Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберінде Ресей Федерациясының міндеттемелерді орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 31 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 526 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімдердің бірыңғай тізбесіне енгізілмеген өнімге қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберінде Ресей Федерациясының өз заңнамасында міндетті талаптарды белгілеу бөлігінде міндеттемелерді орындауы мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Ресей Федерациясы Үкіметінің "Міндетті сертификаттауға жататын өнімнің бірыңғай тізбесін және сәйкестігін растау сәйкестік туралы декларацияны қабылдау нысанында жүзеге асырылатын өнімнің бірыңғай тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 982 қаулысын іске асыру кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 1-тармағын:

      спорт ойындарына арналған мүкәммалдың;

      сейфтердің, соның ішінде депозиттік және жеке сейфтердің;

      жабылатын құрылғылардың, соның ішінде сейфтік құлыптар мен қорғаныш конструкцияларына арналған құлыптардың;

      күннен қорғайтын көзілдіріктердің сәйкестігін міндетті түрде растау жөніндегі талаптар бөлігінде орындау қажеттігі туралы Ресей Федерациясы хабардар етілсін.

      2. Осы Шешім күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Ресей Федерациясының Үкіметінен қабылданған шаралар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады