Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 24 наурыздағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 41 шешімінің күшіне ену мерзімі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 12 өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 92-тармағына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуі кезеңінде медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныш құралдарының жетіспеушілігінің сыни деңгейінің туындауына жол бермеу, халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жедел ден қоюды талап ететін ерекше жағдайға байланысты:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 24 наурыздағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 41 шешімі осы Өкім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 2 күн өткен соң күшіне енеді деп белгіленсін.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Э.Асрандиев А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады