Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 8 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 42-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 25 наурыздағы "COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болғызбауға бағытталған шараларды іске асыру туралы" № 11 өкімін орындау мақсатында, жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына байланысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдаятқа орай Еуразиялық экономикалық одақ нарығында өнім тапшылығын алдын ала ескерту үшін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі "Сәйкестікті бағалаудың типтік схемалары туралы" № 44 шешіміне өзгеріс енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 10 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 21 қаңтардағы
№ 8 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1.31-тармақтың "б" тармақшасы "уақытша шараларды қолдану кезінде сәйкестікті бағалау рәсімдерін бұзған сертификаттау жөніндегі органдарға қатысты" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 32-тармақтың бірінші абзацында "12 ай" деген сөздер "24 ай" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Көрсетілген Шешіммен бекітілген жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына байланысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдаятқа орай сериялы шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде қолданылатын уақытша шаралардың 3-тармағының бірінші абзацы "арқылы" деген сөзден кейін "өндіріс жай-күйін, соның ішінде қашықтықтан бағалауды пайдалана отырып талдау және (немесе)" сөздермен толықтырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады