Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 32 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 30 өкімі

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Басым еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру туралы" 2016 жылғы 18 қазандағы № 32 өкіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук

  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 қазандағы
№ 30 өкіміне
  ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 32 өкіміне енгізілетін өзгерістер

      1. 2-тармақтағы "18" деген цифрлар "19" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2. Көрсетілген өкімге № 1 қосымшада:

      а) бірінші баған мынадай мазмұндағы 15-позициямен толықтырылсын:

      "15. Аэроғарыштық технологиялар";

      б) екінші баған мынадай мазмұндағы 18-позициямен толықтырылсын:

      "18. Азаматтық авиация".

      3. Мынадай мазмұндағы № 19 қосымшамен толықтырылсын:

  "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 18 қазандағы
№ 32 өкіміне
  № 19 ҚОСЫМША

"Азаматтық авиация құрылысы" еуразиялық технологиялық платформасының паспорты

      1. Құрылтайшылар:

      "Өнеркәсіпті дамытудағы құзыреттер орталығы" автономдық коммерциялық емес ұйымы (Ульяновск қ., Ресей Федерациясы);

      "558 Авиациялық жөндеу зауыты" ашық акционерлік қоғамы (Барановичи қ., Беларусь Республикасы);

      "Қазақстан авиациялық индустриясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Астана қ., Қазақстан Республикасы).

      2. Мақсаты:

      Ұлттық авиация өнеркәсібі кәсіпорындары мен кешендерінің өзара тиімді инновациялық дамуын ынталандыру, перспективалы коммерциялық технологияларды, жоғары технологиялық, инновациялық және авиация өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті өнімдерін жасау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) экономикалық әлеуетін пайдалану негізінде мүдделі тараптардың (бизнес-қоғамдастықтар, мемлекеттік органдар, ғылыми және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің) тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

      3. Міндеттер:

      азаматтық авиация құрылысы саласының және мүше мемлекеттер экономикасының ілеспе салаларының ағымдағы жай-күйі мен даму бағыттарына зерттеулер жүргізу;

      мүше мемлекеттердегі азаматтық авиация саласының жай-күйі туралы бірлескен талдамалық материалдар дайындау және олар туралы "Азаматтық авиация құрылысы" еуразиялық технологиялық платформасына қатысушыларды хабардар ету;

      мүше мемлекеттер экономикасының авиация өнеркәсібі өніміне қажеттілігін айқындау;

      мүше мемлекеттердің авиациялық кәсіпорындарының ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастығы нәтижелерінің мониторингі, осы негізде мүше мемлекеттерде жүргізілетін авиакомпоненттер бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқор құру;

      мүше мемлекеттердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін авиация өнеркәсібінің инновациялық жоғары технологиялық өнімдерін құру және ілгерілету;

      авиация саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың тиімділігін арттыру және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамыту, инновациялық даму қорларын тарту;

      авиакомпания саласында ақпарат алмасу үшін коммуникациялық арналарды қалыптастыру;

      кооперация, интеграция процестерін, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының салааралық өзара іс-қимылын дамыту;

      саланы дамытудың әлемдік трендтеріне сәйкес азаматтық авиация саласындағы бағдарламалық өнімдер мен сервистерге мүше мемлекеттердің аумақтарында әртүрлі меншік нысандарындағы ұйымдар құрған және әзірлейтін ғылыми және коммерциялық әлеуетті бағалау үшін сараптама алаңын қалыптастыру;

      уәкілетті органдарға мүше мемлекеттердің нарығында айналатын авиация өнеркәсібінің өніміне халықаралық қағидаларда белгіленген техникалық шарттар мен техникалық талаптар негізінде авиациялық техниканы сертификаттау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру және ұсыну;

      азаматтық авиация жасау саласындағы мүше мемлекеттердің ұлттық технологиялық платформаларымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

      4. Қызметтің негізгі бағыттары:

      азаматтық авиация;

      авиакомпания саласында ақпарат алмасу үшін тиімді коммуникацияны қамтамасыз ету;

      авиация өнеркәсібінің перспективалы коммерциялық технологияларын, жоғары технологиялық, инновациялық және бәсекеге қабілетті өнімдерін әзірлеу;

      Ұлттық авиация өнеркәсібі кәсіпорындары мен кешендерін инновациялық дамыту;

      мүше мемлекеттерде жүргізілетін авиакомпоненттер бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқор құру.".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады