Еуразиялық даму банкінің тиісті жобаларды қаржыландыруының орындылығы ескеріле отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кооперациялық ынтымақтастығының өзара тиімді бағыттарының тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 2 ұсынымы

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының 4.1.3-тармағын және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 17 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі актілер мен іс-шараларды әзірлеу жоспарының 9-тармағын іске асыру мақсатында

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап қосымшаға сәйкес тізбе бойынша өзара тиімді бағыттарға орай кооперациялық ынтымақтастықты жүзеге асыруды ұсынады.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
В. Габриелян

Беларусь
Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан
Республикасынан
А. Мамин

Қырғыз
Республикасынан
О. Панкратов

Ресей
Федерациясынан
И. Шувалов

  Еуразиялық экономикалық
Комиссия Кеңесінің
2017 жылғы 3 наурыздағы
№ 2 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық даму банкінің тиісті жобаларды қаржыландыруының орындылығы ескеріле отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кооперациялық ынтымақтастығының өзара тиімді бағыттарының ТІЗБЕСІ

      1. Металлургиялық өндіріс және дайын металл бұйымдарының өндірісі

      2. Химия өндірісі

      3. Қағаз, қағаз өнімі өндірісі және баспа қызметі

      4. Сүрек өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісі

      5. Машиналар мен жабдықтар өндірісі.

      6. Электр жабдықтары, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі

      7. Резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісі

      8. Жеңіл өнеркәсіп.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады