Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 166 Шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 29 қарашадағы № 164 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы Хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 Шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде оған қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы "Кедендік декларацияны беру оған қатысты Кеден одағының "Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, соның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 027/2012) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты немесе осындай құжат туралы мәліметтерді ұсынумен сүйемелденетін өнімдердің тізбесін бекіту туралы" № 166 Шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) атауында және 1-тармақта:

      "сәйкестікті" деген сөзден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "немесе мұндай құжат туралы мәліметтер" деген сөздер алынып тасталсын;

      б) кедендік декларацияны беру оған қатысты Кеден одағының "Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, соның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 027/2012) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты немесе көрсетілген Шешіммен бекітілген осындай құжат туралы мәліметтерді ұсынумен сүйемелденетін өнімдер тізбесінде:

      атауында:

      "сәйкестікті" деген сөзден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "немесе мұндай құжат туралы мәліметтер" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сәйкестікті бағалау туралы құжат (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)";

      10-позициядағы "2106 90 920 0-ден" деген сөздер "2106 90 930 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертулердің 2-тармағында:

      "сәйкестікті" деген сөзден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "немесе мұндай құжат туралы мәліметтер" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы Шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады