Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің алюминий электролизіне арналған көмір-графит өнімінің жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 32 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) алюминий электролизіне арналған көмір-графит өнімінің жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай мазмұндағы 52С және 53С ескертпелермен толықтырылсын:

      "52С) Кедендік әкелу бажының кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 32 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 30.04.2020 дейінгі аралықта қолданылады.";

      "53С) Кедендік әкелу бажының кедендік құнның 5 (бес) % мөлшеріндегі ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 32 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 30.04.2020 дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 19 наурыздағы
№ 32 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТК коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не евромен не АҚШ долларымен)

8545 19 000 0

– – 

өзгелері

552С)

8545 90 900 0

– – 

өзгелері

12,553С)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады