Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 48 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 112-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы "Тасымалдаушы экспресс-жүк ретінде жеткізетін тауарларды тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып, кедендік декларациялау туралы" № 142 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 16 сәуірдегі
№ 48 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кіріспеде "және 109-бабының 5-тармағына" деген сөздер ", 109-бабының 5-тармағына және 112-бабының 4-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзету нысанын;

      Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетуді толтырудың тәртібі.".

      3. Мынадай мазмұндағы экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзету нысанымен толықтырылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
  2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 142 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзету НЫСАНЫ

Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзету

Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойынша)

Алушы (жалпы жүкқұжат бойынша)

А

ЭЖТДТ

Ерекшелігі

Алдыңғы құжат

Жалпы мәліметтер

Тауарлар туралы мәліметтер

Парақтар саны

Рәсімі

Құжаттар туралы мәліметтер

Өзгертулер коды


Жалпы жүкқұжат

Жеке жүкқұжат

Жеке жөнелтуші

Жеке алушы

№ р/с

Атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Саны

Салмағы

Валюта құны

Кедендік құны

Коды, белгісі

Күні, нөмірі










брутто

нетто






1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15


1

































Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны)









2

































Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны)





































Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны)












Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны)








Барлығы экспресс-жүкке арналған тауар декларациясы бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны)








В. Төлемдерді есептеу

ЭЖТДТ толтырған тұлға туралы мәліметтер, күні

Тауар

Түрі

Есептеуге арналған база

Есептеуге арналған базаның коды

Ставка

Сомасы

Алдыңғы сома

Өзгерістер


1

2

3

4

5

6

7

8















Барлығы жеке жүкқұжат бойынша






















Барлығы жеке жүкқұжат бойынша








С















Барлығы жеке жүкқұжат бойынша








Барлығы экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясы бойынша








B1. Төлеудің егжей-тегжейлігі

D

      _____________

      1 Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткен кездегі декларант

      2 Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген кездегі декларант.".

      4. Мынадай мазмұндағы Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетуді толтырудың тәртібімен толықтырылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 142 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетуді толтырудың ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясында (бұдан әрі – ЭЖТД) мәлімделген мәліметтерді және ЭЖТД-ның электрондық түрдегі қағаз жеткізгіштегі мәліметтерін өзгерту (толықтыру) кезінде пайдаланылатын электрондық құжат түріндегі және қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетуді (бұдан әрі – ЭЖТДТ) толтырудың қағидаларын айқындайды.

      2. ЭЖТДТ электрондық құжат түрінде Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын құрылымға сәйкес толтырылады.

      ЭЖТДТ қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімімен бекітілген нысан бойынша толтырылады.

      3. ЭЖТДТ толтыру кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштар, сондай-ақ кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын және қолдануға жататын анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.

      4. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін графа деп Электрондық құжат түріндегі ЭЖТДТ құрылымының деректемелері (деректемелері) немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТДТ нысанының құрылымдық бірлігі түсініледі, ол өзіне кіші бөлімдерді, колонкаларды (бағандарды), жолдарды, элементтерді қамтуы мүмкін. Осы Тәртіпке сәйкес бір графада бір белгі бойынша біріктірілген мәліметтер көрсетіледі.

      5. ЭЖТДТ электрондық құжат түрінде ЭЖТДТ-ны автоматтандырылған өңдеу үшін қажетті техникалық сипаттағы мәліметтерді қамтуы мүмкін. Мұндай мәліметтер ақпараттық жүйемен қалыптастырылады. Көрсетілген мәліметтердің құрамы ЭЖТДТ құрылымында электрондық құжат түрінде айқындалады.

      Техникалық сипаттағы мәліметтер электрондық құжат түрінде ЭЖТДТ қағаз көшірмесін басып шығарған кезде көрсетілмейді.

      6. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі толтырылатын ЭЖТДТ даналарының саны және оларды бөлу тәртібі ЭЖТД даналарының санына және оларды бөлу тәртібіне, Еуразиялық экономикалық одақ Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімімен бекітілген Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын толтырудың белгіленген тәртібіне (бұдан әрі – ЭЖТД толтыру тәртібі) сәйкес келеді.

      7. ЭЖТДТ ЭЖТД-да мәлімделген, олар туралы мәліметтер өзгертілетін (толықтырылатын) тауарларға қатысты толтырылады.

      ЭЖТДТ-ның графалары толтыру қағидалары осы Тәртіппен белгіленген, ЭЖТДТ-ның жекелеген графаларын қоспағанда, ЭЖТД толтыру тәртібімен белгіленген ЭЖТД графаларын толтыру қағидаларына сәйкес толтырылады.

      8. ЭЖТДТ қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде баспа құрылғыларын пайдалана отырып, кіші әріптермен толтырылады және өшірулер, қолмен жөнделген жерлер мен түзетулер болмауға тиіс.

      9. "Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойынша)", "Алушы (Жалпы жүкқұжат бойынша)", "А", " ЭЖТДТ", "Ерекшелігі", "Алдыңғы құжат", "Парақтар саны" және "Рәсім" графалары қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТДТ-ның бірінші парағында орналасады.

      Егер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТДТ толтыру кезінде "Жалпы мәліметтер", "Тауарлар туралы мәліметтер", "Құжаттар туралы мәліметтер", "Өзгерістер коды" деген графаларда "Барлығы бір жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны) және "Барлығы экспресс-жүкке арналған тауар декларациясы бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны)" жолдарда көрсету үшін орын жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТДТ-ның ажырамас бөлігі болып табылатын А4 форматындағы қағаздың екінші және келесі беттерінде көрсетіледі.

      қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТДТ-ның екінші және одан кейінгі беттерін толтыру кезінде:

      барлық парақтар (біріншіден басқа) нөмірленуі тиіс (нөмір парақтың жоғарғы жиегінің ортасына қойылады);

      әрбір парақтың төменгі оң жақ бұрышына ЭЖТДТ толтырған адам қол қояды, және егер ЭЖТДТ-ны кеден өкілі толтырса және мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кеден өкілінің мөрі, не егер ЭЖТДТ-ны кеден органының лауазымды адамы толтырса, кеден органы лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрі болуы тиіс болса, кеден өкілінің мөрін қою жолымен куәландырылады.

      "В. Төлемдерді есептеу", "В1. Төлеудің егжей-тегжейлігі (өндіріп алудың)", "ЭЖТДТ толтырған адам туралы мәліметтер, күні", "С" және "D" графалары қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТДТ-ның соңғы парағының екінші бетіне орналастырылады.

      10. Міндетті түрде "Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойынша)" (экспорттың кедендік рәсімімен немесе кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарлар үшін), "Алушы (Жалпы жүкқұжат бойынша)" (ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен немесе кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарлар үшін), "ЭЖТДТ" (электрондық құжат түріндегі ЭЖТДТ үшін), "Ерекшелігі" (егер графа ЭЖТД-да толтырылған болса), "Парақтар саны" (қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТДТ үшін) графалары, "Жалпы мәліметтер" графасының 1 және 3-колонкалары (Беларусь Республикасы үшін), "ЭЖТДТ толтырған тұлға туралы мәліметтер, күні" (ЭЖТДТ кеден органының лауазымды адамы толтырған жағдайды қоспағанда), "Рәсімі", "А" және "D", сондай-ақ өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін ЭЖТД графаларына сәйкес келетін ЭЖТДТ-ның графалары толтырылады.

      ЭЖТД-ның "Жалпы мәліметтер" графасының 4 және (немесе) 5-колонкаларында мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген кезде, ЭЖТДТ-де сондай-ақ "Жалпы мәліметтер" графасының 1 және 3-колонкалары толтырылады.

      ЭЖТД-ның "Тауарлар туралы мәліметтер", "Құжаттар туралы мәліметтер", "В. Төлемдерді есептеу" графаларында мәлімделген мәліметтерге бір жеке жүкқұжат шеңберінде кемінде бір тауар бойынша өзгерістер (толықтырулар) енгізу кезінде, сондай-ақ "Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны)" жолында және (немесе) "В.Төлемдерді есептеу" графасының "Барлығы жеке жүкқұжат бойынша" деген жолында, осындай жеке жүкқұжат шеңберінде барлық тауарлар бойынша ЭЖТДТ -да өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, "Жалпы мәліметтер", "Тауарлар туралы мәліметтер", "Құжаттар туралы мәліметтер", "Өзгерістер коды", "В. Төлемдерді есептеу" (егер өзгерістер (толықтырулар) кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздарды (бұдан әрі – төлемдерді) есептеу туралы мәліметтерге енгізілетін болса) графалары "Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны)" жолы, сондай-ақ "Барлығы экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясы бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны)" жолы (егер енгізілетін өзгерістер (толықтырулар) осы жолда көрсетілуге жататын мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) әкеп соқтырса) толтырылады.

      ЭЖТД-да мәлімделген "Барлығы экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясы бойынша (жалпы брутто салмағы, кедендік құны)" жолындағы мәліметтерге және (немесе) "В. Төлемдерді есептеу" графасының "Барлығы экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясы бойынша" жолына ЭЖТД-да мәлімделген өзге мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты емес өзгерістерді (толықтыруларды) енгізген кезде, ЭЖТДТ-да енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, тиісті жолдар толтырылады, сондай-ақ "Жалпы мәліметтер", "Тауарлар туралы мәліметтер", "Құжаттар туралы мәліметтер", "Өзгерістер коды" графалары, "Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны)" жолы, "В. Төлемдерді есептеу" графасы (егер өзгерістер (толықтырулар) кедендік төлемдерді есептеу туралы мәліметтерге енгізілсе) барлық жеке жүкқұжаттар бойынша толтырылады.

      11. "ЭЖТДТ" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      Электрондық құжат түріндегі ЭЖТДТ толтырған кезде "ЭҚ" аббревиатурасы көрсетіледі. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТДТ-ны толтыру кезінде графа толтырылмайды.

      12. "Парақтар саны" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      Электрондық құжат түріндегі ЭЖТДТ толтырған кезде графа толтырылмайды. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТДТ-ны толтыру кезінде графада ЭЖТДТ парақтарының жалпы саны көрсетіледі.

      13. "Тауарлар туралы мәліметтер" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      6-колонкада ЭЖТД-ның "Тауарлар туралы мәліметтер" графасының 6-колонкасында көрсетілген тауардың реттік нөмірі қойылады.

      Егер ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) нәтижесінде жеке жүкқұжат шеңберінде тауарлардың саны ұлғайтылса, онда ЭЖТД-да бұрын көрсетілмеген тауарға қатысты ЭЖТД-да мәлімделген соңғы тауардың реттік нөмірінен кейінгі реттік нөмір және жеке жүкқұжат шеңберінде ЭЖТД-да мәлімделген соңғы тауардың реттік нөмірінен кейінгі реттік нөмір "/" бөлгішінің белгісі арқылы қойылады.

      Егер жеке жүкқұжат шеңберінде ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) нәтижесінде тауарлардың саны азайса, онда ол туралы мәліметтер алынып тасталатын тауарға қатысты осы тауардың реттік нөмірі ЭЖТД - ға сәйкес және бөлгіш белгісі "/" арқылы "0" саны қойылады.

      7-колонка енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, ЭЖТД-ны толтырудың Тәртібімен белгіленген ЭЖТД-ның "Тауарлар туралы мәліметтер" графасын толтыру қағидаларына сәйкес толтырылады.

      8-колонка енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, ЭЖТД-ны толтыру Тәртібімен белгіленген ЭЖТД-ның "Тауарлар туралы мәліметтер" графасын толтыру қағидаларына сәйкес толтырылады, ал Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген жағдайларда, кедендік төлемдерді есептеу мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауардың кодын алғашқы 4 белгіден кем емес деңгейде анықтауға жол берілсе, кеден органы ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес айқындаған тауардың коды алғашқы 4 белгіден кем емес деңгейде көрсетіледі.

      9-13-колонкалары енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, ЭЖТД-ны толтыру тәртібімен белгіленген ЭЖТД-ның "Тауарлар туралы мәліметтер" графасын толтыру қағидаларына сәйкес толтырылады.

      14. "Құжаттар туралы мәліметтер" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графада енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, ЭЖТД-ны толтыру тәртібімен белгіленген ЭЖТД-ның "Құжаттар туралы мәліметтер" графасын толтыру қағидаларына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) растайтын құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      15. "Өзгерістер коды" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графа олар туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін тауарларға қатысты толтырылады, сондай-ақ графада "Барлығы жеке жүкқұжат бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны)" және "Барлығы Экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясы бойынша (жалпы салмағы брутто, кедендік құны)" жолдары, егер мұндай жолдар осы Тәртіптің 10-тармағына сәйкес ЭЖТДТ-да толтыруға жататын болса, толтырылады.

      Графада мынадай схема бойынша қалыптастырылған 7 таңбалы сандық код көрсетіледі:

      Х / Х / Х / Х / Х / Х / Х ,

      1 2 3 4 5 6 7

      мұнда:

      1-элемент – ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу кезеңі:

      0-тауарларды шығарғанға дейін;

      1-тауарларды шығарғаннан кейін;

      2-элемент – ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу үшін негіз болған мән-жайлар:

      0 – кеден өкілінің бастамасы бойынша;

      1 – тауарларды шығарғаннан кейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нәтижесінде;

      2 – тауарларды шығарғанға дейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нәтижесінде;

      3 – кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау нәтижесінде;

      4 – камералдық кедендік тексеру нәтижесінде;

      5 – көшпелі кедендік тексеру нәтижесінде;

      6 – мүше мемлекеттің сот органы шешімінің заңды күшіне енуі нәтижесінде;

      3 – элемент-мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру)

      тауарлардың саны (салмағы) туралы:

      0 – өзгерістер (толықтырулар) жоқ;

      1 – мәліметтер өзгертілді (толықтырылды);

      4-элемент – ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауар кодының өзгеруі:

      0 – өзгерістер жоқ;

      1 – мәліметтер өзгертілді (толықтырылды);

      5-элемент – тауарлардың кедендік құны туралы СТЭГ-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру):

      0 – өзгерістер (толықтырулар) жоқ;

      1 – мәліметтер өзгертілді (толықтырылды));

      6-элемент – ЭЖТД-да мәлімделген төлемдерді есептеу туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) :

      0 – өзгерістер (толықтырулар) жоқ;

      1 – мәліметтерді өзгерту (толықтыру) төлемдерді есептеу туралы мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) әкеп соғады;

      7-элемент – ЭЖТД -да мәлімделген өзге де мәліметтерді өзгерту (толықтыру) :

      0 – өзгерістер (толықтырулар) жоқ;

      1 – мәліметтер өзгертілді (толықтырылды) (осы элементтің 2 және 3 кодтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда);

      2 – декларацияланатын тауарлардың жалпы санын ұлғайту (тауарды қосу);

      3 – декларацияланатын тауарлардың жалпы санын азайту (тауарды алып тастау).

      Кодтың барлық элементтері "/" бөлгішінің белгісі арқылы көрсетіледі, элементтер арасындағы бос жердің болуына рұқсат етілмейді.

      16. "В. Төлемдерді есептеу" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графа, егер ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтердің өзгеруі (толықтыруы) есептелген және (немесе) төленуге жататын төлемдердің мөлшеріне әсер етсе, толтырылады.

      1-6 колонкалар енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, ЭЖТД-ны толтырудың Тәртібімен белгіленген ЭЖТД-ның "В.Төлемдерді есептеу" графасын толтыру қағидаларына сәйкес толтырылады.

      "Барлығы жеке жүкқұжат бойынша" жолында мынадай ерекшеліктерді ескере отырып, ЭЖТД-ны толтырудың Тәртібімен белгіленген ЭЖТД-ның "В. Төлемдерді есептеу" графасының "Барлығы жеке жүкқұжат бойынша" жолын толтыру қағидаларына сәйкес мәліметтер көрсетіледі.

      6-колонкада төлемнің тиісті түрі бойынша енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, бір жеке жүкқұжаттың шеңберінде барлық тауарлар үшін төленуге жататын төлемнің жалпы сомасы көрсетіледі. Егер осындай төлемнің жалпы сомасы өзгерістер (толықтырулар) енгізілгеннен кейін 0-ге тең болса, "0"саны көрсетіледі.

      7-колонкада:

      ЭЖТД-ның "В. Төлемдерді есептеу" графасының "Барлығы жеке жүкқұжат бойынша" жолының 6-колонкасында, – егер төлемдерді төлеу (өндіріп алу) туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) бірінші рет жүргізілсе;

      алдыңғы ЭЖТДТ-ның "В.Төлемдерді есептеу" графасының "Барлығы жеке жүкқұжат бойынша" жолының 6-колонкасында, – егер төлемдерді төлеу (өндіріп алу) туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) бұрын жүргізілген болса, көрсетілген төлемнің жалпы сомасы қойылады.

      8-колонкада 6 және 7-колонкаларда көрсетілген шамалардың әртүрлілігі көрсетіледі. Егер 6-колонкада көрсетілген шама 7-колонкада көрсетілген шамадан аз болса, алынған мәннің алдында "алу" белгісі қойылады.

      "Барлығы экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясы бойынша" жолында мынадай ерекшеліктерді ескере отырып, ЭЖТД-ны толтырудың Тәртібімен белгіленген, ЭЖТД-ның "В. Төлемдерді есептеу" графасының "Барлығы экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясы бойынша" жолын толтыру қағидаларына сәйкес мәліметтер көрсетіледі.

      6-колонкада төлемнің тиісті түрі бойынша енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, ЭЖТД бойынша барлық тауарлар үшін төлеуге жататын төлемнің жалпы сомасы көрсетіледі. Егер осындай төлемнің жалпы сомасы өзгерістер (толықтырулар) енгізілгеннен кейін 0-ге тең болса, "0" саны көрсетіледі.

      7-графада:

      ЭЖТД-ның "В. Төлемдерді есептеу" графасының "Барлығы экспресс жүктерге арналған тауарлар декларациясы бойынша" жолының 6-колонкасында, – егер төлемдерді төлеу (өндіріп алу) туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) бірінші рет жүргізілетін болса,;

      алдыңғы ЭЖТДТ-да "В. Төлемдерді есептеу" графасының алдыңғы ЭЖТДТ-ның "В.Төлемдерді есептеу" графасының "Барлығы экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясы бойынша" жолының 6-колонкасында, – егер төлемдерді есептеу туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) бұрын жүргізілген болса, көрсетілген төлемнің жалпы сомасы қойылады.

      8-колонкада 6 және 7-колонкаларда көрсетілген шамалардың айырмасы көрсетіледі. Егер 6-колонкада көрсетілген шама, 7-колонкада көрсетілген шамадан аз болса, алынған мәннің алдында "алу" белгісі қойылады.

      17. "В1. Төлеудің (өндіріп алудың) егжей-тегжейлігі" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графа қосымша есептелген төлем сомаларын төлеген (өндіріп алған) немесе ЭЖТД-де мәлімделген мәліметтердің өзгеруіне байланысты жүргізілетін төлем сомаларын қайтарған кезде, сондай-ақ ЭЖТД-ның "В1. Төлеудің (өндіріп алудың) егжей-тегжейлігі" графасында көрсетілген төлемнің төленгенін (өндіріп алынғанын) растайтын құжат туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажет болған кезде толтырылады.

      Графа мынадай ерекшеліктерді ескере отырып, ЭЖТД-ны толтырудың Тәртібімен белгіленген, ЭЖТД-ның "В1. Төлеудің (өндіріп алудың) егжей-тегжейлігі" графасын толтыру қағидаларына сәйкес толтырылады.

      Егер ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтердің өзгеруіне (толықтырылуына) байланысты төлем төленуге (қосымша төлеуге) жататын болса, графада оларға сәйкес төлеу (өндіріп алу) жүргізілген төлем құжаттары бөлігінде қосымша есептелген төлем сомаларын іс жүзінде төлеу (өндіріп алу) туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Егер ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтердің өзгеруіне (толықтырылуына) байланысты төлем қайтарылуға (есепке жатқызуға) жататын болса, (ЭЖТДТ-ның "В. Төлемдерді есептеу" графасының 8-колонкасында "алу" белгісі бар шама көрсетілген), графада қайтаруға жататын төлемді төлеу (өндіріп алу) жүргізілген төлем құжаттары бөлігінде қайтарылуға (есепке жатқызуға) жататын төлем сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл ретте төленген (өндіріп алынған) төлем сомасы (мәліметтердің 2-элементі) "алу" белгісімен көрсетіледі.

      Төлемнің төленгенін (өндіріп алынғанын) растайтын құжаттар туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажет болған жағдайда графада:

      бірінші жолда – ЭЖДТ-ның "В1. Төлеудің (өндіріп алудың) егжей-тегжейлігі" графасында мәлімделген мәліметтер (төлем сомасын көрсете отырып (мәліметтердің 2-элементі) "алу" белгісімен");

      екінші жолда – енгізілетін өзгерістер (толықтырулар) ескерілген мәліметтер.

      18. "ЭЖТДТ толтырған тұлға туралы мәліметтер, күні" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графада ЭЖТДТ толтырған тұлға туралы мәліметтер және ЭЖТДТ-ны толтырудың Тәртібімен белгіленген "ЭЖТД толтырған тұлға туралы мәліметтер, күні" графасын толтыру қағидаларына сәйкес ЭЖТДТ-ны толтыру күні көрсетіледі.

      19. "А" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графада келесі схема бойынша қалыптастырылған ЭЖТДТ-ны тіркеу нөмірі көрсетіледі:

      ХХХХХХХХ/ХХХХХХ/ХХХХХХХ/ ХX ,

      1 2

      Мұнда:

      1-элемент – мәліметтері өзгеретін (толықтырылатын) ЭЖТД-ны тіркеу нөмірі;

      2-элемент – мәліметтері өзгеретін (толықтырылатын) ЭЖТД-ға қатысты ЭЖТДТ-ның реттік нөмірі (ЭЖДТ-ны өзгертетін (толықтыратын) бірінші ЭЖТДТ үшін "01" нөмірінен бастап).

      Кеден органының лауазымды адамы қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТДТ-ны тіркеу нөмірінің астында күнін көрсетеді, ал тауарлар шығарылғанға дейін мәліметтер өзгерген (толықтырылған) жағдайда, кеден өкілі ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтініштің берілген уақытын, не егер мұндай өтініш талап етілмесе, ЭЖТДТ-ны беру күнін де көрсетеді.

      ЭЖТДТ -ны қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берген кезде графада, көрсетілген мәліметтер жеке нөмірлік мөр бедерін қоя отырып, ЭЖТДТ-ны тіркеген кеден органы лауазымды адамының қолымен куәландырылады.

      20. "D" графасы мынадай тәртіппен толтырылады.

      Кеден органының лауазымды адамы ЭЖТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы ақпаратты мынадай белгі түрінде көрсетеді: "________ графалар (колонкалар, жолдар түзетілді):" (жеке жүкқұжаттың реттік нөмірін, тауардың реттік нөмірін, ЭЖТД-ның графасын (колонкасын, жолын) көрсете отырып).".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады