Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 12-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 14 мамырдағы № 73 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 105-бабының 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы "Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы" № 263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәрітібі туралы нұсқаулықтың 12-тармағы мынадай мазмұндағы 123-тармақшамен толықтырылсын:

      "123) егер бұрын мұндай тауарлар арнайы кедендік рәсімге орналастыру кезінде тізбе ұсыныла отырып декларацияланған болса, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін (өткізілген) және арнайы кедендік рәсімге орналастырылатын, сондай-ақ арнайы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау мақсатында реэкспорт кедендік рәсіміне орналастырылатын WorldSkills ("Ворлдскиллс") кәсіби шеберлік бойынша ресми халықаралық жарыстар іс-шараларын, Жаңа кезеңнің Халықаралық Ганзей күндері шеңберінде ресми халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде ғана пайдалануға арналған шетелдік тауарлар;".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады