Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қатысты тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің анықтамалығы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 14 қазандағы № 182 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қатысты тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.

      2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3. Мынадай:

      анықтама осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      анықтамалықтың кодтық белгіленімдерін пайдалану Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ветеринарлық-санитариялық шараларды қолдану саласындағы жалпы процестерді іске асыру кезінде міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 14 қазандағы
№ 182 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қатысты тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

I. Анықтамалықтан ізеуірттелген мәліметтер

Қызмет түрінің коды

Қызмет түрінің атауы

01

өсіру

05

дайындау

10

карантиндеу

15

қайта өңдеу

20

өндіру

25

өсіру

30

өткізу

35

сою

40

сақтау

II. Анықтамалық паспорты

Р/с №

Элементтің белгіленімі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Код

024

2

Тип

1 – анықтамалық

3

Атауы

ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қатысты тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің анықтамалығы

4

Аббревиатура

ВБҚТА

5

Белгіленімі

ЕК 024-2019 (1-ред.)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 14 қазандағы № 182 шешімі

7

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізу (қолдануды бастау) күні

16 қараша 2019 ж.

8

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталу күні

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Мақсаты

анықтамалық ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қатысты тұлғалар жүзеге асыратын негізгі қызмет түрлерін жүйелендіруге және кодтауға арналған

12

Аннотация (қолдану саласы)

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін электрондық құжаттарды (мәліметтерді) қалыптастыру кезінде пайдаланылады

13

Түйін сөздер

ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын қызмет түрлері, ветеринариялық бақылау (қадағалау)

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

ветеринариялық-санитариялық шаралар

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану

2 – анықтамалықты әзірлеу кезінде халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштар және (немесе) стандарттар пайдаланылмады

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы

2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогы жоқ

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

1 – жүйелеудің реттік әдісі

18

Жүргізу әдістемесі

1 – Орталықтандырылған жүргізу әдістемесі. Анықтамалық мәндерін қосуды өзгертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес оператор орындайды. Оператор өзекті мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесінің ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етеді. Мән алып тасталған жағдайда анықтамалық Еуразиялық экономикалық комиссияның анықтамалық жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін актісі туралы мәліметтер көрсетіле отырып, алып тасталған күннен бастап жарамсыз ретінде жазбасы белгіленеді. Анықтамалық кодтары бірегей болып табылады, анықтамалық кодтарын, оның ішінде жұмыс істемейтін кодтарды қайта пайдалануға жол берілмейді.

19

Құрылымы

анықтамалықтың құрылымы туралы ақпарат (жолдардың құрамы, олардың мәндерінің саласы және қалыптастыру қағидалары) осы құжаттың III бөлімінде көрсетілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

анықтамалықтан алынған мәліметтер ашық қол жеткізу ақпаратына жатады

21

Қайта қараудың белгіленген кезеңділігі

анықталмаған

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме

анықтамалықтан егжей-тегжейлі мәліметтер осы құжаттың I бөлімінде келтірілген

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтер ұсыну тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

III. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы

      1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің саласын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.

      2. Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мынадай жолдар (бағандар) қалыптасады:

      "деректеменің атауы" - деректеменің реттік нөмірі және қалыптасқан

      немесе оның ресми сөздік белгіленімі;

      "деректеме мәнінің саласы" - деректеменің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" - деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерінің сөздік сипаттамасы;

      "көпт." - деректеменің көптігі (міндеттілігі (опционалдығы) және деректеменің ықтимал қайталануының саны).

      3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгіленімдер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      N – деректеме міндетті, n рет қайталануы тиіс (n > 1);

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы тиіс (n > 1);

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен артық емес қайталануы тиіс (n > 1, m > n);

      0..1 – деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – реквизит опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..m – деректеме опционалды, m реттен артық емес қайталануы мүмкін (m > 1).

      Кесте

Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Қызмет түрі туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1. Қызмет түрінің коды

[0-9]{2} шаблонына сәйкес символдар жолы

кодтық белгіленім кодтаудың реттік әдісі пайдаланыла отырып қалыптастырылады

1

1.2. Қызмет түрінің атауы

Символдар жолы.
Ең төмен ұзындық: 1.
Ең жоғары ұзындық: 1000

орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптасады

1

1.3. Анықтамалық (сыныптауышы) жазбасы туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.3.1. Қолданысының басталу күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес күні

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданылуының басталу күніне сәйкес келеді

1

1.3.2. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасының қолданылуының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.3.2.1. Актінің түрі

Символдардың қалыпты жолы.
Шаблон: \d{5}

халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілер түрлерінің сыныптауышына сәйкес актінің кодтық белгіленімі

1

1.3.2.2. Актінің нөмірі

Символдар жолы.
Ең төмен ұзындық: 1.
Ең жоғары ұзындық: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.2.3. Актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес күні

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді

1

1.3.3. Қолданысының аяқталу күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес күні

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданылуының аяқталу күніне сәйкес келеді

0..1

1.3.4. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

1.3.4.1. Актінің түрі

Символдардың қалыпты жолы.
Шаблон: \d{5}

халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілер түрлерінің сыныптауышына сәйкес актінің кодтық белгіленімі

1

1.3.4.2. Актінің нөмірі

Символдар жолы.
Ең төмен ұзындық: 1.
Ең жоғары ұзындық: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.4.3. Актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес күні

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады