Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне титан оксидтеріне қатысты өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 7 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.26-тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Беларусь Республикасының облыстық атқару комитеттері кәсіпорындарды тіркеу орны бойынша берген және тауардың саны мен құны туралы, сондай-ақ осындай тауарды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растауды кеден органдарына ұсынған жағдайда ЕАЭО СЭҚ ТН 2823 00 000 0 кодымен сыныпталатын, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 7 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін Беларусь Республикасының аумағына жыл сайын 360 тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін және химиялық талшықтар мен жіптердің өндірісінде пайдалануға арналған титан оксидтері.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады