Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін полимер жабыны бар металл прокатына қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданылуын ұзарту және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 45 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 14 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 49 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шаралардың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жүргізілген қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 49 шешімімен белгіленген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін Қытай Халық Республикасында шығарылатын полимер жабыны бар металл прокатына қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданылуы қоса алғанда 2023 жылғы 22 қаңтарға дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағында полимер жабыны бар металл прокатын өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша іс-шаралар туралы" 2012 жылғы 24 мамырдағы № 49 шешіміне қосымшаға мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "(ҚХР, Ляонин провинциясы, Аншань қаласы, Кяньшань ауданы, 1 Кяньшань Роуд Уест)" деген сөздер "(Angang Production Area, Tiexi District, Anshan City, Liaoning Province, China)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(ҚХР, Ляонин провинциясы, Дальян қаласы, Женпенг Индастриал Сити 1-4-5)" деген сөздер "(Zhenpeng Industrial City 1-4-5, Dalian ETDZ, Liaoning Province, China)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(ҚХР, Гуан провинциясы, Шандонг қаласы, Женксинг Ист Роуд 389)" деген сөздер "(No. 389, Zhenxing East Road, Guan County, Shandong, China)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары:

      демпингке қарсы баждарды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 49 шешімінде көзделген мөлшерде өндіріп алуды қамтамасыз етсін;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 45 шешіміне сәйкес алдын ала демпингке қарсы баждарды өндіріп алу үшін белгіленген тәртіпте төленген (өндіріп алған) демпингке қарсы баждардың сомасын демпингке қарсы баждарға есепке алуды және олар төленген (өндіріп алған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есептеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін полимер жабыны бар металл прокатына қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданылуын ұзарту туралы" 2017 жылғы 11 мамырдағы № 45 шешіміне күші жойылды деп танылсын.

      5.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады