелері Комитеттің жауапты хатшысына тиісті ақпарат пен материалдарды беруді қамтамасыз етеді.

      Комитет отырысы күн тәртібінің жобасы Комитет мүшелерімен келісіледі.

      20. Комитет төрағасының Комитет құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан және Комитет мүшелерінен белгіленген тәртіппен материалдар және ақпарат сұратуға құқығы бар.

      21. Комитет отырысы күн тәртібінің материалдары:

      а) қаралатын мәселелер бойынша анықтамаларды;

      б) қарауға ұсынылатын құжаттардың (бар болған кезде) жобаларын;

      в) хаттамалық шешімдердің жобаларын;

      г) Комиссия үшін ұсынымдардың жобаларын;

      д) қажетті анықтамалық және талдамалық материалдарды қамтиды.

      22. Комитеттің жауапты хатшысы Комитет мүшелеріне Комитет отырысының бекітілген күн тәртібі мен оның материалдарын Комитет отырысы өткізілетін күнге дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей, соның ішінде электрондық түрде жібереді.

      23. Комитет отырыстары әдетте Комиссияның үй-жайларында өткізіледі.

      Комитет отырысы Комитет төрағасының мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ұсыныстары негізінде қабылданатын шешімі бойынша кез келген мүше мемлекетте өткізілуі де мүмкін. Бұл жағдайда қабылдаушы мүше мемлекет Комитет отырысын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсетеді.

      Комитет төрағасының шешімі бойынша Комитет отырысы бейнеконференция режимінде өткізілуі де мүмкін.

      24. Комитет мүшелері Комитет отырыстарына жеке өздері қатысады.

      Комитет мүшесінің отырысқа қатысуы мүмкін болмаған жағдайда Комитет төрағасына қаралатын мәселелер бойынша Комитет отырысының хаттамасына қоса берілетін өз ұстанымын күні бұрын жазбаша нысанда ұсынуға және ол уәкілеттік берген өкілдің Комитет отырысына қатысуы туралы ақпарат жіберуге құқығы бар.

      25. Егер, олардың пікірінше, аталған мәселе қосымша пысықтауды талап етсе, Комитет мүшелері мәселені Комитеттің қарауынан алып тастауды ұсына алады.

      26. Комитет мүшелері Комитет отырысында мәселелерді талқылау кезінде бірдей құқыққа ие болады.

      27. Комитеттің шешімдері консенсуспен қабылданады және ұсынымдық сипатта болады.

      28. Комитет отырыстарының нәтижелері хаттамамен ресімделеді, онда Комитет мүшелерінің ұстанымдары жазып қойылады.

      Егер Комитет мүшесінің қаралып отырған мәселе бойынша айрықша пікірі бар болса, бұл жағдайда ол жазбаша нысанда баяндалады және Комитет отырысының хаттамасына қоса беріледі. Комитет отырысының хаттамасына қаралған құжаттардың жобалары бойынша ұсыныстар, анықтамалық және талдамалық материалдар мен тиісті негіздемелер де қоса берілуі мүмкін.

      Комитет отырысы хаттамасының жобасы Комитет отырысына қатысқан Комитет мүшелерімен Комитет отырысы күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде келісіледі.

      Комитет отырысының келісілген хаттамасына Комитеттің жауапты хатшысы қол қояды және Комитет отырысы күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Комитет төрағасы бекітеді.

      Комитеттің жауапты хатшысы Комитет отырысының хаттамасын Комитет төрағасы бекіткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Комитеттің барлық мүшесіне жібереді.

      Комитет төрағасының шешімі бойынша Комитет отырысының хаттамасы немесе одан үзінді көшірме Комитет отырысына қатысқан шақырылған адамдарға жіберіледі.

      Комитет отырысының хаттамалары Комитеттің жауапты хатшысында сақталады.

      29. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік атқарушы билік органдары уәкілетті өкілдерінің Комитет отырыстарына қатысуына байланысты шығыстарын оларды жіберген мүше мемлекеттер көтереді.

      Бизнес-қоғамдастықтың, ғылыми және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, өзге де тәуелсіз сарапшылардың Комитет отырыстарына қатысуына байланысты шығыстарын аталған тұлғалар өз бетінше көтереді.

      30. Комитеттің қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Комиссия жүзеге асырады.

      31. Комитет қызметін тоқтату үшін Комиссия Алқасының тиісті шешімі негіз болып табылады.

      Жұмыс (сарапшы) топтың қызметін тоқтату үшін Комитеттің тиісті шешімі негіз болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады