Дайындаушылар уәкілеттік берген тұлғалардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру тәсілдері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 40 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен (бұдан әрі – тиісінше Одақ, уәкілетті органдар) өзара іс-қимыл жасай отырып, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамада көзделген дайындаушылар уәкілеттік берген тұлғалардың бірыңғай тізілімін (бұдан әрі – тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу кезінде тізілім хабарлама жасау қағидаты бойынша қалыптастырылатынын негізге алсын.

      2. Комиссия Алқасы осы өкімнің 1-тармағында көрсетілген Хаттамаға қол қойылғанға дейін техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі консультативтік комитетте тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін мақұлдауды қамтамасыз етсін.

      3. Уәкілетті органдар Комиссия Кеңесінің тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі туралы шешімі күшіне енген күннен бастап дайындаушылар уәкілеттік берген тұлғаларды тізілімге енгізудің құқық қолдану практикасына мониторингті жүзеге асырсын және мониторинг нәтижелерін Комиссияға ұсынсын.

      4. Комиссия Алқасы Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі туралы Комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен бастап 3 жыл өткен соң тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізудің орындылығы туралы ұсыныспен осы өкімнің 3-тармағында көрсетілген мониторинг нәтижелері туралы баяндаманы Комиссия Кеңесіне ұсынсын.

      5. Осы өкім Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады