Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру мақсатында статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы тауарларының жинақталған сыныптау топтамасы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 3 желтоқсандағы № 27 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру мақсатында статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 12-тармағына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап Ақпараттық қоғамды өлшеу жөніндегі ЭЫДҰ нұсқаулығын (2011) тізбесі Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында: http://eec.eaeunion.org/ru/act/integr_i_makroec/dep_stat/info/Documents/groupings_2.pdf. мекенжайы бойынша орналастырылған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы тауарларының жинақталған сыныптау топтамасы бөлігінде қолдануды қамтамасыз етуді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады