Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығы үшін елеулі маңызды болып табылатын және оларға қатысты ерекше жағдайлар кезінде экспорттауға уақытша тыйым салу немесе сандық шектеу енгізілуі мүмкін тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 14-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағының негізінде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 25 наурыздағы "COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру туралы" № 11 өкімінің 6-тармағы негізінде, азық-түлік тауарларының жетіспеу тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында шұғыл әрекет етуді талап ететін айрықша жағдайға байланысты, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 83 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығы үшін елеулі маңызды болып табылатын және оларға қатысты ерекше жағдайларда экспорттауға уақытша тыйым салу немесе сандық шектеу енгізілуі мүмкін тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 42 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығы үшін елеулі маңызды болып табылатын және оларға қатысты ерекше жағдайларда экспорттауға уақытша тыйым салу немесе сандық шектеу енгізілуі мүмкін тауарлардың тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. ЕАЭҚ СЭҚ ТН-ның коды "0402" позициясынан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"0703 10 110 0
0703 10 190 0
0703 20 000 0
0706 10 000 9

Пияз көшеті
Өзге түйнек пияз
Сарымсақ
Шалқан".

      2. ЕАЭҚ СЭҚ ТН "1518 00" коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"1904 90 800 0
 

Қарақұмықтан жасалған дайын тамақ өнімдері".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады