Асыл тұқымды жануарлардың тұқымын (тұқымдылығын) анықтау тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 108 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабы 1-тармағының 4-тармақшасын іске асыру мақсатында және 2019 жылғы 25 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімнің 3-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды жануарлардың тұқымын (тұқымдылығын) анықтау тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2019 жылғы 25 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісім күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 108 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Асыл тұқымды жануарлардың тұқымын (тұқымдылығын) анықтау ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабының 1-тармағының 4-тармақшасын іске асыру мақсатында және 2019 жылғы 25 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімнің 3-бабына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) асыл тұқымды жануарлардың тұқымын (тұқымдылығын) айқындау, соның ішінде туыстық (генетипі бойынша жақын) және туыстық емес тұқымдарды шағылыстыру қанын құю кезінде алынған тұқымдарды айқындау қағидасын белгілейді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының туыстық (генетипі бойынша) тұқымдарының тізбесін көздейді.

      2. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мынадай мағыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "тұқым" - биологиялық және морфологиялық жағынан шаруашылыққа пайдалы қасиеттерiнiң белгiлi бiр өзгешелiгi бар, оны осы түрдегі басқа тұқымдардан ажыратуға мүмкіндік беретін және тұқым қуалау бойынша тұрақты берілетін ортақ шығу тегi бар, адам жасаған жануарлар тобы;

      "тұқымдылық" - жануарлардың әрбір өсірілетін тұқымы бойынша асыл тұқымдық құжаттамада белгіленетін және пайыздарда көрсетілетін қанның үлесі;

      "асыл тұқымды жануарлар есебінің тізілімі" - асыл тұқымды жануарлар және асыл тұқымды жануарлар табыны туралы мәліметтері бар және мүше мемлекетте жүргізілетін дерекқор.

      Осы Тәртіпте пайдаланылатын өзге ұғымдар 2019 жылғы 25 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімде айқындалған мағыналарында қолданылады.

      3. Мүше мемлекеттердің аумағында алынған асыл тұқымды жануарлардың тұқымы (тұқымдылығы) асыл тұқымды жануарлар есебінің тізіліміндегі олардың тектері туралы мәліметтер негізінде белгіленеді. Ауыл шаруашылығы жануарларын асыл тұқымды жанауарлар есебінің тізілімінде алғаш рет тіркеу кезінде олардың тұқымы (тұқымдылығы) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес олардың шығу тегін растайтын мәліметтердің (құжаттардың) негізінде белгіленеді.

      4. Тұқымдылығына қарай ауыл шаруашылығы жануарлары екі топқа бөлінеді: таза тұқымды жануарлар және аралас тұқымды жануарлар.

      5. Таза тұқымды жануарларға:

      а) бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру (асыл тұқымды асылдандыру) нәтижесінде алынған жануарлар;

      б) қосымшаға сәйкес тізбеге сай (генотипі бойынша жақын) тұқымдардың таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар. Егер мұндай жануарда аталық тұқымының қаны 75 пайыздан асатын болса, оған ата тұқымы, басқа жағдайларда - ене тұқымы беріледі;

      в) егер бір тұқым қанының үлесі кем дегенде 93,75 пайыз болған кезде, туыстық емес тұқымдарды шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;

      г) екі немесе одан да көп туыстық емес тұқымдарды қатыстыра отырып тұқым алу процесі (молайту үшін шағылыстыру) нәтижесінде алынған, қолдан жасалатын тұқымға тән жануарлар жатады, - оларды жатқызу мүше мемлекеттің уәкілетті органы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте жаңа тұқымды тиісті құжаттарды бере отырып бекіткеннен кейін жүзеге асырылады.

      6. Аралас жануарларға:

      а) қатысатын тұқымдардың қан фракциясы 93,75 пайыздан аспайтын, туыстық емес тұқымдарды шағылыстыру арқылы алынған жануарлар;

      б) екі немесе одан да көп туыстық емес тұқымдарды қатыстыра отырып тұқым алу процесі (репродуктивті айқасу) нәтижесінде алынған жануарлар жатады, - оларды жатқызуды мүше мемлекеттің уәкілетті органы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жаңа тұқым белгіленгенге дейін жүзеге асырады.

  Асыл тұқымды жануарлардың
тұқымын (тұқымдылығын)
анықтау тәртібіне
ҚОСЫМША

Ауыл шаруашылығы жануарларының туыстық (генотип бойынша жақын) тұқымдарының ТІЗБЕСІ

Тұқым

Туыстық (генотип бойынша жақын) тұқым*

I. Ірі қара мал

Айршир сиыры және типтері

шведиш ред, норвегтік қызыл, даниялық қызыл

Алатау сиыры

швицкілік қоңыр, костромалық

Англер сиыры

шведиш ред, айрширлік, даниялық қызыл

Әулиеата сиыры

қара ала, голштиндік қара ала

Бестужев сиыры

англерлік, даниялық қызыл

Джерсей сиыры

Казақтың ақ бас сиыры

герефордтық

Костромалық, Кавказдық қоңыр сиыр

швицкілік қоңыр

Белорус қызыл сиыры

англерлік, даниялық қызыл, айрширлік, эстондық қызыл, литвалық қызыл, норвегиялық қызыл, сүтті шортгорн, польшалық қызыл

Дания қызыл сиыры

шведиш ред, айрширлік

Далалық қызыл, суксундік сиыр және типтері, горбат қызыл сиыры

англерлік, даниялық қызыл, шведиш ред, норвегиялық қызыл, голштиндік қызыл ала

Қызыл ала сиыр және типтері

голштиндік қызыл ала

Монбельярд сиыры

Симментальдық

Орыстың комолая сиыры

абердин-ангустық

Симменталь, сычевтік сиыр және типтері

монбельярдік, қызыл ала, голштиндік қызыл ала

Холмогор, истобен, тагиль сиыры және оның типтері

голштиндік қара ала және типтері, сібірлік

Қара ала сиыр, типтері, сібірлік

голштиндік

Шведиш ред сиыры

даниялық қызыл, айрширлік

Ярослав сиыры

голштиндік қара ала

II. Қойлар

1. Жүн өнімділігі бағыты

Грозный қойы

жалға мериносы, маныч мериносы, австралиялық меринос

Жалға мериносы

австралиялық меринос

Кырғыздың биязы жүнді қойы

жалға мериносы, маныч мериносы, австралиялық меринос, алтайлық меринос, аскания мериносы, солтүстік кавказдық меринос, жергілікті құйрықты қойлар

Кырғыздың таулық мериносы

жалға мериносы, маныч мериносы,, австралиялық меринос, кырғыздың биязы жүнді қойы

Маныч мериносы

жалға мериносы, австралиялық меринос

Сальск қойы

кеңестік меринос, жалға мериносы, австралиялық меринос

Кеңестік меринос

жалға мериносы, америкалық рамбулье, маныч мериносы, австралиялық меринос, ставрополь қойы

Ставрополь қойы

жалға мериносы, маныч мериносы

2. Жүн-ет өнімділігі бағыты

Алтай қойы

құлынды қойы, аскания қойы, австралиялық меринос

Забайкалье қойы

құлынды қойы, австралиялық етті меринос, меринофляйш

Кавказ қойы

австралиялық етті меринос, жалға мериносы, меринофляйш, аскания қойы

Қазақстанның меринос қойы

австралиялық меринос, австралиялық етті меринос, маныч мериносы, меринофляйш

Краснояр қойы

меринофляйш, австралиялық меринос

Құлынды қойы

австралиялық меринос, жалға мериносы, меринофляйш

Солтүстік Қазақстан мериносы

австралиялық меринос, австралиялық етті меринос

Оңтүстік Қазақстан мериносы

австралиялық меринос, австралиялық етті меринос, етті меринос

Оңтүстік Урал қойы

австралиялық меринос, жалға мериносы, кавказдық қой, аскания қойы

3. Жүн-ет өнімділігі бағыты

Волгоград қойы

жалға мериносы, меринофляйш, австралиялық етті меринос

Дағыстанның тау қойы

Волгоград қойы, грозный қойы

Етті меринос

австралиялық етті меринос, қазақтың биязы жүнді қойы, немістің меринофляйшы, оңтүстік африкалық меринос, иль-де-франс, доне, полварс

Қазақтың биязы жүнді қойы

австралиялық мериносқойы, австралиялық етті меринос қойы, етті меринос қойы

Қазақтың арқар мериносы

австралиялық меринос, австралиялық етті меринос, етті меринос

Прекос

меринофляйш, австралиялық етті меринос

4. Жартылай биязы ұзын жүнді тұқымдар

Ақжайықтың кроссбредті етті-жүнді қойы

корридели, ромни-марш, линкольн

Қазақтың жартылай биязы жүнді тез жетілгіш қойы

суффолк, гемпшир

Қазақтың етті-жүнді қойы

ромни-марш, линкольн, корридели, солтүстік кавказдық етті-жүнді қой, кеңестік етті-жүнді қой, тексель, дорсет

Қазақтың кроссбредті жартылай биязы жүнді қойы

ромни-марш, линкольн, бордер-лейстер, тяньшан қойы

Куйбышев қойы

ромни-марш, татарстан қойы

Орыстың ұзын қылшықты қойы

линкольн, кубандық линкольн тұқымының типі

Солтүстік Кавказдық етті-жүнді қой

корридели

Кеңестік етті-жүнді қой

корридели, солтүстік кавказдық етті-жүнді қой

Тяньшань қойы

ташлиндік, корридели, солтүстік кавказдық етті-жүнді қой, меринофляйш, прекос, линкольн

5. Басқа жартылай биязы жүнді тұқымдар

Аскания қойы

суффолк

Таулы Алтай қойы

цигай қойы

Латвияның қара бас қойы, литвалық қара бас қой

гемпшир

Ташлин қойы

тексель, оңтүстік етті қойы

Тексель қойы

голландиялық тексель, француздық тексель, ағылшындық тексель, даниялық тексель, белтекс

Оңтүстіктің етті қойы

тексель

6. Жартылай қылшық жүнді өнімділік бағыты

Алай қойы

қырғыздың құйрықты қойы, прекос, сараджин қойы

7. Етті-майлы өнімділік бағыты

Айкөл қойы

гиссар қойы, еділбай қойы

Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы

еділбай қойы, сарыарқаның құйрықты қылшық жүнді қойы

Көп төлдейтін қой
 

романов қойы, жайдары

Ордабасы қойы

еділбай қойы, қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы, гиссарлық қой

Сарыарқаның құйрықты қылшықты жүнді қойы

еділбай қойы

8. Етті-майлы-жүнді өнімділік бағыты

Дегерестің құйрықты етті-жүнді қойы

еділбай қойы, қазақтың құйрықты жартылай қылшық жүнді қойы

Қазақтың құйрықты жартылай қылшық жүнді қойы

еділбай қойы, сарыарқаның құйрықты қылшық жүнді қойы, тәжіктің етті-майлы-жүнді қойы

9. Елтірі өнімділігі бағыты

Қазақтың құйрықты қаракөл тұқымды қойы (атыраулық елтiрi-еттi-майлы қой тұқымы)

қаракөл қойы, сокольск қойы, мәліш

Каракөл қойы

қазақтың құйрықты қаракөл тұқымды қойы (атыраулық елтiрi-еттi-майлы қой тұқымы), сокольск қойы, мәліш

10. Етті қысқа жүнді (жүнсіз) өнімділік бағыты

Дорпер ақ қойы

австралия етті ақ қойы

Катум тұқымы

катадин қойы

III. Шошқалар

Белорус етті шошқасы

ландрас шошқасы

Белорус қара ала шошқасы

беркшир шошқасы

Йоркшир шошқасы

ірі ақ шошқа

Ірі ақ шошқа

йоркшир шошқасы

Ландрас шошқасы

белорус етті шошқасы

IV. Жылқылар

Белорус жегін аты

орыстың ауыр жүк тарту жылқысы, торийск, жмудск, литва ауыр жүк тарту жылқысы, латвиялық ауыр жүк тарту жылқысы, гудбрансдальск жылқысы

Буденный жылқысы

таза тұқымды мініс жылқысы, дон жылқысы

Ганновер жылқысы

таза тұқымды мініс жылқысы, таза тұқымды араб жылқысы, ағылшын-араб буданы, тракенен, голштин, вестфаль жылқысы

Дон жылқысы

буденный жылқысы

Казақ жылқысы

мұғалжар, естек жылқысы

Қостанай жылқысы

таза тұқымды мініс жылқысы, таза тұқымды араб жылқысы

Литва ауыр жүк тартатын жылқысы

шведтік арден, кеңестік ауыр жүк тарту жылқысы

Жаңа алтай жылқысы

литвалық ауыр жүк тарту жылқысы, кеңестік ауыр жүк тарту жылқысы, орыстың ауыр жүк тарту жылқысы, орел желіс жылқысы, дон жылқысы

Жаңа қырғыз жылқысы

дон жылқысы, таза тұқымды мініс жылқысы, владимирлік ауыр жүк тарту жылқысы, орыстың ауыр жүк тарту жылқысы

Орыстың мініс жылқысы

таза тұқымды мініс жылқысы, таза тұқымды араб жылқысы, ақалтеке жылқысы, ганновер, голштин, тракенен, ольденбург жылқысы

Орыстың желгіш жылқысы

орел желіс жылқысы, стандартбред, француз желіс жылқысы, таза тұқымды мініс жылқысы (қаны америка мініс жылқысы қанынын ¼ артық емес), америка мініс жылқысы

Орыстың ауыр жүк тартатын жылқысы

арден

Кеңестік ауыр жүк тартатын жылқы

литваның ауыр жүк тарту жылқысы

Тер жылқысы

асыл тұқымды жылқы, асыл тұқымды араб жылқысы, тракенен жылқысы

Тракенен жылқысы

асыл тұқымды жылқы, асыл тұқымды араб жылқысы, ағылшын-араб будандары

Украинның мініс жылқысы

асыл тұқымды салт мініс жылқысы, венгерлік, орыстың салт мініс жылқысы, ганноверлік, тракенендік жылқы

V. Балық

Изобелин тұқы балығы:
XVIII столин балығы
три прим балығы

изобелин тұқы балығы (қабыршық қабаттары бір-бірімен, айна қабаттары бір-бірімен жабысқан)
изобелин тұқы балығы – аралас қабыршақты, лахвинск тұқы балығы
изобелинск тұқы балығы – айналы қабыршақты, тремлян тұқы балығы

Ыстықкөл бақтақ балығы (гегаркуни)

севан бақтақ балығы (гегаркундер)

Лахвин тұқы балығы

изобелин тұқы балығы (XVIII столин)

Неміс тұқы балығы

черепетск тұқы балығы

Тремлянск тұқы балығы

изобелин тұқы балығы (три прим)

Черепетск тұқы балығы

неміс тұқы балығы

VI. Аралар

Башқұрт арасы

орташа орыс арасы


      ________________

      * Тұқымы (тектікқоры) аз жануарлардан, сондай-ақ тұқымы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әдістемесі бойынша айқындалатын тұқымішілік типтерден басқа

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады