Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 65 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 169 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) хаттаманың 120-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тоттанбайтын болаттан жасалған, суықтан майыспайтын жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпинге қарсы шаралар қолдану туралы" № 65 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) атауындағы "Қытай Халық Республикасында" деген сөздер "және Малайзияда" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қытай Халық Республикасында және Малайзияда шығарылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ЕАЭО СЭҚ ТН 7304 41 000 5 және 7304 41 000 8 кодтарымен сыныпталатын тоттанбайтын болаттан жасалған, суықтан майыспайтын жіксіз құбырларға қатысты қосымшаға сәйкес мөлшерде демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпинге қарсы шара қолданылсын, осы демпинге қарсы шараның қолданылу мерзімі 5 жыл болып белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешіммен көзделген демпингке қарсы баждың алынуын қамтамасыз етсін.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады