Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден шығарылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді Ресей Федерациясындағы мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуға қатысуға жіберу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 43 өкімі

      Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша) 30-тармағын орындау үшін және аталған Шарттың 28-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында:

      1. Ресей Федерациясы Үкіметінен:

      2019 жылғы 1 қаңтарға дейін электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден шығарылатын дерекқордың бірыңғай тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізуді қамтамасыз ететін "Электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және дерекқордың тізілімі" федералдық мемлекеттік ақпараттық жүйесін құруды тездету, тізілім операторын айқындау және Ресей Федерациясының Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі жанынан бағдарламалық қамтамасыз ету жөнінде сарапшылық кеңес құру;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ оған бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтерді қосу туралы өтініштерді қабылдау сұралсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия 2018 жылғы 1 қазанға дейін Ресей Федерациясы Үкіметіне Ресей Федерациясының Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі жанындағы бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі сарапшылық кеңестің құрамына енгізу үшін кандидатуралар туралы ұсыныс берсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) К.А.Минасян осы Өкімнің орындалу мониторингін қамтамасыз етсін.

      4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады