Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Лифтілердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ТР ТС 011/2011) сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі және зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Лифтілердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ТР ТС 011/2011) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 93 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Лифтілердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ТР ТС 011/2011) сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі;

      зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Лифтілердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ТР ТС 011/2011) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі бекітілсін.

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы "Кеден одағының "Лифтілердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдау туралы" № 824 шешімінің 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 29 мамырдағы
№ 93 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Лифтілердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ТР ТС 011/2011) сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі

Р/с

Кеден одағының техникалық реттеуінің құрылымдық элементі немесе объектісі

Стандарттың белгіленімі мен атауы

Ескертпе

1

2

3

4

1

2-бап

МемСТ 33605-2015 "Лифтер. Терминдер мен анықтамалар"


2

4-баптың 1-тармағы және 1-қосымшаның
1-тармағы

МемСТ 33984.1-2016 (EN 81-20:2014) "Лифтер. Құрылымына және орнатуға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары. Адамдарды немесе адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған лифтер"

01.11.2018 бастап қолданылады

3

МемСТ Р 53780-2010 (ЕН 81-1:1998, ЕН 81-2:1998) "Лифтер. Құрылымына және орнатуға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары"

адамдарды немесе жүктерді және жүктерді тасымалдауға арналған лифтердің құрылысына және орнатуға қойылатын қауіпсіздік талаптары бөлігінде – 15.02.2020 дейін; жүктерді тасымалдауға арналған лифтердің құрылымына және орнатуға қойылатын қауіпсіздік талаптары бөлігінде –01.11.2018 дейін қолданылады

4

СТБ EN 81-1-2006 "Конструкциясына және орнатуға қойылатын қауіпсіздік талаптары. 1-бөлім. Электр лифтері"

31.12.2019 дейін қолданылады

5

МемСТ Р 56943-2016 "Лифтер. Құрылымына және орнатуға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары. Жүктерді тасымалдауға арналған лифтер"

01.11.2018 бастап қолданылады

6

4-баптың 1-тармағы және 1-қосымшаның 2-тармағы

МемСТ 33652-2015 (ЕN 81-70:2003) "Жолаушылар лифтері. Мүгедектер мен халықтың қозғалысы шектелген басқа топтары үшін қолжетімділікті қоса алғанда, қолжетімділіктің техникалық талаптары"


7

СТБ EN 81-70-2008 "Лифтердің конструкциясына және орнатуға қойылатын қауіпсіздік талаптары. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған лифтердің арнайы қолданылуы. 70-бөлім. Өмір сүру мүмкіндіктері шектелген жолаушыларды қоса алғанда, лифтердің жолаушылар үшін қолжетімділігі"


8

4-баптың 1-тармағы және 1-қосымшаның 3-тармағы

МемСТ Р 52382-2010 (ЕН 81-72:2003) "Жолаушы лифтері. Өрт сөндірушілерге арналған лифтер"


9

4-баптың 1-тармағы және 1-қосымшаның
4-тармағы

МемСТ Р 53780-2010 (ЕН 81-1:1998, ЕН 81-2:1998) 5.5.3.21-тармағы "Лифтер. Құрылысына және орнатуға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары"

15.02.2020 дейін қолданылады

10

4-баптың 1-тармағы және 1-қосымшаның
5-тармағы

МемСТ 33653-2015 (ЕN 81-71:2005) "Жолаушы лифтері. Вандализмнен қорғалу талаптары"


11

СТ РК 1870-2009 "Жолаушы лифтері. Вандализмнен қорғалу талаптары"


12

6-баптың 2.5-тармағы

МемСТ Р 53387-2009 (ИСО/ТC14798:2006) "Жолаушы лифтері, эскалаторлар, конвейерлер. Тәуекелді талдау және төмендету әдістемесі"


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 29 мамырдағы
№ 93 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Лифтілердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ТР ТС 011/2011) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі

Р/с

Кеден одағының техникалық реттеуінің құрылымдық элементі немесе объектісі

Стандарттың белгіленімі мен атауы

Ескертпе

1

2

3

4

1

6-баптың 1 және 2-тармақтары

МемСТ 33984.2-2016 "Лифтер. Сертификаттау кезіндегі зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістері. Үлгілерді іріктеп алу қағидалары"

01.11.2018 бастап қолданылады

2

МемСТ Р 53781-2010 "Лифтер. Лифтерді сертификаттау кезіндегі зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістері. Үлгілерді іріктеп алу қағидалары"

01.11.2018 дейін қолданылады

3

МемСТ 33984.3-2017 "Лифтер. Лифтердің қауіпсіздік құрылғыларын сертификаттау кезіндегі зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістері. Үлгілерді іріктеп алу қағидалары"

01.11.2018 бастап қолданылады

4

6-баптың
3-тармағы

МемСТ Р 53782-2010 "Лифтер. Пайдалануға берген кезде лифтердің сәйкестігін бағалау қағидалары мен әдістері"


5

6-баптың 4 және 5-тармақтары

МемСТ Р 53783-2010 "Лифтер. Пайдалану кезеңінде лифтердің сәйкестігін бағалау қағидалары мен әдістері"


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады