Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 29 қарашадағы № 159 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы Хаттаманың 8-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 Шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде оған қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық Комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 29 қарашадағы
№ 159 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 наурыздағы "Кедендік декларацияны беру оған қатысты Кеден одағының "Май-тоң май өніміне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімдер тізбесін бекіту туралы" № 39 Шешімінде:

      а) атауындағы "сәйкестікті (растау)" деген сөздер "сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Кеден декларациясын беруге қатысты өнімнің ТІЗБЕСІ Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" техникалық регламентінің (КО ТР 024/2011) талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжатты ұсынумен сүйемелденеді.

      б) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде оған қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы Хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:";

      в) 1-тармақтағы "сәйкестікті бағалау (растау)" деген сөздер "сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді)" деген сөздермен ауыстырылсын";

      г) көрсетілген Шешіммен бекітілген Кедендік декларацияны беру оған қатысты Кеден одағының "Май-тоң май өніміне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімдер тізбесінде:

      атауында "сәйкестікті бағалау (растау)" деген сөздер "сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-графаның атауында "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-графаның атауында "сәйкестікті бағалау (растау)" деген сөздер "сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "өсімдік майлары" және "өсімдік майларының фракциялары" позицияларындағы "1510 00-ден" деген сөздер "1510-нан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертулерде:

      1-тармақтағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "сәйкестікті бағалау (растау)" деген сөздер "сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік декларацияны беру оған қатысты Кеден одағының 2014 жылғы 26 мамырдағы "Жемістер мен көкөністерден жасалған шырын өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 023/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімдер тізбесін бекіту туралы" № 76 Шешімінде:

      а) атауында және 1-тармақта:

      "сәйкестікті" деген сөзден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "немесе мұндай құжат туралы мәліметтер" деген сөздер алынып тасталсын;

      б) "Кедендік декларацияны беру оған қатысты Кеден одағының "Жемістер мен көкөністерден жасалған шырын өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 023/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімдер тізбесінде:

      атауында:

      "сәйкестікті" деген сөзден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "немесе мұндай құжат туралы мәліметтер" деген сөздер алып тасталсын;

      3-графаның атауындағы "немесе осындай құжат туралы мәліметтер" деген сөздер "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Жеміс және (немесе) көкөніс балшырындары", "Жеміс және (немесе) көкөніс шырыны бар сусындар" және "Морстар" позицияларындағы "2202 99 190 0-ден" деген сөздер "2202 99 180 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қойылтылған морстар, "Қойылтылған табиғи хош иістендіргіш жеміс немесе көкөніс заттары" және "Цитрус жемістерінің, жеміс және (немесе) көкөніс жұмсақтарының жасушалары" деген позициялардағы "2106 90 980 9-дан" деген сөздер "2106 90 980 8-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертулердің 2-тармағында:

      "сәйкестікті" деген сөзден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "немесе мұндай құжат туралы мәліметтер" деген сөздер алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады