Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 20 шешімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаға мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 17 және 171-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес шаралар қолдану туралы (осы қосымшаның 171-тармағын ескере отырып екіжақты қорғау шараларын және триггерлік қорғау шараларын қолдану туралы шешімдер қабылдауды қоспағанда) және оларды қолдану тәртібі туралы шешімдер қабылдау.

      171. Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес үшінші мемлекетпен, халықаралық ұйыммен немесе халықаралық интеграциялық бірлестікпен өтемақы беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда екіжақты қорғау шараларын қолдану туралы шешімдер қабылдау не Комиссия Алқасының көрсетілген шараларды қолдану туралы шешім қабылдамауы, сондай-ақ, егер осы тармаққа сәйкес оларды қолдану туралы шешімді Комиссия Кеңесі қабылдаса, көрсетілген шараларды ұзарту, өзгерту және жою туралы шешім қабылдау.";

      б) мынадай мазмұндағы 136-тармақпен толықтырылсын:

      "136. Одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен жасасқан халықаралық шарттарының ережелеріне сәйкес Одақ тарапынан байланысу пункті функцияларын жүзеге асыруға жауапты болатын органды айқындау.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады