Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 142 шешімі.

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың 3-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 48-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) жүргізу тәртібіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2022 жылғы 31 наурызда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енетін күннен ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 142 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) жүргізу тәртібіне енгізілетін өзгерістер

      1. 3-тармақ мынадай мазмұндағы 8-тармақшамен толықтырылсын:

      "8) "адам денсаулығына зиянды әсер ету" - бақылаудағы тауарлардың, тіршілік ету ортасы факторларының адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін не болашақ ұрпақтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әсері.".

      2. 13-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар адам денсаулығына зиянды әсер ету тәуекелін бағалауды (бұдан әрі-тәуекелді бағалау) ескере отырып, осындай тәуекелді жою немесе азайту, инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланулардың) пайда болуы мен таралуын болдырмау және оларды жою мақсатында жүргізіледі.".

      3. 29-тармақтың екінші абзацы "уәкілетті органдар" деген сөздерден кейін "тәуекелді бағалауды ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 37-тармақ бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "тәуекелді бағалауды жүргізу;".

      5. 39-тармақтың екінші абзацы "себептерін көрсете отырып және" деген сөздерден кейін "тәуекелді бағалау нәтижелерін ескере отырып" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. 40-тармақтың алтыншы абзацы "қабылданатын шара туралы" деген сөздердің алдынан "тәуекелді бағалау нәтижелерін ескере отырып" деген сөздермен толықтырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады