Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына уәкілетті өкілдері кіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 64 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 48-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 283 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына уәкілетті өкілдері кіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) І бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "I. Армения Республикасынан

      1. Армения Республикасының Мемлекеттік кіріс комитеті.

      2. Армения Республикасының Экономикалық даму және инвестициялар министрлігі.

      3. Армения Республикасының Денсаулық сақтау және еңбек саласының инспекциялық органы.

      4. Армения Республикасы Үкіметі жанындағы Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі инспекциялық орган.

      5. Армения Республикасының Ұлттық қауіпсіздік қызметі.";

      б) ІІІ бөлімнің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады