Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру мақсатында статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру үшін экономикалық қызмет түрлерінің жинақталған сыныптау топтамалары туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 17 шілдедегі № 10 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру мақсатында статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 12-тармағына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап "2-ред. Еуропалық экономикалық қоғамдастықтағы экономикалық қызмет түрлерінің статистикалық сыныптауышы (КДЕС 2-ред.)" және "4-ред. Экономикалық қызметтің барлық түрлерінің халықаралық стандарттық салалық сыныптауышы (ХССС 4-ред.)" халықаралық стандарттарын тізбесі Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында: http://eec.eaeunion.org/ru/act/integr_i_makroec/dep_stat/union_ stat/metadata /Pages/classification.aspx мекенжайы бойынша орналастырылған экономикалық қызмет түрлерінің жинақталған сыныптау топтамалары бөлігінде қолдануды қамтамасыз етуді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады