Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара сауданы жүзеге асыруы кезінде озонды бұзатын заттарды және құрамында солардың өнімдері бар заттарды тасымалдау және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы 2015 жылғы 29 мамырдағы келісімге және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы 2016 жылғы 20 мамырдағы келісімге сәйкес қолданылатын рұқсат ету құжатының бірыңғай нысаны туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 162 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара сауданы жүзеге асыруы кезінде озонды бұзатын заттарды және құрамында солардың өнімдері бар заттарды тасымалдау және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы 2015 жылғы 29 мамырдағы келісімнің 6-бабын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы 2016 жылғы 20 мамырдағы келісімнің 6-бабын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген қорытындының (рұқсат ету құжатының) бірыңғай нысаны:

      а) озонды бұзатын заттарды және құрамында солардың өнімдері бар заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау соның негізінде жүзеге асырылатын қорытындының (рұқсат ету құжатының);

      б) қызметтік және азаматтық қарудың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша өткізілуі және ішкі транзиті соның негізінде жүзеге асырылатын рұқсат ету құжатының бірыңғай нысаны ретінде қолданылады деп белгіленсін.

      2. Осы Шешімнің 1-тармағының "а" тармақшасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара сауданы жүзеге асыруы кезінде озонды бұзатын заттарды және құрамында солардың өнімдері бар заттарды тасымалдау және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы 2015 жылғы 29 мамырдағы келісімнің күшіне енетін күнінен бастап, бірақ ерте дегенде осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Осы Шешімнің 1-тармағының "б" тармақшасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы 2016 жылғы 20 мамырдағы келісімнің күшіне енетін күнінен бастап, бірақ ерте дегенде осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады