Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тұтас илемденген болатдоңғалақтарға қатысты демпингке қарсы шараларды уақытша қолданбау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 125 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 272-тармағына сәйкес және 2019 жылғы 19 маусымдағы Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті директорының № 9 бұйрығына сәйкес басталған, демпингке қарсы қайта тексеру шеңберінде мүдделі тұлғалар ұсынған ақпараттарды талдау нәтижелері бойынша әзірленген Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің қорытындысы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тұтас илемденген болат доңғалақтарға қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 170 шешімінде белгіленген демпингке қарсы шаралар осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2020 жылғы 1 маусымға дейінгі аралықта қолданылмасын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 170 шешімінде көзделген демпингке қарсы бажды өндіріп алуды осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген кезеңде жүзеге асырмасын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
К. Минасян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады