Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы мәлімдеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 120-бабының 3 және 10-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің нысаны;

      Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібі;

      Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің құрылымы мен нысанын бекіту көзделетін шешіміне сәйкес 2018 жылғы 1 шілдеге дейін ақпараттық жүйелерді пысықтауды қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш 2018 жылғы 1 шілдеге дейін қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ғана қолданылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№171 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің
НЫСАНЫ

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы
ӨТІНІШ

1. Өтініш

A

2. Өтініш беруші
 
 
 
 
a b ТД ___дейін беруге міндеттенеді

3.Парақтар саны

4. Рәсім

5. Барлық тауарлар

6. Тауарлардың санаты

7. Жөнелтуші

8. Алушы

9. Жөнелтетін ел

10. Межелі ел

11. Алдыңғы құжат

12. Жалпы брутто салмағы (кг)

13. Жалпы құны

14. Валюта

15. Төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету

16. Тауарлардың орналасқан орны

17. Өтінішті толтырған адам туралы мәліметтер




18. Тауарлар туралы мәліметтер

Тауардың нөмірі

Тауардың сипаттамасы

ЕАЭО СЭҚ ТН

Қосымша. бір. саны

Салмағы
брутто

Құны

Шығарылған елі

саны

қосым. бірл.

1

2

3

4

5

6

7

8























19. Құжаттар туралы мәліметтер

Р/с

Код

Белгі

Атауы

Күні

Нөмрі

Тауардың нөмірі

1

2

3

4

5

6

7














С

D
 
 
 
 
 
 

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№171 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру
ТӘРТІБІ І. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 120-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті (бұдан әрі тиісінше – ТД, өтініш) электрондық құжат және қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде толтыру қағидаларын айқындайды.

      2. Электрондық құжат түріндегі өтініш Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын құрылымға сәйкес толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініш Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешімімен бекітілген нысан бойынша толтырылады.

      3. Бір өтініште бір және сол кедендік рәсімге орналастырылатын бір тауар партиясындағы тауарлар туралы мәліметтер көрсетілуге жатады.

      Осы Тәртіптің мақсаттары үшін бір тауар партиясы деп сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын бір құжат бойынша (немесе қайта өңдеу өнімдерін кедендік декларациялау кезінде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы бір құжат бойынша) немесе біржақты сыртқы экономикалық мәміле бойынша не кедендік бақылаудың бір аймағындағы мәміле шеңберіндегі міндеттемелерді орындау шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік шекарасы арқылы бір және сол жөнелтушіден бір және сол алушының мекенжайына өткізілетін тауарлар түсініледі.

      Бір тауар партиясындағы тауарлар Интерпретацияның 2а негізгі қағидасына сәйкес жиналмаған немесе бөлшектелген түрде ұсынылатын тауардың құрамдауышы ретінде ұсынылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай Тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) жинақталған немесе аяқталған тауарға сәйкес келетін позициясында сыныпталатын жағдайды қоспағанда, бір тауар партиясындағы тауарлар туралы мәліметтер бір және сол кеден органына берілетін бірнеше өтініштерде көрсетілуі мүмкін.

      Бір өтініште ТД берілгенге дейін тауарларды шығаруға мәлімделуі мүмкін тауарлар санаттарының сыныптауышына сәйкес тауарлардың бір санатына қатысты мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

      Бір тауар партиясында бұрын әртүрлі кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлар болған жағдайда, мұндай тауарлар туралы мәліметтер әртүрлі өтініштерде көрсетіледі.

      4. Бір өтініште 999 көп емес тауарлар туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

      5. Валютаға қатысты өтініш толтырылған жағдайда мұндай өтініш валютаның әрбір түріне жеке толтырылады.

      Өтінішті толтыру кезінде Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштар, сондай-ақ кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын, Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын және қолдануға жататын анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.

      7. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін баған деп кіші бөлімдерді, колонкаларды, элементтерді қамтуы мүмкін электрондық құжат түріндегі өтініш құрылымының деректемесі (деректемелері) немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініш нысанының құрылымдық бірлігі түсініледі. Осы Тәртіпке сәйкес бір бағанда бір белгі бойынша біріктірілген мәліметтер көрсетіледі.

      8. Электрондық құжат түріндегі өтініште өтінішті автоматтандырылған өңдеу үшін қажетті техникалық сипаттағы мәліметтер қамтылуы мүмкін. Мұндай мәліметтер электрондық құжат түріндегі өтініштің құрылымымен айқындалатын құрамға сәйкес ақпараттық жүйемен қалыптастырылады.

      Электрондық құжат түрінде берілетін өтініштің қағаз көшірмесін басып шығару кезінде техникалық сипаттағы мәліметтер көрсетілмейді.

      9. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініш А4 форматындағы қағаз парақтарында 2 данада толтырылады, олардың біреуі өтініш берілетін кеден органына, ал екіншісі – өтініш берген адамға (бұдан әрі – өтініш беруші) арналады.

      10. Егер өтінішті қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде толтырған кезде оның бағандарында мәліметтер көрсетуге арналған орын жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай мәліметтер өтініштің келесі жағында немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініштің ажырамас бөлігі болып табылатын өтінішке қосымша берілетін А4 форматындағы қағаз парақтарында (бұдан әрі – қосымша парақ) көрсетіледі. Бұл ретте өтініштің тиісті бағанында "Келесі жағын қар." немесе "Қосымша парақты қар." деген жазба жазылады. Қосымша парақтың барлық беттері нөмірленуге тиіс.

      Әрбір қосымша парақтың жоғарғы оң жақ бұрышына "№ _____________өтінішке қосымша парақ ____бет." деген жазба жазылады.

      Қосымша парақтың әрбір бетінің төменгі оң жақ бұрышына өтінішті толтырған адам қол қояды және егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өтініш берушіде немесе кеден өкілінде мөр болса, ол өтініш берушінің немесе кеден өкілінің мөрінің бедерін қою жолымен куәландырылады.

      11. 1 – 19-бағандарды өтініш беруші толтырады.

      Армения Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтінішті толтыру кезінде, егер Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттарда қажетті мәліметтер болса, 7 – 10 және 18-бағандар өтініш берушінің қалауы бойынша толтырылады.

      Беларусь Республикасында өтініштің 7 – 10 және 18-бағандары міндетті түрде толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініштің 18 және 19-бағандары дәйекті түрде: алдымен тауарлар туралы барлық мәліметтер, содан соң құжаттар туралы мәліметтер толтырылады.

      12. "А", "С" және "D" бағандарын кеден органы толтырады.

      13. Өтініш басу құрылғылары пайдаланыла отырып кіші әріптермен толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініш түсінікті түрде басылады және онда өшіріп тазартулар, шимайлар және түзетулер болмауға тиіс.

      Егер құжаттарда латын әліпбиінің әріптері пайдаланылған шетелдік тұлғалардың, тауарлардың, көлік құралдарының және т.б. атаулары кездессе, онда мұндай мәліметтер өтініште латын әліпбиінің әріптерімен көрсетіледі.

      14. Өтініш берушінің (тауарлардың) тұрғылықты жерін немесе орналасқан жерін көрсету кезінде мұндай мәліметтер электрондық құжат түріндегі өтініште өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – өтініштің тиісті бағанында үтірден кейін көрсетіледі және мыналарды:

      1) әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің қысқаша атауын;

      2) әкімшілік-аумақтық бірлікті (өңір, облыс, аудан және т.б.) (Қырғыз Республикасында тұрақты тұратын жері бар, дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға туралы мәліметтерді көрсету кезінде – әкімшілік-аумақтық және аумақтық бірлік объектілерін белгілеу жүйесінің мемлекеттік сыныптауышына (ЕК СОАТЕ) сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің кодын);

      3) елді мекенді;

      4) көшені (бульварды, проспектіні және т.б.);

      5) үйдің нөмірін;

      6) корпустың (құрылыстың) нөмірін;

      7) пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірін қамтиды.

      15. Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсету кезінде бұл мәліметтер электрондық құжат түріндегі өтініште өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – өтініштің тиісті бағанында үтірден кейін көрсетіледі және мыналарды:

      1) уәкілетті органы жеке басты куәландыратын құжатты берген елдің әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес кодын;

      2) құжаттың атауын (Ресей Федерациясы үшін);

      3) құжаттың сериясын (бар болған жағдайда) және нөмірін (ашық жер арқылы);

      4) құжаттың кк.аа.жжжж форматындағы (күн, ай, күнтізбелік жыл) берілген күнін қамтиды.

      16. Егер осы Тәртіпке сәйкес салықтық нөмір туралы мәліметтерді көрсету талап етілсе, онда бұл мәліметтер деп мыналар түсініледі:

      Армения Республикасында – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);

      Беларусь Республикасында – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН) (дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаны қоспағанда) не жеке тұлғаның сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда);

      Қазақстан Республикасында – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – ұйымдар (филиал мен өкілдіктер) және бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін, не жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке тұлға үшін, соның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін;

      Қырғыз Республикасында – салық төлеушінің салықтық сәйкестендіру нөмірі (ССН) – заңды тұлға немесе дара кәсіпкер үшін не дербес сәйкестендіру нөмірі (ДСН) – Қырғыз Республикасының аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыратын және дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға үшін;

      Ресей Федерациясында – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН), ал заңды тұлға үшін – электрондық құжат түріндегі өтініште өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште бөлу белгісі "/" арқылы көрсетілетін есепке қою себебінің коды (ЕСК) (заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі үшін оқшауланған бөлімшенің орны бойынша берілетін ЕСК қойылады).

      17. Алушы, жөнелтуші және тауарлардың декларанты болатын тұлға туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі өтініште өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – өтініштің тиісті бағандарының жеке жолдарында көрсетіледі және мыналарды:

      1) заңды тұлға (ұйым) үшін:

      қысқаша (қысқартылған) немесе толық атауын;

      салықтық нөмірін (осы Тәртіптің 16-тармағына сәйкес);

      байланысу деректемелерін (осы Тәртіптің 18-тармағына сәйкес);

      2) ұйым болып табылатын шетелдік тұлға үшін:

      қысқаша (қысқартылған) немесе толық атауын;

      орналасқан жерін (осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес);

      байланысу деректемелерін (осы Тәртіптің 18-тармағына сәйкес);

      3) заңды тұлғаның (ұйымның) атынан әрекет ететін, заңды тұлға болып табылмайтын оқшауланған бөлімше үшін:

      құрылымдық бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның (ұйымның) қысқаша (қысқартылған) немесе толық атауын;

      құрылымдық бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның (ұйымның) салықтық нөмірін (осы Тәртіптің 16-тармағына сәйкес);

      құрылымдық бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның (ұйымның) орналасқан жерін (осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес) (Беларусь Республикасында көрсетілмейді);

      оқшауланған бөлімшенің қысқаша (қысқартылған) немесе толық атауын (атауы бар болған жағдайда);

      оқшауланған бөлімшенің орналасқан жерін (осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес);

      оқшауланған бөлімшенің салықтық нөмірін (осы Тәртіптің 16-тармағына сәйкес);

      байланысу деректемелерін (осы Тәртіптің 18-тармағына сәйкес);

      4) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін:

      тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

      осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес тұрғылықты жерін;

      салықтық нөмірін (осы Тәртіптің 16-тармағына сәйкес);

      байланысу деректемелерін (осы Тәртіптің 18-тармағына сәйкес);

      5) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға үшін:

      тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

      тұрғылықты жерін (осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес);

      салықтық нөмірін (шетелдік тұлғаны қоспағанда) (осы Тәртіптің 16-тармағына сәйкес);

      жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес);

      байланысу деректемелерін (осы Тәртіптің 18-тармағына сәйкес);

      сәйкестендіру нөмірін (бар болған жағдайда) (Беларусь Республикасы үшін) қамтиды.

      18. Тұлғаның байланысу деректемелері туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі өтініште өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – өтініштің тиісті бағанында ашық жер арқылы бір жолмен көрсетіледі және мыналарды:

      1) байланысу түрінің атауын (телефон, факс, электрондық пошта және т.б.);

      2) байланыс арнасының сәйкестендіргішін (телефон, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы және т.б.) қамтиды.

ІІ. Өтініштің бағандарын толтыру тәртібі

      19. "Өтініш" деген 1-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Электрондық құжат түріндегі өтінішті толтыру кезінде бағанда "ЭҚ" деген аббревиатура көрсетіледі. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтінішті толтыру кезінде баған толтырылмайды.

      20. "Өтініш беруші" деген 2-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес тауарлардың декларанты болатын тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Бағанның "а" кіші бөлімінде, егер өтініш беруші уәкілетті экономикалық оператор болып табылса, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілгені туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі. Өзге жағдайларда кіші бөлім толтырылмайды.

      Бағанның "b" кіші бөліміндегі "________дейін ТД беруге міндеттенеді" деген жолда Кодекстің 120 немесе 441-баптарына сәйкес кк.аа.жж форматында (бұл жерде және бұдан әрі – күн, ай, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифры) кеден органына ТД беру мерзімінің аяқталу күні көрсетіледі.

      21. "Парақтардың саны" деген 3-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Электрондық құжат түріндегі өтінішті толтыру кезінде баған толтырылмайды. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтінішті толтыру кезінде бірінші және барлық кейінгі парақтарын қоса алғанда, өтініш парақтарының жалпы саны көрсетіледі.

      22. "Рәсім" деген 4-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда мынадай схема бойынша қалыптастырылатын код көрсетіледі:

      XX XX

      ––––– –––––,

      1 2

      мұнда:

      1-элемент – кедендік рәсімдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес мәлімделетін кедендік рәсімнің 2 таңбалы коды;

      2-элемент – егер кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, тауарлар бұған дейін өзге кедендік рәсімге орналастырылған болса, кедендік рәсімдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес алдыңғы кедендік рәсімнің 2 таңбалы коды. Егер тауарлар бұған дейін өзге кедендік рәсімге орналастырылмаған болса, 2 нөл көрсетіледі: "00".

      23. "Барлық тауарлар" деген 5-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда мәлімделетін тауарлардың жалпы саны цифрлармен көрсетіледі.

      Армения Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында мәлімделетін тауарлардың жалпы саны өтініштің 18-бағанындағы не Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттардағы тауарлар атауларының жалпы санына сәйкес болуға тиіс (егер тауарлар туралы мәліметтер осы Тәртіптің 36-тармағына сәйкес көрсетуге жатпаса).

      Беларусь Республикасында мәлімделетін тауарлардың жалпы саны өтініштің 18-бағанындағы тауарлар атауларының жалпы санына сәйкес болуға тиіс.

      24. "Тауарлардың санаттары" деген 6-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда ТД берілгенге дейін тауарларды шығаруға мәлімделуі мүмкін тауарлар санаттарының сыныптауышына сәйкес тауарлар санаттарының коды көрсетіледі.

      25. "Жөнелтуші" деген 7-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес тауарларды тасымалдау соларға сәйкес басталған көліктік (тасымалдау) құжаттарында тауарларды жөнелтуші ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.

      26. "Алушы" деген 8-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда осы Тәртіптің 17-тармағына сәйкес тауарларды тасымалдау соларға сәйкес аяқталған көліктік (тасымалдау) құжаттарында тауарларды алушы ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Егер осы бағанда көрсетуге жататын мәліметтер өтініштің 2-бағанында көрсетуге жататын мәліметтерді (2-бағанның кіші бөлімдеріндегі мәліметтерді есептемей) қайталаса, бұл мәліметтер осы бағанға енгізілмейді. Бұл жағдайда электрондық құжат түріндегі өтініште мәліметтердің сәйкес келу белгісі көрсетіледі, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште "Өтініштің 2-бағанын қар." деген жазба жазылады.

      27. "Жөнелтуші ел" деген 9-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес жөнелтуші елдің коды көрсетіледі. Қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде өтініш беру кезінде әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес жөнелтуші елдің қысқаша атауы көрсетілуі мүмкін.

      Егер халықаралық тасымал бірнеше көліктік (тасымалдау) құжаттары бойынша жүзеге асырылса, бағанда өтініштің 8-бағанында көрсетілген алушының мекенжайына жеткізу үшін тауарлар тасымалдауға қабылданған бірінші елдің қысқаша атауы көрсетіледі.

      28. "Межелі ел" деген 10-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес межелі елдің коды көрсетіледі. Қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде өтініш беру кезінде әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес межелі елдің қысқаша атауы көрсетілуі мүмкін.

      29. "Алдыңғы құжат" деген 11-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжаттың коды және егер тауарлар өтініш берілгенге дейін кедендік рәсімге орналастырылған жағдайда (кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда), – тауарды өтініш берудің алдында кедендік рәсімге (кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда) орналастыру кезінде берілген ТД тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Бағанда кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжаттың коды және егер тауарлар өтініш берілгенге дейін кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған жағдайда, соның ішінде егер өтініш беруші көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды транзиттік декларация ретінде ұсынған жағдайда, – транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Бағанда кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында ТД берілгенге дейін мәлімделген тауарларға қатысты ұсынылған алдын ала ақпараттың коды және алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі, Ресей Федерациясында – егер тауарлар бұған дейін кедендік рәсімге, соның ішінде кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылмаған жағдайда, – Одақтың кедендік аумағына келгені туралы хабарламаның коды және осындай хабарламаның тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер электрондық құжат түріндегі өтініште өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – сызықша "–" белгісі арқылы көрсетілуге жатады.

      Егер тауарлар кедендік рәсімге орналастырылмаса және Кодексте және Еуразиялық экономикалық комиссияның актілерінде тауарларға қатысты алдын ала ақпарат ұсыну міндеттемесі белгіленбесе, баған толтырылмайды.

      30. "Жалпы брутто салмағы (кг)" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда оларға қатысты өтініш берілетін тауарлардың өтініштің 18-бағанының 6-колонкасында көрсетілген тауарлар салмақтарының қосындысы ретінде есептелген жалпы массасы брутто (кг) көрсетіледі.

      31. "Жалпы құны" деген 13-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда тауарлардың өтініштің 18-бағанының 7-колонкасында көрсетілген құндардың қосындысы ретінде алынған жалпы құны өтініштің 14-бағанында көрсетілген валютада цифрлармен көрсетіледі.

      Тауарлардың жалпы құнының мәні үтірден кейін 2 таңбаға дейінгі дәлдікпен математикалық қағидалар бойынша дөңгелектеледі.

      Қолма-қол валютаны декларациялаған жағдайда бағанда өткізілетін валютаның сомасы көрсетіледі.

      32. "Валюта" деген 14-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін шарт бағасы валютасының әріптік коды, ал Беларусь Республикасы үшін – валюталар сыныптауышына сәйкес мәлімделген тауарлардың құны айқындалатын төлем (бағалау) валютасының әріптік коды көрсетіледі. Егер шарттың (мәміленің) талаптарында бағаның 1-ден көп валютасы (төлем (бағалау) валютасы) көзделсе, бағаның валютасы (төлем (бағалау) валютасы) туралы мәліметтерді мәлімдеу кезінде бағаның басым валютасының (төлем (бағалау) валютасының) коды көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтінішті беру кезінде валюталар сыныптауышына сәйкес валютаның толық атауын көрсетуге жол беріледі.

      33. "Төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету" деген 15-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етудің ұсынылғаны туралы мәліметтер:

      кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсілдерінің сыныптауышына сәйкес қамтамасыз ету тәсілінің коды;

      қамтамасыз ету мөлшері;

      валюталар сыныптауышына сәйкес қамтамасыз ету мөлшері айқындалатын валютаның коды;

      қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжаттың нөмірі (бар болған жағдайда);

      қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжаттың берілген күні және қолданылу мерзімі (бар болған жағдайда) көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер электрондық құжат түріндегі өтініште өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – сызықша "–" белгісі арқылы көрсетілуге жатады.

      Егер өтініш беруші уәкілетті экономикалық оператор болып табылса, сондай-ақ Кодексте немесе мүше мемлекеттің заңнамасында өткізілетін тауарларға қатысты белгіленген кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті қамтамасыз ету ұсынылмайтын өзге де жағдайларда баған толтырылмайды.

      Армения Республикасында, егер өтінішпен бірге кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттар (банк кепілдігі, төлем тапсырмасы, кепілгерлік шарты және т.б.) ұсынылса, бұл баған толтырылмайды.

      Армения Республикасында қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтінішті беру кезінде бұл бағанда қамтамасыз ету тәсілінің коды және валютаның әріптік коды көрсетіледі.

      34. "Тауарлардың орналасқан орны" деген 16-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда өтініш беру сәтінде тауарлар орналасқан орын туралы мәліметтер (электрондық құжат түріндегі өтініште өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – жеке жолдарда):

      тауарлардың орналасу орындарының сыныптауышына сәйкес тауарлар орналасқан орынның коды;

      мүше мемлекеттерде қолданылатын кеден органдарының сыныптауыштарына сәйкес қызметінің өңірінде көрсетілген тауарлар орналасқан орын тұрған кеден органының коды;

      осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес тауарлар орналасқан орын немесе темір жол станциясының атауы (егер тауарлар орналасқан орын темір жол станциясының аумағында (кірме жолдарда) орналасса) немесе теңіз (өзен) портының атауы (егер тауарлар орналасқан орын теңіз (өзен) портының аумағында орналасса) немесе әуе өткізу пунктінің атауы (егер тауарлар орналасқан орын әуе өткізу пунктінің аумағында орналасса) немесе кедендік бақылау аймағының нөмірі (кедендік бақылау аймағының тіркеу нөмірі) (егер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік бақылау аймақтарының есебі жүргізілсе). Бұл ретте бағанда осы тармақтың алтыншы абзацында көзделген мәліметтер көрсетілмейді;

      егер тауарлар уақытша сақтау қоймасында, үй-жайларда, ашық алаңдарда және уәкілетті экономикалық оператордың өзге де аумақтарында болса, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгені, екінші немесе үшінші типтегі уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық оператор тізіліміне енгізілгені туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасында, егер тауарларды уақытша сақтау орны автокөлік немесе темір жол көлік құралы болып табылса, көлік және тауарлар тасымалдау түрлерінің сыныптауышына сәйкес көлік құралының коды және көлік құралдарының тіркеу нөмірлері көрсетіледі. Қағаз жеткізгіштегі өтініште көлік және тауарлар тасымалдау түрлерінің сыныптауышына сәйкес көлік құралы түрінің коды көрсетілгеннен кейін қос нүкте ":" белгісі қойылады, көлік құралдарының тіркеу нөмірлері ашық жерсіз бөлгіш белгі ";" арқылы көрсетіледі.

      Армения Республикасында баған толтырылмайды.

      35. "Өтінішті толтырған адам туралы мәліметтер" деген 17-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда өтінішті толтырған адам туралы мәліметтер және өтініш жасалған күн көрсетіледі.

      Егер кедендік операцияларды өтініш берушінің атынан оның тапсырмасы бойынша кеден өкілі жасаса, бағанның сол жақтағы кіші бөлімінде:

      кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес тұлғаның кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілгені туралы куәліктің коды немесе кеден өкілдерінің тізіліміндегі тұлғаның тіркеу нөмірі;

      тұлғаның кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілгені туралы куәліктің коды немесе кеден өкілдерінің тізіліміндегі тұлғаның тіркеу нөмірі;

      кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес сыртқы экономикалық мәміле жасау кезінде жасалған шарттың (келісімшарттың) коды;

      кеден өкілі мен өтініш берушінің арасында жасалған шарттың нөмірі;

      кеден өкілі мен өтініш берушінің арасында жасалған шарттың жасалған күні (кк.аа.жж форматында) көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер электрондық құжат түріндегі өтініште өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – жеке жолдарда 1 – 5 нөмірлерімен көрсетіледі.

      Егер өтініш беруді өтініштің 2-бағанында көрсетілген өтініш беруші жүргізсе, бағанның сол жақ кіші бөлімі толтырылмайды.

      Бағанның оң жақ кіші бөлімінде өтінішті толтырған жеке тұлға туралы және осы тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      өтініш берушінің немесе кеден өкілінің штат кестесіне сәйкес атқаратын лауазымы;

      байланысу деректемелері (осы Тәртіптің 18-тармағына сәйкес) және осы жеке тұлға білдіретін ұйымның электрондық поштасының мекенжайы;

      егер өтінішті өтініш берушінің немесе кеден өкілінің басшысы толтырса, өтініш берушінің немесе кеден өкілінің басшысының өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес, не егер өтінішті өтініш берушінің немесе кеден өкілінің жұмыскері толтырса, өтініш берушінің немесе кеден өкілінің атынан әрекет етуге берілетін сенімхаттың коды;

      өтініш берушінің немесе кеден өкілінің басшысының өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, не өтініш берушінің немесе кеден өкілінің атынан әрекет етуге берілетін сенімхаттың нөмірі;

      өтініш берушінің немесе кеден өкілінің басшысының өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың берілген күні (кк.аа.жж форматында) немесе өтініш берушінің немесе кеден өкілінің атынан әрекет етуге берілетін сенімхаттың берілген күні;

      егер мұндай мерзім белгіленсе, өтініш берушінің немесе кеден өкілінің атынан әрекет етуге берілетін сенімхаттың қолданылу мерзімі (кк.аа.жж форматында) көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер электрондық құжат түріндегі өтініште өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – жеке жолдарда көрсетіледі (осы тармақтың он алтыншы – он тоғызыншы абзацтарында көзделген ашық жер арқылы көрсетілетін мәліметтерді қоспағанда).

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініш беру кезінде өтінішті толтырған адам бағанның оң жақ кіші бөлімінде көрсетілетін мәліметтердің төменгі жағына өзінің қолтаңбасын, өтініштің толтырылған күнін (кк.аа.жж форматында) қояды және егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өтініш берушіде немесе кеден өкілінде мөр болуға тиіс болса, өтініште көрсетілген мәліметтерді өтініш берушінің немесе кеден өкілінің мөрімен куәландырады.

      36. "Тауарлар туралы мәліметтер" деген 18-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда өтініш оларға қатысты берілетін тауарлар туралы мынадай мәліметтер:

      1-колонкада – тауардың нөмірі;

      2-колонкада:

      тауардың атауы (сауда, коммерциялық немесе өзге де дәстүрлі атауы);

      тауарды ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес кемінде алғашқы 6 белгі деңгейіндегі бір кодқа жатқызуға мүмкіндік беретін оның сипаттамасы;

      тауар белгісі, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісінің тіркеу нөмірі (бар болған жағдайда) туралы мәліметтер – кеден органына өтініш берілетін мүше мемлекеттің кеден органы жүргізетін зияткерлік меншік объектілерінің тізіліміне енгізілген құрамында зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеу кезінде;

      егер ол кеден органына өтініш берілетін мүше мемлекеттің кеден органы жүргізетін зияткерлік меншік объектілерінің тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектісі болып табылса, тауар орналасқан орынның атауы көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер электрондық құжат түріндегі өтініште өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – жеке жолдарда көрсетіледі.

      3-колонкада – тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес кемінде алғашқы 6 белгі деңгейіндегі сыныптамалық коды (ашық жерлерсіз көрсетіледі);

      4-колонкада – егер ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес декларацияланатын тауарға қатысты қосымша өлшем бірлігі қолданылса, 5-колонкада көрсетілген қосымша өлшем бірлігіндегі тауар саны;

      5-колонкада:

      өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес қосымша өлшем бірлігінің шартты белгіленуі;

      өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес қосымша өлшем бірлігінің коды.

      Бұл мәліметтер электрондық құжат түріндегі өтініште өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – бөлу белгісі "/" арқылы көрсетіледі;

      6-колонкада – тауардың брутто массасы (кг). Брутто масса деп контейнерлерді және басқа да көлік жабдықтарын қоспағанда, тауар айналымға түскенге дейін оның жай-күйінің өзгеріссіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қаптаудың барлық түрлерін қоса алғандағы оның массасы түсініледі.

      Көрсетіліп отырған мән үтірден кейін 3 таңбаға дейінгі, ал егер тауардың жалпы массасы 1 граммнан аз салмақты құраса – үтірден кейін 6 таңбаға дейінгі дәлдікпен математикалық қағидалар бойынша дөңгелектеледі;

      7-колонкада – коды өтініштің 14-бағанында көрсетілген валютадағы коммерциялық құжаттарға сәйкес цифрлардағы тауардың құны.

      Тауар құнының мәні үтірден кейін 2 таңбаға дейінгі дәлдікпен математикалық қағидалар бойынша дөңгелектеледі.

      Қолма-қол валюта мәлімделген жағдайда өткізілетін валютаның сомасы көрсетіледі.

      8-колонкада – егер тауардың шығарылған жеріне қарай мүше мемлекеттердің бірі мәлімделетін тауарға қатысты біржақты тәртіппен қабылдаған оны әкелуге шектеулер белгіленген жағдайда, ал Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясында егер тауардың шыққан тегі туралы мәліметтер тыйым салулар мен шектеулердің сақталуына әсер ететін жағдайда, әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес тауарды шығарған елдің коды көрсетіледі.

      Электрондық құжат түріндегі өтінішті толтыру кезінде:

      егер тауарға салынған таңбада немесе коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және өзге де құжаттарда тауар шығарылған нақты ел көрсетілмесе, оның орнына тауардың Еуропалық одақтың аумағынан шығарылғаны туралы ақпарат қамтылса, "EU" деген латын әліпбиі әріптерінен тұратын 2 таңбалы код көрсетіледі;

      егер тауардың шыққан тегі белгісіз болса, кодтың орнына "00" деген цифрлар көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтінішті толтыру кезінде:

      колонкада әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес мәлімделетін тауар шығарылған елдің қысқаша атауы көрсетілуі мүмкін;

      егер тауарға салынған таңбада немесе оның құжаттарында тауарлар шығарылған нақты ел көрсетілмесе, оның орнына тауардың Еуропалық одақтың аумағынан шығарылғаны туралы ақпарат қамтылса, бағанда үлкен әріптермен "ЕУРООДАҚ" деген жазба жазылады;

      егер тауардың шыққан тегі белгісіз болса, бағанда үлкен әріптермен "БЕЛГІСІЗ" деген жазба жазылады.

      37. "Құжаттар туралы мәліметтер" деген 19-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес өтініш беруші өтінішпен бірге кеден органына ұсынуға жататын құжаттар туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі (бұл ретте бағанда құжаттар туралы мәліметтер іс жүзінде құжаттың өтінішпен бірге ұсынылатынына немесе Кодекстің 80-бабының 2-тармағының негізінде ұсынылмайтындығына қарамастан көрсетілуге жатады):

      1-колонкада – құжаттың реттік нөмірі;

      2-колонкада – кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжаттың коды;

      3-колонкада – өтініш беру кезінде құжаттың ұсынылғанын не ұсынылмағанын растайтын белгі:

      "1" – құжат ұсынылды;

      "2" – құжат ұсынылмады (кеден органына бұған дейін ұсынылды). Бұл жағдайда белгіден кейін осы құжат қоса берілген кедендік құжаттың реттік нөмірі, электрондық құжат түріндегі өтініште өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – бөлу белгісі "/" арқылы көрсетіледі;

      "3" – құжат ұсынылмады (тауарлар шығарылғанға дейін (тауарлардың шыққан тегі, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар үшін), тауарлар шығарылғаннан кейін (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы тауарлар шығарылғаннан кейін расталуы мүмкін болғанда) ұсынылатын болады. Бұл жағдайда белгіден кейін құжатты ұсыну жөніндегі міндеттемелер орындалуға тиіс болатын күн (кк.аа.жж. форматында) электрондық құжат түріндегі өтініште өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – бөлу белгісі "/" арқылы көрсетіледі;

      "4" – Кодекстің 80-бабының 2-тармағына сәйкес құжат ұсынылмады (кеден органының ақпараттық жүйелерінен алынуы мүмкін) (кеден органы беретін құжаттар үшін);

      "5" – Кодекстің 80-бабының 2-тармағына сәйкес құжат ұсынылмады (кеден органдары мен мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық өзара іс-қимылы шеңберінде мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) ақпараттық жүйелерінен алынуы мүмкін);

      4, 5 және 6-колонкаларда – тиісінше құжаттың атауы, күні (кк.аа.жж форматында) және құжаттың нөмірі. Егер құжатта жасалған күні және (немесе) нөмірі болмаса, онда 5 және 6-колонкаларға сызықша "–" қойылады;

      7-колонкада – қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште 18-бағанның 1-колонкасынан алынған тауардың нөмірі (тауарлардың нөмірлері), құжат ол туралы растайтын мәліметтер көрсетіледі. Тауарлардың реттік нөмірлері үтір арқылы көрсетіледі. Бірінен соң бірі келетін тауарлардың реттік нөмірлері сызықша "–" бөлу белгісі арқылы тиісті диапазонның бірінші және соңғы нөмірлерін қою жолымен көрсетіледі. Егер құжаттың барлық тауарларға қатысы болған жағдайда "Барлық тауарлар" деген жазба жазылады.

      Электрондық құжат түріндегі өтініште 7-колонка толтырылмайды. Тауарлар мен ұсынылатын құжаттардың арасындағы байланыстар өтініш құрылымының тиісті деректемелерінің арасындағы бағынышты байланыстарды айқындау арқылы белгіленеді.

ІІІ. Кеден органының өтініштің бағандарын толтыру тәртібі

      38. "А" бағаны мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанның сол жақ кіші бөлімінде өтініштің мынадай схема бойынша қалыптастырылған тіркеу нөмірі көрсетіледі:

      X……X/XXXXХХ/ЗВXXXXXХ

      ––––––– –––––––– –––––––––––– ,

      1 2 3

      мұнда:

      1-элемент – өтінішті тіркеген кеден органының мүше мемлекеттерде қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес коды.

      Армения Республикасында тауарларды декларациялау кезінде өтінішті тіркеген кеден органының Армения Республикасында қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес 2 таңбалы коды көрсетіледі.

      Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында өтінішті тіркеген кеден органының Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес 5 таңбалы коды көрсетіледі.

      Ресей Федерациясында тауарларды декларациялау кезінде өтінішті тіркеген кеден органының Ресей Федерациясында қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес 8 таңбалы коды көрсетіледі.

      2-элемент – ККААЖЖ форматындағы өтініштің тіркелген күні;

      3-элемент – өтінішті тіркеген кеден органы өтініштерді тіркеу журналы бойынша беретін, "ӨТ" әріптік символдарынан басталатын өтініштің реттік нөмірі (нөмірлеу әрбір күнтізбелік жылда 1-ден басталады).

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілетін өтініштің реттік нөмірінің барлық элементтері бөлу "/" белгісі арқылы көрсетіледі, элементтердің арасында ашық жер қалдыруға жол берілмейді.

      Өтініш беруді және тіркеуді тиянақтау, соның ішінде электрондық құжат түрінде берілетін өтініштің тіркеу нөмірі туралы мәліметтер электрондық түрде қалыптастырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтінішті беру кезінде де өтініштің тіркеу нөмірі өтініштің екінші парағының оң жақ жоғарғы бұрышына және қосымша парақтың (бар болған жағдайда) әрбір бетіне қойылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтінішті беру кезінде бағанның оң жақ кіші бөлімінде өтінішті тіркеген кеден органының жеке нөмірлік мөрінің бедерін қою арқылы осы лауазымды тұлғаның қолтаңбасымен куәландырылатын өтініштің берілген және оның тіркелген күні және уақыты (күні кк.аа.жж форматында және "/" бөлу белгісі арқылы 24 сағаттық форматтағы уақыт hh:mm (сағат және ":" бөлу белгісі арқылы минуттар)) қойылады.

      39. "С" бағаны мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанға кеден органының мәлімделген тауарларға қатысты қабылдаған шешімі туралы мәліметтер (белгілер), сондай-ақ жүргізілген кедендік бақылаудың нәтижелері жөніндегі мәліметтер (белгілер) енгізіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініш беру кезінде мәліметтер (белгілер) мынадай нөмірлермен:

      1 нөмірімен – егер Кодекстің 119-бабына сәйкес тауарларды шығару мерзімін ұзарту туралы шешім кеден органының лауазымды тұлғасының қолтаңбасы қойыла отырып қабылданса, тауарларды шығару мерзімі оған дейін ұзартылатын күн (кк.аа.жж форматында);

      2 нөмірімен – тауарлар шығарылған немесе тауарларды шығарудан бас тартылған күн (кк.аа.жж форматында) және "/" бөлу белгісі арқылы 24 сағаттық форматтағы уақыт hh:mm, не егер оны қою мүше мемлекеттің заңнамасымен көзделсе, "Шығаруға рұқсат етілді" не "Шығарудан бас тартылды" деген тиісті жазбаны немесе белгіні (мөртаңбаның бедері түрінде) енгізумен (қоюмен) тауарларды шығаруды тіркеу нөмірі;

      3 нөмірімен – жүргізілген кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша өзге де белгілер мен мәліметтер көрсетіледі.

      Электрондық құжат түріндегі өтініш беру кезінде 2 нөмірімен берілетін мәліметтер (белгілер) электрондық құжат түрінде, ал қалған мәліметтер – электрондық түрде қалыптастырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініш беру кезінде тауарларды шығару туралы не тауарларды шығарудан бас тарту туралы белгі өтініштің барлық парақтарына қойылады, кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша өзге де белгілер өтініштің бірінші бетіне ғана қойылады. Белгілер кеден органы лауазымдық тұлғасының қолтаңбасымен және осы лауазымды тұлғаның жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырылады.

      40. "D" бағаны мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда өтініштің 15-бағанында ол туралы мәліметтер көрсетілген өтініш беруші ұсынған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қабылдау туралы мәліметтер (белгілер), сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органы лауазымды тұлғасының өзге де мәліметтері (белгілері) көрсетіледі.

      Электрондық құжат түріндегі өтініш беру кезінде осы бағанда көрсетуге жататын мәліметтер (белгілер) электрондық түрде қалыптастырылады.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№171 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу немесе тіркеуден бас тарту
ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 120-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) тіркеу қағидаларын айқындайды.

      2. Өтінішті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекет, кеден органы) тауарларға арналған декларацияны беру кезінде тауарлардың декларанты болатын, кейіннен оған тауарларға арналған декларация берілетін және осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кедендік декларацияларды тіркеуге құқылы болатын тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) береді.

      Өтінішті өтініш берушінің атынан және оның тапсырмасы бойынша кеден өкілі беруі мүмкін.

      3. Өтінішті беру, тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту кеден органының ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып, өтініштерді тіркеу журналына жазылады (кеден органының ақпараттық ресурсына енгізіледі).

      Өтініштерді тіркеу журналдарының нысаны және тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.

      4. Өтініштің берілген күнін және уақытын кеден органы ақпараттық жүйені пайдалана отырып тіркейді.

      Электрондық құжат түрінде өтініш беру кезінде кеден органы өтініш берушіні өтінішті электрондық нысанда беру күні мен уақыты туралы хабардар етеді.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде өтініш беру кезінде кеден органы өтініштің "А" бағанының оң жақ кіші бөлімінде кк.аа.жж форматында (күн, ай, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифры) өтініш беру күнін және "/" бөлу белгісі арқылы hh:mm форматындағы (сағат және ":" бөлу белгісі арқылы минуттар) уақытын қояды.

      5. Өтінішті беру кезінде кеден органы Кодекстің 120-бабының 12-тармағында көзделген өтінішті тіркеуден бас тарту үшін негіздемелердің болуын немесе жоқтығын тексереді.

      Көрсетілген тексеруді жүргізгеннен кейін кеден органы өтініш берілген сәттен бастап кеден органының жұмыс уақытының 1 сағатынан кешіктірмей өтінішті тіркейді немесе оны тіркеуден бас тартады.

      Егер өтініш электрондық құжат түрінде берілген және кеден органының ақпараттық жүйесіне оның жұмыс уақыты аяқталғанға дейін 1 сағатқа жетпейтін уақытта келіп түскен жағдайда, мұндай өтінішті тіркеу немесе оны тіркеуден бас тарту осы кеден органының келесі жұмыс күніндегі жұмыс уақыт басталған сәттен бастап 1 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.

      6. Өтінішті тіркеуден бас тарту үшін негіздемелер болмаған жағдайда кеден органы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібінде белгіленген тәртіппен қалыптастырылатын тіркеу нөмірін беру жолымен кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып тіркейді.

      Электрондық құжат түрінде берілген өтінішті тіркеуден бас тарту үшін негіздемелер болмаған жағдайда, кеден органы оның тіркелгені туралы, сондай-ақ оған берілген тіркеу нөмірі, оның берілген күні және уақыты туралы өтініш берушіні электрондық нысанда хабардар етеді.

      7. Өтінішті тіркеуден бас тарту туралы негіздемелер болған жағдайда кеден органы өтінішті тіркеуден бас тартудың себептерін, күнін және уақытын көрсете отырып, өтінішті тіркеуден бас тартуды ресімдейді.

      Электрондық құжат түрінде өтініш беру кезінде оны тіркеуден бас тартуды кеден органы ақпараттық жүйені пайдалана отырып ресімдейді және оны өтініш берушіге электрондық нысанда жібереді.

      Егер өтініш қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген жағдайда, оны тіркеуден бас тартуды кеден органының лауазымды тұлғасы өтініштің негізгі бетінің келесі жағына ресімдейді және оны жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырады.

      8. Егер өтінішті тіркеуден бас тарту өтініш берушіге электрондық құжат түрінде жіберілген жағдайда, олардың алынған күні және уақыты өтініш берушінің ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып тіркеледі. Өтініш беруші көрсетілген күн және уақыт туралы кеден органын электрондық нысанда хабардар етеді.

      9. Қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген өтінішті тіркеуден бас тартылған жағдайда, өтініштің бір данасы кеден органында қалады, екіншісі – өтініш берушіге қайтарылады.

      Бұл жағдайда өтініш беруші тегін және аты-жөнін көрсете отырып, кеден органында қалатын данадағы өтінішті алу күнін және уақытын (сағатын және минутын) қояды және осы жазбаны өзінің қолтаңбасымен куәландырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады