Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ванадий-алюминий лигатурасына қатысты өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 9 шілдедегі № 113 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан қосалқы позиция алып тасталсын:

      б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына қосалқы позициялар қосылсын;

      в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 55С ескертпесімен толықтырылсын:

      "55С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставасы 01.01.2020 бастап қоса алғанда 31.12.2021 дейінгі аралықта қолданылады.".

      2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің дамушы елдерден немесе ең нашар дамыған елдерден шығарылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағына әкелу кезiнде оларға қатысты тарифтiк преференциялар берілетін тауарлар тізбесінің ІІ бөліміне ванадий-алюминий лигатурасына қатысты өзгеріс енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 9 шілдедегі
№113 шешіміне
№1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қос. өлш.бірл.

8112 92 910 0

---------ванадий


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 9 шілдедегі
№113 шешіміне
№2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына қосылатын ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қос. өлш.бірл.

8112 92 910

– – – – – ванадий:


8112 92 910 1

– – – – титан құймаларын, қорытпасын және слябтарды өндіруге арналған ванадий-алюминий лигатурасы5)


8112 92 910 9

– – – – өзгесі


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 9 шілдедегі
№113 шешіміне
№3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не еуромен, не АҚШ долларымен)

8112 92 910 1

– – – – – – титан құймаларын, қорытпасын және слябтарды өндіруге арналған ванадий-алюминий лигатурасы5)

1055С)

8112 92 910 9

– – – – – – өзгесі

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады