Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 130 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 219-бабының 3-тармағына және 221-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімдеріне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 21 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 19 тамыздағы
№ 130 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімдеріне енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР

      1.  Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешімімен бекітілген Оларға қатысты уақытша әкелудің Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленгеннен ұзағырақ шекті мерзімдері белгіленетін тауарлар санаттарының тізбесінде:

      а) үшінші бағандағы 1-позиция ", егер осы Тізбенің 11-позициясында өзгеше белгіленбесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы 11-позициямен толықтырылсын:

"11

Осы Тізбенің 1-позициясында көрсетілген, осы Тізбенің 1-позициясына сәйкес айқындалған уақытша әкелудің шекті мерзімі 2022 жылғы 21 ақпан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде аяқталатын тауарлар

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін";

      в) үшінші бағандағы 4-позиция ", егер осы Тізбенің 41-позициясында өзгеше белгіленбесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      г) мынадай мазмұндағы 41-позициямен толықтырылсын:

"41

Осы Тізбенің 4-позициясында көрсетілген, осы Тізбенің 4-позициясына сәйкес айқындалған уақытша әкелудің шекті мерзімі 2022 жылғы 21 ақпан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде аяқталатын тауарлар

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін";

      д) үшінші бағандағы 6-позиция ", егер осы Тізбенің 61-позициясында өзгеше белгіленбесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      е) мынадай мазмұндағы 61-позициямен толықтырылсын:

"61

Осы Тізбенің 6-позициясында көрсетілген, осы Тізбенің 6-позициясына сәйкес айқындалған уақытша әкелудің шекті мерзімі 2022 жылғы 21 ақпан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде аяқталатын тауарлар

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін";

      ж) үшінші бағандағы 11-позиция ", егер осы Тізбенің 111-позициясында өзгеше белгіленбесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      з) мынадай мазмұндағы 111-позициямен толықтырылсын:

"111

Осы Тізбенің 11-позициясында көрсетілген, осы Тізбенің 11-позициясына сәйкес айқындалған уақытша әкелудің шекті мерзімі 2022 жылғы 21 ақпан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде аяқталатын тауарлар

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін";

      и) үшінші бағандағы 12-позиция ", егер осы Тізбенің 125-позициясында өзгеше белгіленбесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      к) мынадай мазмұндағы 125-позициямен толықтырылсын:

"125

Осы Тізбенің 12-позициясында көрсетілген, осы Тізбенің 12-позициясына сәйкес айқындалған уақытша әкелудің шекті мерзімі 2022 жылғы 21 ақпан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде аяқталатын тауарлар

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін";

      л) үшінші бағандағы 15-позиция ", егер осы Тізбенің 151-позициясында өзгеше белгіленбесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      м) мынадай мазмұндағы 151-позициямен толықтырылсын:

"151

Осы Тізбенің 15-позициясында көрсетілген, осы Тізбенің 15-позициясына сәйкес айқындалған уақытша әкелудің шекті мерзімі 2022 жылғы 21 ақпан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде аяқталатын тауарлар

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін";

      н) мынадай мазмұндағы 21 және 22-позициялармен толықтырылсын:

"21

Кедендік әкелу баждары, салықтар ішінара төленетін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 221-бабының 1-тармағында белгіленген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі 2022 жылғы 21 ақпаннан бастап 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде аяқталатын тауарлар (осы Тізбенің басқа позицияларында көрсетілген тауарларды және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 203 шешімімен бекітілген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі 2 жылдан аз тауарлар санаттарының тізбесіне енгізілген тауарларды қоспағанда)
 

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін

22

Табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға немесе олардың салдарын жоюға арналған, шетелдік тұлға әкелетін немесе мемлекеттік органдарға немесе кедендік әкелу баждарын, салықтарды мемлекеттік мекемелерге уақытша пайдалануға өтеусіз беретін, Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 331 шешімімен бекітілген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден шартты түрде толық босатылып уақытша әкелінетін тауарлар тізбесінің 18-тармағына сәйкес төлеуден шартты түрде толық босатылған және уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі 2022 жылғы 21 ақпаннан бастап мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде аяқталатын тауарлар

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін".

      2.  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 109 шешімінде:

      а) 2-тармақта:

      екінші абзацтағы "үшінші абзацындағы" деген сөздер "үшінші және төртінші абзацтарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес көрсетілген тізбенің 38-тармағында көрсетілген тауарлардың уақытша болуының және пайдаланылуының шекті мерзімі осындай тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырған күннен бастап 5 жылды құрайды, ал 2017 жылғы 21 ақпаннан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған көрсетілген тауарларға қатысты – 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін.";

      б) көрсетілген Шешіммен бекітілген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуға және пайдалануға кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей жол берілетін тауарлар санаттарының тізбесінде:

      11-тармақта:

      екінші абзац ", егер осы тармақтың үшінші абзацында өзгеше белгіленбесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес 2019 жылғы 1 қарашадан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған көрсетілген теңіз кемелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуының және пайдаланылуының шекті мерзімі – 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін.";

      12-тармақта:

      екінші абзац ", егер осы тармақтың үшінші абзацында өзгеше белгіленбесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес 2021 жылғы 21 ақпаннан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған көрсетілген теңіз кемелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуының және пайдаланылуының шекті мерзімі – 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады