Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының орнықтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 39 шешімі

      Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 144 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының орнықтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 24 сәуірдегі
№ 39 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының
орнықтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштерді
есептеу әдістемесіне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 1-тармақтың екінші абзацында "(бұдан әрі – мүше мемлекеттер)" деген сөздер "(бұдан әрі тиісінше – көрсеткіштер, мүше мемлекеттер)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2-тармақта:

      а) бірінші абзацта "мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының орнықтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштер" сөздері "көрсеткіштері" деген сөзбен ауыстырылсын;

      б) екінші және үшінші абзацтар "(жалпы ішкі өнімнің пайызында)" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 3-тармақта:

      а) он екінші абзацта "ақша қоры" деген сөздер "кіші секторлар бюджетінің жиынтығы" деген сөздермен ауыстырылсы;

      б) он жетінші абзацта "қамтитын" деген сөз "мемлекеттік басқару секторының кіші секторына жататын:" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) он тоғызыншы абзацта "мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының орнықтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштер" сөздері "көрсеткіштері" деген сөзбен ауыстырылсын";

      г) жиырма төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Армения Республикасында – жоқ;";

      д) жиырма алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қырғыз Республикасында – Зейнетақы қорын, Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қорын, Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорын және Еңбекшілерді сауықтыру қорын қамтитын Қырғыз Республикасының Әлеуметтік қоры;".

      4. 4-тармақта:

      а) сегізінші абзацта "тапшылықты (пайданы) анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіш" деген сөздер "Тапшылық (пайда) көрсеткіші" сөздерімен ауыстырылсын, "өнімді," деген сөз "өнімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      б) он үшінші абзацта "макроэкономикалық" деген сөз алып тасталсын.

      5. 5-тармақтың он екінші және он тоғызыншы абзацтарында "макроэкономикалық" деген сөз алып тасталсын.

      6. 6-тармақтың бірінші абзацы алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады