Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіне Қырғызстан Республикасынан өкіл туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 22 Өкімі

      1. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 23-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 3 – 5-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіне Қырғызстан Республикасынан өкіл - Қырғыз Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 тамыздағы №154 Жарлығына сәйкес қажетті өкілеттіктер берілген Қырғыз Республикасының Бірінші вице-премьер-министрі Толкунбек Сагынбекович Абдыгулов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске ұсынылсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан
















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады