Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында шұғыл келісімшарттар бойынша электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымдарды айқындау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 48 өкімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 21 қосымша) (бұдан әрі – Хаттама) 32-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 31 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) 6-тармағын орындау үшін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – Одақ) ұсыныстары негізінде:

      1. "Беларусь әмбебап тауар биржасы" ашық акционерлік қоғамы, "Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы" акционерлік қоғамы және "Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасы" акционерлік қоғамы Одақтың жалпы электр энергетикалық нарығында шұғыл келісімшарттар бойынша электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымдар болып айқындалсын.

      2. Беларусь Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Ресей Федерациясының Үкіметінен осы өкімнің 1-тармағында көрсетілген ұйымдарды іс-шаралар жоспарының 13-тармағына сәйкес Одақтың жалпы электр энергетикалық нарығының технологиялық негізінің жұмыс істеуіне тестілік сынақтар жүргізуді ескере отырып, Хаттаманың 33-тармағында көрсетілген актілерде белгіленген шұғыл келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда операторының құқықтары мен міндеттерін (функциялары мен өкілеттіктерін) Хаттаманың 5 – 8-тармақтарына сәйкес қабылданған актілер күшіне енген күннен бастап іске асыруға даярлауға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізуді қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы Өкім, Хаттаманың 6-тармағында көзделген актіні Еуразиялық үкіметаралық кеңес қабылдаған күннен бастап күшіне енетін осы өкімнің 2-тармағын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко С.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады