Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау бөлігінде міндеттемелерін орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 152 шешімі

      Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына сәйкес басқару тұтқасы бар электр арбаларын сыныптау бөлігінде міндеттемелерін орындау мониторингі нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Ресей Федерациясына Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына сәйкес басқару тұтқасы бар электр арбаларын сыныптау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 3-тармағын және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 30 маусымдағы "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша басқару тұтқасы бар электр арбасын сыныптау туралы" №70 шешімін орындау қажеттігі туралы хабарлансын.

      2. Ресей Федерациясы Үкіметінен қабылданған шаралар туралы осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады