Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басым салаларының бірлесіп өндірген өнімін үшінші елдердің нарығына ілгерілету жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқтандағы № 3 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 17 наурыздағы №17 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі актілер мен іс-шараларды әзірлеу жоспарының 20-тармағын іске асыру мақсатында, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының (бұдан әрі – Негізгі бағыттар) 4.3-тармағына, Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №27 қосымша) 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) Негізгі бағыттарға №1 қосымшаға сәйкес басымдығы айқындалған өнеркәсіп салаларында (бұдан әрі – басым салалар) өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуы, мұндай салалардың өнімін үшінші елдердің нарығына ілгерілету жөнінде шаралар қабылдауы үшін қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын назарға ала отырып,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап:

      1.Еуразиялық экономикалық комиссияның үйлестіруі арқылы басым салалардың өнімін үшінші елдердің нарығына ілгерілету үшін "бірлесіп өндірген өнім" ұғымын айқындауды

      2. Қосымшаға сәйкес тізбені басым салалардың бірлесіп өндірген өнімін үшінші елдердің нарығына ілгерілету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және іске асыру кезінде назарға алуды

      3.2018 жылғы 1 маусымға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға осы Ұсынымды іске асыру жөнінде ұсыныстар жіберуді ұсынады.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

В. Габриелян

В. Матюшевский

А.Мамин

Т.Абдыгулов

И. Шувалов

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2017 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 3 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басым салаларының бірлесіп өндірген өнімін үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету жөніндегі іс-шаралар
ТІЗБЕСІ

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) даму институттарымен, халықаралық даму банктерімен бірлесіп Дүниежүзілік сауда ұйымының нормалары мен қағидаларына сәйкес келетін мүше мемлекеттердің басым салаларының бірлесіп өндірген өнімін үшінші елдердің нарықтарына ілгерілетумен байланысты мұндай өнімді өндірушілерге шығындар бөлігіндегі өтемақы туралы мәселені пысықтауды қоса:

      экспортқа бағдарланған өнімді әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен;

      экспортқа бағдарланған өнім өндірісі үшін кредиттер жөніндегі пайыздық ставкамен;

      халықаралық стандарттар негізінде өнім өндірісіне озық әдістемелер мен сапаны басқару жүйелерін ендірумен;

      көрме-жәрмеңкелік және экспозициялық қызметке қатысумен байланысты қаржылық қолдау шараларын кеңейту, қаржылық қызметтер көрсетудің қол жетімділігін қамтамасыз ету механизмдерін әзірлеу.

      2. Үшінші елдердің, соның ішінде бір жағынан Одақ пен оған мүше мемлекеттердің, екінші жағынан үшінші елдердің арасындағы еркін сауда аймақтарын құру туралы келісім жасасылған немесе келісім жасасу жоспарланып отырған елдердің аумақтарында (кооперацияны дамыту және құрастыру өндірістерінің, сервистік қызмет көрсету орталықтарының, сауда үйлерінің өнеркәсіптік ынтымақтастығы тұрғысынан перспективалы) бірлескен ифрақұрылым құру туралы мәселені пысықтау.

      3. Мүше мемлекеттердің көлік-логистикалық және порт инфрақұрылымын үшінші елдердің нарықтарына өнімдер жеткізуді оңтайландыру үшін пайдалану мүмкіндігін пысықтау.

      4. Одақтың кедендік аумағында бірлескен сынақ зертханалары мен орталықтарын құруды, өнімнің үшінші елдердегі сәйкестігін растауға жәрдемдесу мақсатында үшінші елдердің сынақ зертханаларымен және орталықтарымен ынтымақтастықты дамытуды айқындау.

      5. Мүше мемлекеттердің экспортты қолдау жөнінде қызметтер көрсетуге уәкілетті ұйымдарының, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі сауда өкілдіктерінің қатысуымен өнім өндірушілерді ақпараттық-консультациялық қолдау саласында өзара іс-қимыл механизмін айқындау, соның ішінде:

      үшінші елдердің перспективалы нарықтарына (нарық әлеуетін және нысаналы клиенттерді бағалау), үшінші елдер заңнамасының әкелінетін тауарларға қоятын талаптарына (сертификаттауға, лицензиялауға қойылатын талаптар, кедендік әкелу бажының мөлшері, мүмкін болатын тыйымдар мен шектеулер);

      жаңа өнімдерді жасау мен жаңа нарықтарды игеру мақсатында қосылған құнның халықаралық тізбегінде ұлттық өндірушілердің сап түзеуі үшін перспективалы бағыттарды айқындау мақсатында Одақтың жалпы нарығына талдау жүргізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады