Зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 007/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттау саласындағы құжаттардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 3 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен бекітілген Зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 007/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттау саласындағы құжаттардың тізбесіне өзгерістер енгізілсін.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 11 қаңтардағы
№ 3 шешіміне
ҚОСЫМША

Зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 007/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттау саласындағы құжаттардың тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 7-позицияда:

      үшінші графадағы "бутадиен" кіші қосалқы позициясы "KZ.А. 01. 0602 "Массалық шоғырлану бірліктерінде көрсетілген миграция деңгейін өлшеуді орындау әдістемесі және полистиролдан және стирол сополимерлерінен жасалған бұйымдардағы бутадиеннің ауа ортасы" (аттестаттау туралы куәлік № 168 - 2020.22.10; 2022.01.06 бастап осы тізбеге тиісті мемлекетаралық стандартты енгізгенге дейін қолданылады)" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші графадағы "хлорбензол" кіші қосалқы позициясы "МВИ МН 6309-2020 "Су және ауа орталарында поликарбонаттан жасалған бұйымдардан бөлінетін хлорбензолдың массалық концентрациясы. Газ хроматографиясы әдісімен өлшеулерді орындау әдістемесі" (аттестаттау туралы куәлік № BY 00120 - 2020.29.10; 2022.01.06 бастап осы тізбеге тиісті мемлекетаралық стандартты енгізгенге дейін қолданылады)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 18-позицияда үшінші графадағы "хлорбензол" кіші қосалқы позициясы MВИ.МН 6309-2020 "Су және ауа орталарында поликарбонаттан жасалған бұйымдардан бөлінетін хлорбензолдың массалық концентрациясы. Газ хроматографиясы әдісімен өлшеулерді әдіспен орындау әдістемесі" (аттестаттау туралы куәлік № BY 00120 – 2020.29.10; 2022.01.06 бастап осы тізбеге тиісті мемлекетаралық стандартты енгізгенге дейін қолданылады)" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 21-позицияда үшінші графадағы "хлорбензол" кіші қосалқы позициясы "МВИ.МН 6309-2020 "Су және ауа орталарында поликарбонаттан жасалған бұйымдардан бөлінетін хлорбензолдың массалық концентрациясы. Газ хроматографиясы әдісімен өлшеулерді әдіспен орындау әдістемесі" (аттестаттау туралы куәлік № BY 00120 - 2020.29.10; 2022.01.06 бастап осы тізбеге тиісті мемлекетаралық стандартты енгізгенге дейін қолданылады)" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 50-позицияда:

      үшінші графадағы "бутадиен" кіші қосалқы позициясы "KZ.А. 01. 0602 "Массалық шоғырлану бірліктерінде көрсетілген миграция деңгейін өлшеуді орындау әдістемесі және полистиролдан және стирол сополимерлерінен жасалған бұйымдардағы бутадиеннің ауа ортасы" (аттестаттау туралы куәлік №168 - 2020.22.10; 2022.01.06 бастап осы тізбеге тиісті мемлекетаралық стандартты енгізгенге дейін қолданылады)" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші графадағы "хлорбензол" кіші қосалқы позициясы "MВИ.МН 6309-2020 "Су және ауа орталарында поликарбонаттан жасалған бұйымдардан бөлінетін хлорбензолдың массалық концентрациясы. Газ хроматографиясы әдісімен өлшеулерді әдіспен орындау әдістемесі" (аттестаттау туралы куәлік № BY 00120 - 2020.29.10; 2022.01.06 бастап осы тізбеге тиісті мемлекетаралық стандартты енгізгенге дейін қолданылады)" деген сөздермен толықтырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады