Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден шығарылатын тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат ету туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 20 өкімі

      Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша) 30-тармағын және көрсетілген Шарттың 28-бабының 1-тармағын орындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден шығарылатын тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат ету мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2018 жылғы 1 тамызға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден шығарылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде оларға қатысты мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат етуге тыйымдар белгіленген жекелеген тауарларға рұқсат ету туралы ұсыныстар жіберу сұралсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер берген ұсыныстарды талқылау мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары өкілдерінің қатысуымен консультациялар өткізсін және нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысында баяндасын.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян В.Матюшевский А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады