Еуразиялық экономикалық одақтың "Азаматтық қорғаныс және табиғи әрі техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатына арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 05/2021) өтпелі ережелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 1 ақпандағы № 18 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту жәен күшін жою тәртібінің 38-тармағының бесінші абзацын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мынадай:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың "Азаматтық қорғаныс және табиғи әрі техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатына арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 05/2021) техникалық регламентінің техникалық реттеу объектілері болып табылатын өнімдерге қатысты (бұдан әрі тиісінше - техникалық регламент, өнімдер) техникалық регламент күшіне енгенге дейін берілген нмесе қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін актілермен немесе Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2025 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей жарамды болады.

      Техникалық регламент күшіне енген күннен бастап бұдан бұрын Одақ құқығына кіретін актілермен немесе мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      б) техникалық регламент күшіне енгенге дейін Одақ құқығына кіретін актілермен немесе мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті міндетті бағалауға жатқызылмаған өнімдердің шығарылуы мен Одақтың кедендік аумағындағы айналысына өнімнің сәйкестігін міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналыс белгісімен) таңбаланбай 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жол беріледі;

      в) бұдан бұрын Одақ құқығына кіретін актілермен немесе мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген өнімнің міндетті талаптарға сәйкес шығарылуы мен Одақтың кедендік аумағындағы айналысына өнімнің техникалық регламент күшіне енгенге дейін берілген немесе қабылданған аталған міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар бар болған кезде 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жол беріледі.

      Өнім мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналыс белгісімен) таңбаланбанады. Мұндай өнімді Одақ нарығындағы бірыңғай айналыс белгісімен таңбалауға жол берілмейді;

      г) осы тармақтың "б және "в" тармақшаларында көрсетілген өнімнің айналысына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген қызмет ету мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2) Ресей Федерациясы Үкіметінен мүше мемлекеттермен бірлесіп техникалық регламент күшіне енгенге дейін:

      а) оларды қолдану нәтижесінде ерікті негізде зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын техникалық регламенттің және мемлекетаралық стандарттың талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаның жобасын;

      б) оларға қатысты кедендік рәсімдерге жатқызу кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталатын техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімдер тізбесінің жобасын әзірлеу және Еуразиялық экономикалық комиссияға беру сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады