Карантиндік фитосанитариялық шараларды зертханалық қамтамасыз ету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 9 маусымдағы № 75 шешімі

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 24-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 18-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 10 мамырдағы № 41 шешімімен бекітілген Карантиндік фитосанитариялық шараларды зертханалық қамтамасыз ету тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 3-тармақ төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "үлгі (сынама) – карантиндік фитосанитариялық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнімнің партиясынан іріктеп алынған карантинге жатқызылған өнімнің саны, карантинге жатқызылған материалдың зиянкестер және аурулар зақымдаған (бүлдірген) бөліктері, карантиндік объектілердің даналары мен препараттары, ауруларды қоздырғыштардың микропрепараттары.";

      б) 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Карантиндік объектілер табылмаған жаңа жемістердің, көкөністердің, жидектердің, саңырауқұлақтардың, жасыл дақылдардың, кесілген гүлдердің, декорациялық мақсаттарға арналған өсімдіктердің жас бұталары мен басқа да бөліктерінің үлгілері (сынамалары) барлық қажетті сараптаманы жүргізу аяқталғанға және карантиндік фитосанитариялық сараптаманың қорытындысы берілгенге дейін карантиндік фитосанитариялық (сынақ) зертханасында сақталады.";

      в) мынадай мазмұндағы 131 және 132 -тармақтармен толықтырылсын:

      "131. Карантиндік объектілер табылмаған өсімдіктердің тұқымдық және көшеттік материалының үлгілері (сынамалары) карантиндік фитосанитариялық сараптама аяқталғаннан кейін сақталуға жатпайды және ғылыми немесе шаруашылық құндылығы болған жағдайларда меншік иесіне қайтарып берілуі мүмкін.

      132. Карантиндік объектілердің даналары және препараттары, ауруларды қоздырғыштардың микропрепараттары және өсімдіктердің карантиндік объектілер зақымдаған (бүлдірген) бөліктері болып табылатын үлгілер (сынамалар) осы Тәртіптің 12-тармағында көрсетілген талаптар сақталған жағдайда мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес карантинге жатқызылған өнімнің жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ карантиндік фитосанитариялық сараптама жүргізу аяқталғаннан кейін кемінде 3 ай бойы карантиндік фитосанитариялық (сынақ) зертханасында немесе өзге орында сақталады. Егер карантиндік объектінің немесе реттелетін карантиндік емес зиянды организмнің үлгісі ғылыми құндылық болып табылған немесе оны анықтамалық немесе коллекциялық материал ретінде сақтау қажет болған жағдайда, ол мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сақталуы немесе оның таралу мүмкіндігін болғызбайтын талаптар сақтала отырып сараптамалық ұйымға берілуі мүмкін.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады