Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерді орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 87 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін Одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген тауарлардың өзара саудасында уақытша шектеулер енгізу бөлігінде орындау мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Ресей Федерациясына Одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумақтарында өндірілген тауарлардың Ресей Федерациясы аумағына жеткізіліміне қатысты, сондай-ақ осындай тауарлардың Ресей Федерациясының аумағы арқылы Одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізілуіне қатысты уақытша шектеулер енгізу кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 25-бабы 1-тармағының 5-тармақшасын, 28-бабының 2-тармағын және Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ереженің 4.2-тармағын орындау қажеттігі туралы хабарлама білдірілсін.

      2. Ресей Федерациясының Үкіметінен қабылданған шаралар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде хабардар ету сұралсын.

      3.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады