Пайыздарды төлемей кедендік әкелу баждарын төлеудің мерзімін ұзарту немесе бөліктеп төлеуді ұсыну негіздерін айқындау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 75 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 59-бабының 2-тармағының 5-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 1297-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімін іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кедендік әкелу баждарын төлеудің мерзімін ұзарту немесе бөліктеп төлеу үшін пайыздарды төлемей кедендік әкелу баждарын төлеудің мерзімін ұзарту немесе бөліктеп төлеуді ұсыну үшін жүйе құраушы және (немесе) қала құраушы кәсіпорындардың (ұйымдардың) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды (өндірісте пайдаланылмайтын акцизделетін тауарларды қоспағанда) әкелуі негіз болып табылады, оларға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында қолдау көрсетіледі деп белгіленсін.

      Осы Шешімге сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеудің мерзімін ұзарту немесе бөліктеп төлеу, егер:

      тауарларға арналған декларацияны, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығарылған жағдайда – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті мүше мемлекеттің кеден органы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықтағы кезеңде тіркеген;

      мүше мемлекеттің кеден органына осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген негіздердің бар екендігі туралы мүше мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органының мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалған тәртіппен берілген растамасы табыс етілген жағдайда ұсынылады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады