Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жұмыс күшіне іріктеп зерттеулер жүргізу кезінде ұлттық еңбек нарықтарының жай-күйінің мониторингі үшін басты көрсеткіштердің жинамын қалыптастыру бөлігінде стандартты қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 2 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 12-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жұмыс күшіне статистикалық зерттеулер жүргізу кезінде еңбек нарығы көрсеткіштерінің салыстырмалылығын қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде олардың нәтижелерін қорыту мақсаттарында

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында осы Ұсыным жарияланған күннен бастап, 19-шы Халықаралық еңбек статистиктері конференциясында қабылданған және htt;//www.eurasiancommission.org/ru/act/integr_i_makroec/der_stat/metadata/metadata/Pages/recommendations,aspx/. - мекен-жайы бойынша мәтіндері Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналасқан, Еңбек қызметі, жұмыспен қамту және жұмыс күшін жете пайдаланбау статистикасы туралы қарарға сәйкес әзірленген ұсынымдарды басшылыққа алуды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады