Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытудың 2027 жылға дейінгі нысаналы бағдарламасы туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2022 жылғы 21 қазандағы № 2 шешімі.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 2 өкімін ескере отырып Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1.  Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытудың 2027 жылға дейінгі нысаналы бағдарламасы бекітілсін.

      2.  Осы Шешім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан






  Еуразиялық үкіметаралық кеңестің
2022 жылғы "21" қазандағы
№ 2 шешімімен
  БЕКІТІЛДІ

Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытудың 2027 жылға дейінгі НЫСАНАЛЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

I. Жалпы мәліметтер

      1. Осы Бағдарлама Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 23-бабын іске асыру мақсатында және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 2 өкімін орындау үшін әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі тиісінше – интеграцияланған жүйе, Одақ) дамытудың 2027 жылға дейінгі бағыттарын айқындайды, сондай-ақ интеграцияланған жүйені дамытудың 2023-2025 жылдарға және 2026-2027 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарларын қамтиды.

      2. Осы Бағдарламада пайдаланылатын ұғымдар интеграцияланған жүйені құру және дамыту мәселелерін реттейтін Шартта, Одақ органдарының актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады, сондай-ақ мыналарды білдіреді:

      "сенім білдірілген үшінші тарап" – Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасына сәйкес электрондық құжатқа қол қойған адамға қатысты белгіленген уақытта электрондық құжаттарда электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) тексеру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығы берілген ұйым;

      "Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі" – мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттері және Комиссияның интеграциялық сегменті біріктірген аумақтық бөлінген мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің, Комиссияның ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің ұйымдық жиынтығы;

      "мүше мемлекеттің интеграцияланған жүйесінің ұлттық сегменті", "Комиссия интеграцияланған жүйесінің интеграциялық сегменті" – Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберінде уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің және Комиссияның ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер;

      "нормативтік-анықтамалық ақпарат" – электрондық өзара іс-қимыл субъектілері арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын анықтамалықтар мен сыныптауыштар жиынтығы;

      "жалпы процесс" – Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттармен және актілермен және бір мүше мемлекеттің аумағында басталатын, ал екінші мүше мемлекеттің аумағында аяқталатын (өзгертілетін) мүше мемлекеттердің заңнамасымен регламенттелген (белгіленген) операциялар мен рәсімдер;

      "электрондық деректер алмасу операторы" – өзі резиденті болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына және Одақ органдарының актілеріне сәйкес электрондық деректер алмасу жөніндегі уәкілетті органдармен, шаруашылық жүргізуші субъектілермен және өз мүше мемлекетінің немесе басқа мүше мемлекеттердің азаматтарымен, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілермен немесе үшінші елдердің азаматтарымен жасалған келісімдер негізінде мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен азаматтарына қызметтер көрсететін ұйым;

      "трансшекаралық сенім кеңістігі" - уәкілетті органдар арасында мемлекетаралық деректер және электрондық құжаттар алмасу кезінде сенімді қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттер келіскен құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шарттардың жиынтығы;

      "уәкілетті орган" – жекелеген салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі өкілеттіктер берілген мүше мемлекеттің мемлекеттік органы немесе ол айқындаған ұйым;

      "B2B-өзара іс-қимылы" – шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл;

      "B2G-өзара іс-қимылы" – мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттік билік органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылы;

      "C2G-өзара іс-қимылы" – мүше мемлекеттердің азаматтары мен мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылы;

      "G2G-өзара іс-қимыл" – мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің мемлекеттік билік органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл.

      3. Интеграцияланған жүйе Одақ шеңберінде, сондай-ақ үшінші елдермен, халықаралық ұйымдармен және интеграциялық бірлестіктермен мемлекетаралық деректер және электрондық құжаттармен алмасуды қамтамасыз етуге, мүше мемлекеттер үшін ортақ ақпараттық ресурстарды құруға, жалпы процестерді іске асыруға, сондай-ақ Одақ органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған.

      4. Интеграцияланған жүйені дамытуға Шарт, Еуразиялық экономикалық одақтың 2022 жылғы 25 ақпандағы № 2 өкімі, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 100 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытудың 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясы, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 11 қазандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттары, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 125 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытуға арналған техникалық тапсырма негіз болып табылады.

      5. Одақтың интеграциялық жоба ретіндегі табыстылығы мен дамуы негізінен ақпараттық интеграция мәселелерін тиімді шешуге және цифрлық технологияларды пайдалану тәжірибесін кеңейтуге тәуелді және тәуелді болады. Цифрлық платформалар инновацияның драйвері болып табылады және цифрлық қоғам мен экономикада маңызды рөл атқарады.

      6. Цифрлық платформа цифрлық экожүйе субъектілерінің едәуір санының цифрлық процестерді, ресурстар мен сервистерді пайдалануын қолдайтын және олардың жіксіз өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін құралдар жүйесі болып табылады.

      7. Жаһандық экономикалық саясаттың тұрақты өзекті басымдықтарын және әлемдік аренадағы өзгермелі ахуалды ескере отырып, Еуразиялық интеграцияның басымдықтарын іске асыру және мүше мемлекеттердің ұлттық мүдделерін сақтау кезінде Одақ шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың құралдарын, түрлері мен сапасын дамыту интеграциялық процестердің іске асырудың сапалы жаңа деңгейіне шығуына ықпал етуге тиіс, бұл мүше мемлекеттердің алдында тұрған орнықты экономикалық даму, ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін жан-жақты жаңғырту және күшейту жөніндегі ортақ міндеттерді шешу кезінде өзінің оң көрінісін табады, бұл, түпкі нәтижесінде, іскерлік белсенділіктің өсуіне және мүше мемлекеттер азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға әкелуі тиіс.

II. Мақсаттар мен міндеттер

      8. Осы Бағдарламаны іске асырудың негізгі мақсаттары:

      а) Одақты құру қажеттіліктері мен мақсаттарын, сондай-ақ Одақ шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету және іске асыру кезінде ақпарат алмасуға қатысушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін интеграцияланған жүйені дамыту;

      б)  интеграцияланған жүйенің функциялары мен сервистеріне қол жеткізудің тең құқықтары мен шарттарын ұсынуды қамтамасыз ету;

      в)  мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелерін дамыту мен қолданудың ақпараттық және цифрлық деңгейін теңестіру, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту мен қолдану деңгейін жалпы арттыру;

      г)  мүше мемлекеттер экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау;

      д) ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесін жетілдіру;

      е) жаһандық және өңірлік ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық кеңістік элементтерін пайдалану мен дамытуға одақтың тиімді қатысуын қамтамасыз ету табылады.

      9. Осы Бағдарламаны іске асырудың негізгі міндеттері:

      а) еуразиялық интеграцияның басымдықтарына сәйкес ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде сапалы жаңа және талап етілетін функциялар мен сервистерді ұсыну және пайдалану мақсатында интеграцияланған жүйенің инфрақұрылымын дамыту;

      б) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің органдарын одақ органдарының актілерінде көзделген мемлекеттік бақылаудың барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

      в)  ақпараттандыру және ақпараттық технологиялар саласында келісілген саясатты жүргізуге, интеграцияланған жүйеге мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерін жаңғыртуға жәрдемдесу;

      г)  интеграцияланған жүйе шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылға (электрондық деректер алмасуға) қатысушылардың санын, ақпаратты алу, беру, сақтау және өңдеу жылдамдығы мен көлемін ұлғайту мүмкіндігін қамтамасыз ету табылады.

III. Одақ шеңберінде Мемлекетаралық деректер алмасуды ұйымдастыру тәсілдері

      10. Одақ шеңберінде электрондық түрдегі мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл интеграцияланған жүйенің құралдарын пайдалана отырып, осындай өзара іс-қимылға қатысушылардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау есебінен жүзеге асырылады.

      11. Интеграцияланған жүйе құралдарын пайдалана отырып интеграциялауға тәсілдемелер трансшекаралық жүйелерді құрудың халықаралық тәжірибесін ескере отырып қалыптастырылады және мемлекетаралық өзара іс-қимылға қатысушылардың ақпараттық жүйелерінің 4 деңгейде: нормативтік, ұйымдастырушылық, семантикалық және техникалық үйлесімділігін (интероперабельділігін) қамтамасыз етуді көздейді.

      Нормативтік деңгейде интероперабельділікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Одақ шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылдың барлық қатысушыларының қолдануы үшін міндетті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады.

      Ұйымдастырушылық деңгейде интероперабельділікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар тиісті құқықтары, міндеттері мен жауапкершілік аймақтары бар өзара іс-қимыл жасайтын басқару органдарын (Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия), интеграцияланған жүйеге мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің тапсырыс берушілері мен операторларын және т.б.) айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      Семантикалық деңгейде интероперабельділікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар берілетін және қабылданатын ақпараттың біржақты түсіндірілуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады.

      Техникалық деңгейде интероперабельділікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Көлік және технологиялық деңгейлердегі ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимыл интерфейстеріне қойылатын талаптарды айқындау және іске асыру мақсатында жүзеге асырылады (мұндай интерфейстерді бағдарламалық қамтылымды жүзеге асыруға шектеулер жоқ).

IV. Жалпы қағидаттар

      12. Интеграцияланған жүйені құру және дамыту мынадай қағидаттар:

      а) мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелерін интеграциялау халықаралық стандарттар мен ұсынымдарды ескере отырып жүзеге асырылатыны;

      б)  Одақ шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар алмасатын электрондық құжаттар мен мәліметтер бірыңғай құрылымдарды пайдалану негізінде деректер архитектурасына сәйкес жобаланатыны;

      в)  интеграцияланған жүйе сервистік бағдарланған архитектура қағидаттарына сәйкес құрылады және дамиды, оған сәйкес мүше мемлекеттердің интеграцияланатын ақпараттық жүйелері стандартталған хаттамалар бойынша өзара іс-қимыл жасайтын байланысты сервистердің жиынтығы ретінде қарастырылатыны;

      г)  интеграцияланған жүйе уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін алмастырмайды. Интеграцияланған жүйені пайдалану уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау есебінен интеграциялық процестерді оңайлатуға және біріздендіруге бағытталғаны;

      д)   оған сәйкес ақпараттық жүйелер интеграцияланған жүйенің құралдарын пайдалана отырып, деректермен алмасуды өз бетінше бастайтын, мүше мемлекеттердің интеграцияланатын ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылының негізгі үлгісі хореография шаблоны болып табылатынын. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде хореография шаблонын пайдалану комиссияның интеграциялық сегментінде және интеграцияланған жүйеге мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінде уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің қолданбалы сервистерден тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғаны;

      е)   интеграцияланатын ақпараттық жүйелерді техникалық іске асыру ақпараттық өзара іс-қимылдың қолданбалы процестерінен бөлінетінін. Интеграцияланатын ақпараттық жүйелердің біреуінің техникалық іске асырылуын өзгерту ақпараттық өзара іс қимыл интерфейстерін өзгертуді және басқа интеграцияланатын ақпараттық жүйелердің техникалық іске асырылуына өзгерістер енгізуді талап етпеуге тиістігі;

      ж)   интеграцияланған жүйенің құралдарымен шешілетін қолданбалы міндеттер тізбесін кеңейту жаңа кіші жүйелерді құру арқылы емес, интеграцияланған жүйенің қолданыстағы кіші жүйелерінің функционалдығын кеңейту арқылы қамтамасыз етілетіні;

      з)   ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылардың мәліметтерді бірлесіп пайдалануы ортақ ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен жүргізу ескеріле отырып, қолданылатын нақты архитектуралық шешімдерге байланысты болатыны ескеріле отырып жүзеге асырылады.

V. Одақ шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

      13. Одақ шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық негіздері Шарттың 23-бабында және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттамада (Шартқа № 3 қосымша) айқындалған.

      14. Одақ шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды нормативтік реттеу ұлттықтан жоғары және ұлттық деңгейде жүзеге асырылады.

      15. Ұлттықтан жоғары деңгейде интеграцияланған жүйенің дамуы мен жұмыс істеуі кезінде қолданылатын ұйымдастырушылық және техникалық шешімдерді біріздендіруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ ақпаратты қорғаудың тиісті деңгейін қолдауға бағытталған техникалық, технологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық құжаттарды әзірлеу және бекіту жүзеге асырылады.

      16. Интеграцияланған жүйеде электрондық деректер алмасу өзара іс-қимыл учаскелерінің 2 типінде (ұлттық және мемлекетаралық) және өзара іс-қимылдың 3 логикалық деңгейінде (көліктік, технологиялық және қолданбалы) жүзеге асырылады.

      17. Ұлттықтан жоғары деңгейде мемлекетаралық өзара іс-қимыл учаскесінде көліктік, технологиялық және қолданбалы деңгейлерде өзара іс-қимылға қойылатын талаптар айқындалады.

      18. Ұлттық деңгейде көлік деңгейіндегі өзара іс-қимылдың ұлттық учаскесінде өзара іс-қимылға қойылатын талаптар айқындалады, сондай-ақ технологиялық деңгейде өзара іс-қимылға қойылатын ұлттықтан жоғары деңгейде талаптарға қатысты қосымша талаптар айқындалуы мүмкін.

      19. Көлік және технологиялық деңгейлердегі ақпараттық өзара іс-қимыл, сондай-ақ қолданбалы деңгейдегі өзара іс-қимылдың жалпы қағидалары Комиссия бекітетін интеграцияланған жүйеде деректерді электрондық алмасу қағидаларымен регламенттеледі.

      20. Электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) пайдалана отырып ақпараттық өзара іс-қимылға қойылатын талаптар Комиссия Кеңесі мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының өзара және Комиссиямен трансшекаралық өзара іс-қимылы барысында электрондық құжаттар алмасу туралы ережеде айқындалады.

      21. Ақпаратты қорғау мәселелерін қоса алғанда, мемлекетаралық деректер мен электрондық құжаттармен алмасу кезінде сенімді қамтамасыз етудің құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шарттары Комиссия Кеңесі бекітетін трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптармен регламенттеледі.

      22. Қолданбалы деңгейде ақпараттық өзара іс-қимылдың егжей-тегжейлі рәсімдері әрбір жалпы процесс үшін жеке әзірленетін және Комиссия бекітетін жалпы процестің интеграцияланған жүйесінің құралдарымен іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды реттейтін технологиялық құжаттардың үлгілік құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес ресімделетін технологиялық құжаттармен регламенттеледі.

      23. B2G рәсімінің интероперабельділігін қамтамасыз ету Комиссия қабылдайтын ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады. Интероперабельділікті қамтамасыз етудің перспективалық бағыттары болып:

      а) электрондық деректер алмасу операторлары арасындағы ақпараттық трансшекаралық В2В өзара іс-қимылы;

      б) мамандандырылған бизнес-шлюздерді пайдалана отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақпараттық В2G өзара іс-қимылы;

      в) мемлекетаралық қызметтер көрсету шеңберіндегі ақпараттық В2G өзара іс-қимылы табылады.

      В2G- және В2В өзара іс-қимылды іске асыруды қамтамасыз ету Одақтың құруға жоспарланған цифрлық платформасы арқылы мүмкін болады.

VI. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету

      24. Комиссия интеграцияланған жүйеге мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің тапсырыс берушілерімен өзара іс-қимылда интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді.

      25. Комиссия интеграцияланған жүйені дамыту жөніндегі жұмыстардың тапсырыс беруші – үйлестірушісі, сондай-ақ интеграцияланған жүйе комиссиясының интеграциялық сегментінің тапсырыс беруші болып табылады.

      26. Комиссия Комиссияның интеграцияланған жүйесінің интеграциялық сегменті, Комиссияның ақпараттық ресурстары мен жүйелері сияқты интеграцияланған жүйенің құрамдас бөліктеріне қатысты меншік иесінің құқықтарын жүзеге асырады және міндеттерін орындайды, сондай-ақ оларды жобалауды, әзірлеуді, енгізуді, жұмыс нәтижелерін қабылдауды және одан әрі қолдап отыруды ұйымдастырады.

      27. Комиссия интеграцияланған жүйе сегменттері арасында, интеграцияланған жүйе Комиссиясының интеграциялық сегменті мен үшінші елдердің, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктердің ақпараттық жүйелері арасында деректер алмасуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінен Одақтың ақпараттық порталына қолжетімділікті береді.

      28. Мүше мемлекеттердің интеграцияланған жүйесінің ұлттық сегменттеріне тапсырыс берушілерді мүше мемлекеттер айқындайды.

      29. Мүше мемлекеттердің интеграцияланған жүйесінің ұлттық сегменттеріне тапсырыс берушілер оларды құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі құқықтарды жүзеге асырады және міндеттерді орындайды.

      30. Интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттерінің тапсырыс берушілері жалпы процестерді іске асыруға қатысатын уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін интеграцияланған жүйенің ұлттық сегментіне қосуды үйлестіруді қамтамасыз етеді.

      31. Өз функцияларын жүзеге асыру үшін интеграцияланған жүйенің ұлттық сегментіне Тапсырыс беруші мамандандырылған ұйымдарды (ұлттық сегмент операторын, интеграциялық шлюз операторын, сенімді үшінші тарап операторын және т.б.) айқындайды.

      32. Жалпы процестерге қатысушы-уәкілетті органдар жалпы процестерді іске асыру үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді әзірлеуді (пысықтауды), сондай-ақ оларды интеграцияланған жүйенің ұлттық сегментінің Тапсырыс берушісін үйлестіру кезінде және мамандандырылған ұйымдармен (ұлттық сегменттің операторы, интеграциялық шлюз операторы, сенім білдірілген үшінші тараптың операторы және т.б.) өзара іс-қимыл жасау кезінде интеграцияланған жүйенің ұлттық сегментіне қосуды қамтамасыз етеді.

      33. Уәкілетті органдар өз функцияларын жүзеге асыру үшін мамандандырылған ұйымдарды (интеграциялық шлюз операторларын, сенім білдірілген үшінші тараптарды және электрондық деректер алмасуды) айқындай алады.

      34. Интеграцияланған жүйені қолдап отыру және техникалық қызмет көрсету және жалпы процестерді іске асыруды қамтамасыз ету үшін интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттерінің тапсырыс берушілері (ұлттық сегменттердің тапсырыс берушілері айқындаған мамандандырылған ұйымдар) мен жалпы процестерге қатысушы уәкілетті органдар жұмыс істеуін Комиссия ұйымдастыратын интеграцияланған жүйенің техникалық қолдау қызметін үйлестіру кезінде өзара іс-қимыл жасайтын техникалық қолдау қызметтерінің жұмыс істеуін ұйымдастырады.

      35. Интеграцияланған жүйені пайдаланушылардың келесі санаттары ерекшеленеді:

      а)  функционалды кіші жүйелерді пайдаланушылар – Одақ органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін пайдаланады;

      б)  интеграциялық сервистерді пайдаланушылар – тиісті жалпы процестерді іске асыру кезінде жүзеге асырылатын деректер мен электрондық құжаттардың мемлекетаралық электрондық алмасуын қамтамасыз ету үшін интеграцияланған жүйені пайдаланады;

      в)  ортақ ақпараттық ресурстарды пайдаланушылар – ортақ ақпараттық ресурстарға қол жеткізу үшін Одақтың ақпараттық порталын пайдаланады;

      г) ақпараттық жүйелерді әзірлеушілер – қосымша қызметтерді дамыту үшін интеграцияланған жүйенің ашық бағдарламалық интерфейстерін қолданады.

      36. Өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде қолданатын Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлері функционалдық кіші жүйелерді пайдаланушылар болып табылады.

      37. Электрондық түрдегі ақпараттық өзара іс-қимыл халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын уәкілетті органдар, Комиссия, сондай-ақ үшінші елдердің уәкілетті органдары, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер интеграциялық сервистерді пайдаланушылар болып табылады.

      38. Барлық мүдделі тұлғалар, оның ішінде мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің жеке тұлғалары мен шаруашылық жүргізуші субъектілері, уәкілетті органдардың, Комиссиялардың, үшінші елдердің уәкілетті органдарының, халықаралық ұйымдардың, интеграциялық бірлестіктердің және т. б. қызметкерлері ортақ ақпараттық ресурстарды пайдаланушылар болып табылады.

      39. Ақпараттық жүйелерді әзірлеушілер өз бастамасы бойынша немесе тапсырыс бойынша ашық бағдарламалық интерфейстерді, жалпы ақпараттық ресурстарды, интеграцияланған жүйенің ашық деректерін пайдалану негізінде ақпараттық жүйелерді әзірлеуді (пысықтауды) жүзеге асырады.

VII. Деректердің интероперабельділігін қамтамасыз ету

      40. Интеграцияланған жүйе деректерінің интероперабельділігін қамтамасыз ету электрондық деректер алмасудың барлық қатысушыларымен берілетін электрондық құжаттар мен мәліметтердің бірдей интерпретациясын қолдайды.

      41. Интеграцияланған жүйенің деректер деңгейінің негізін Одақ деректерінің моделі және Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі құрайды.

      42. Одақтың деректер моделі интеграцияланған жүйе арқылы берілетін электрондық құжаттардағы мәліметтерді ұсыну үшін пайдаланылатын деректер элементтері мен түрлерінің сипаттамаларын қамтиды.

      43. Одақтың Деректер моделі үшінші елдердің, халықаралық ұйымдардың және интеграциялық бірлестіктердің (Дүниежүзілік кеден ұйымының деректер моделі, БҰҰ СЕФАКТ негізгі құрамдастырының кітапханасы және т.б.) деректер модельдерімен үйлеседі, бұл одақтың деректер моделінен басқа модельдерді пайдаланатын үшінші тараптармен электрондық құжаттар мен мәліметтер алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      44. Одақтың деректер моделі негізінде интеграцияланған жүйе арқылы берілетін электрондық құжаттар мен мәліметтердің құрылымдары әзірленеді, олар, әдетте, электрондық құжаттар мен мәліметтердің бірнеше ұқсас түрлерінің реквизиттік құрамын біріктіреді, бұл қолдау көрсетілетін құрылымдардың жалпы санын қысқартуға мүмкіндік береді. Мәліметтермен алмасудың нақты сценарийлері үшін электрондық құжаттар мен мәліметтерге қосымша шектеулер қоятын толтыру қағидаларының жиынтығы әзірленеді.

      45. Одақтың нормативтік анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі мүше мемлекеттердің Үйлестірілген анықтамалықтары мен сыныптауыштарын, сондай-ақ локализацияланған халықаралық анықтамалықтар мен сыныптауыштарды қамтиды. Ол мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, Комиссия, үшінші елдер, халықаралық ұйымдар, интеграциялық бірлестіктер, заңды және жеке тұлғалар арасында интеграцияланған жүйе арқылы берілетін электрондық құжаттардағы мәліметтерді бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      46. Интеграцияланған жүйе арқылы берілетін электрондық құжаттар мен мәліметтердегі кодталған мәндерді тексеру үшін пайдаланылатын анықтамалықтар мен сыныптауыштар Одақтың деректер моделінің өзгеруіне қарамастан оларға өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін Одақтың деректер моделінің бөлігі болып табылмайды. Анықтамалықтар мен сыныптауыштардың құрылымы Одақтың деректер моделін қолдана отырып жасалуы мүмкін.

      47. Комиссия Одақ деректерінің моделін, электрондық құжаттар мен мәліметтер құрылымдарын, оларды толтыру қағидаларын, Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесіне кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды әзірлеуді қамтамасыз етеді.

      48. Мүше мемлекеттер, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді әзірлеушілер қауымдастығы және кез келген мүдделі тұлғалар Одақтың деректер моделі негізінде B2G немесе т. б. рәсімдер шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру үшін қажетті электрондық құжаттар мен мәліметтер құрылымын және оларды толтыру қағидаларының жиынтығын әзірлей алады.

      49. Ұсынылып отырған электрондық құжаттар мен мәліметтер құрылымдары мен қағидалар жиынтығын немесе қолданыстағы құрылымдарға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды Комиссия қарайды. Қажет болған жағдайда Комиссия Одақтың деректер моделіне өзгерістер енгізеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен уәкілетті органдар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың интероперабельділігін және (немесе) біріздендірілуін қамтамасыз ету мақсатында Комиссия B2G және B2B өзара іс-қимыл рәсімдерін іске асыру үшін осындай құрылымдар мен қағидалар жиынтығын ұсына алады.

VIII. Техникалық интероперабельділікті қамтамасыз ету

      50. Техникалық интеграцияланған жүйе Комиссияның интеграциялық сегментінің және интеграцияланған жүйеге мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің жиынтығы болып табылады.

      51. Мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттері, Комиссияның интеграцияланған жүйесінің интеграциялық сегменті арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ үшінші елдердің, халықаралық ұйымдардың және ЕАЭО мен үшінші елдер, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер арасында қол қойылған келісімдер шеңберіндегі интеграциялық бірлестіктердің ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл интеграциялық платформаны пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі.

      52. Интеграциялық платформа мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің әрқайсысында және интеграцияланған жүйе комиссиясының интеграциялық сегментінде бір-бірден ашылатын интеграциялық шлюздерді, сондай-ақ деректерді берудің қорғалған арналарымен біріктірілген үшінші елдердің, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктердің ақпараттық жүйелерін қосуды қамтамасыз ететін сыртқы жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесін қамтиды.

      53. Интеграциялық платформа шеңберінде электрондық алмасу Комиссия белгілейтін бірыңғай қағидалар бойынша жүзеге асырылады. Электрондық алмасуды іске асыру үшін мүше мемлекеттер өз бетінше де, Комиссия ұсынатын үлгілік интеграциялық шлюз негізінде де әзірлеген интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттерінің интеграциялық шлюздерін пайдалануға жол беріледі.

      54. Интеграцияланған жүйені пайдалана отырып, электрондық құжаттармен трансшекаралық алмасу кезіндегі сенім кепілдіктері ақпаратты электрондық түрде құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы есебінен қамтамасыз етіледі, оның негізгі элементтері болып интеграцияланған жүйенің әрбір сегментінің құрамына кіретін және электрондық құжаттардағы электрондық цифрлық қолтаңбаларды (электрондық қолтаңбаларды) тексеруді қамтамасыз ететін сенім білдірілген үшінші тараптың кіші жүйелері табылады. Ақпаратты электрондық түрде құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы элементтерінің толық тізбесі трансшекаралық сенім кеңістігінің архитектурасымен айқындалады.

      55. Интеграцияланған жүйеге мүше мемлекеттің ұлттық сегменті осы мүше мемлекеттің уәкілетті органдарының ақпараттық жүйелерін олардың мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылға қатысуын қамтамасыз ету үшін осы ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзіне қосуды қамтамасыз етеді.

      56. Интеграцияланған жүйеге мүше мемлекеттің ұлттық сегменті, әдетте, мүше мемлекетте қолданылатын ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесінің негізінде қалыптастырылады. Бұл жағдайда ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесін интеграцияланған жүйеге мүше мемлекеттің ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзімен интеграциялау үшін мүше мемлекет өз бетінше әзірлейтін не Комиссия ұсынатын мамандандырылған адаптерлер қолданылады (егер ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзі үлгілік интеграциялық шлюзді пайдалану негізінде әзірленген жағдайда).

      57. Егер интеграцияланған жүйеге мүше мемлекеттің ұлттық сегментінде осы мүше мемлекеттің уәкілетті органдарының ақпараттық жүйелерін интеграциялық платформаға қосу үшін ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі болмаған жағдайда, үлгілік интеграциялық шлюздің функционалдығын кеңейтетін Комиссия ұсынатын мынадай қосымша құрамдастарды:

      а) нақты уақытқа жақын режимде өзара іс-қимыл функцияларын қамтамасыз ете отырып, уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерімен синхронды хабар алмасу функцияларын қамтамасыз ететін синхронды коммуникация адаптерін;

      б) кепілді жеткізуді қамтамасыз ете отырып, уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерімен асинхронды хабар алмасу функцияларын қамтамасыз ететін асинхронды коммуникация адаптерін пайдаланылуы мүмкін.

      58. Синхронды және асинхронды коммуникация адаптерлері үлгілік интеграциялық шлюзбен бірге мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл үшін де, мүше мемлекет шеңберіндегі ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл үшін де пайдаланылуы мүмкін.

      59. Уәкілетті органдардың мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылға қатысуы үшін уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін әзірлеу (пысықтау) және оларды ұлттық сегментке қосу жүзеге асырылады.

      60. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылдың жекелеген рәсімдерін іске асыруға дайын болмаған немесе олар болмаған жағдайда оларды интеграцияланған жүйеге мүше мемлекеттің ұлттық сегментінің құрамында пайдалану мүмкіндігін көздейтін интеграцияланған жүйе комиссиясының интеграциялық сегментінің бағдарламалық қамтылымның құрамдастары (базалық іске асыру құрамдастары) пайдаланылуы мүмкін.

      61. Базалық іске асыру құрамдастарын оларды интеграциялық шлюздер операторларының алаңдарында пайдалануды және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың ұлттық жүйесін және мамандандырылған адаптерлерді пайдаланбай интеграциялық шлюзге тікелей қосылуды ескере отырып әзірленеді. Бұл жағдайда уәкілетті органдардағы пайдаланушыларға базалық іске асыру құрамдастарының функцияларына қол жеткізу веб-интерфейстерді пайдалана отырып ұйымдастырылады және деректер берудің қорғалған арналары арқылы қамтамасыз етіледі.

      62. Уәкілетті органның алаңында базалық іске асыру құрамдастарын пайдалануға жол беріледі. Бұл жағдайда базалық іске асыру құрамдастарын интеграциялық шлюзге қосу ведомствоаралық өзара іс-қимылдың ұлттық жүйесін және мамандандырылған адаптерлер пайдаланыла отырып жүзеге асырылады, бұл базалық іске асыру құрамдастарын пысықтауды талап етуі мүмкін.

      63. Интеграцияланған жүйе Комиссияның интеграциялық сегментінде іске асырылатын функционалдық және қамтамасыз ететін кіші жүйелердің жиынтығын қамтиды. Бұл ретте интеграцияланған жүйенің негізгі міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін интеграцияланған жүйенің ядросына мынадай кіші жүйелер жатады:

      а)  интеграциялық платформа – электрондық хабарлардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз ете отырып, мемлекетаралық электрондық деректер алмасуды жүзеге асыру үшін сервистерді ұсынады;

      б)  Одақтың ақпараттық порталы – Комиссияда орталықтандырылып не мүше мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимылы негізінде қалыптастырылатын Одақтың жалпы ақпараттық ресурстарына қол жеткізу үшін сервистерді ұсынады;

      в)  жалпы процестерді басқарудың кіші жүйесі –Комиссияның интеграциялық сегментінде жалпы процестерді іске асыру үшін қажетті сервистерді, сондай-ақ жалпы процестерге қатысу үшін мүше мемлекеттердің интеграцияланған жүйесінің ұлттық сегменттерінде пайдалану үшін қолданылатын біріздендірілген құрамдастарды (базалық іске асыру құрамдастары) ұсынады;

      г)  интеграциялық сегментті сақтау орны – интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуі шеңберінде, оның ішінде жалпы процестерді іске асыру кезінде қалыптастырылатын құрылымдық және құрылымданбаған деректерді жинау, сақтау және оларға қол жеткізудің бірыңғай тетігін қамтамасыз етеді. Бастапқы деректерді басқарудан басқа, сақтау орны онлайн есептеуді, сақтауды және бастапқы деректерді өңдеу негізінде қалыптасқан деректер дисплейлеріне бірыңғай кіру нүктесін қамтамасыз етеді;

      д)  сенім білдірілген үшінші тарап қызметі – интеграцияланған жүйе шеңберінде электрондық құжаттармен трансшекаралық алмасу кезінде сенім кепілдігін қамтамасыз ететін сервистерді ұсынады;

      е)  нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізудің кіші жүйесі – нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілерін орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жүргізу және тарату функцияларын қамтамасыз етеді;

      ж)  инфрақұрылымдық платформа – интеграцияланған жүйенің интеграциялық сегментінің инфрақұрылымдық құрамдастарының жұмыс істеуін және басқарылуын қамтамасыз етеді, бірыңғай басқару жүйесі бар жүйелік-техникалық инфрақұрылым жиынтығын қамтиды;

      з)  цифрлық платформаларды интеграциялаудың кіші жүйесі – интеграцияланған жүйенің функциялары мен деректеріне олардың негізінде интеграцияланған жүйеден тыс құрылған цифрлық платформаларды (оның ішінде сыртқы) құру үшін қол жеткізу қызметтерін ұсынады.

      64. Интеграцияланған жүйенің интеграциялық сегментінің кіші жүйелері кеңейтілуі тиіс және кіші жүйелердің архитектурасына әсер ететін өзгерістер енгізуді қажет етпей, жаңа функцияларды іске асыру және енгізу арқылы функционалдық мүмкіндіктерді икемді түрде арттыру мүмкіндігін қолдауы керек.

      65. Белгілі бір мәселені шешу үшін бір-бірімен үйлесімді өзара іс-қимыл жасайтын Комиссияның интеграцияланған жүйесі интеграциялық сегментінің әртүрлі кіші жүйелері қызметтерінің жиынтығы мынадай логикалық метақұрамдастарды құрайды:

      а)  ақпаратты электронды түрде құжаттау инфрақұрылымының интеграциялық құрамдасын;

      б)  салалық жүйелердің интеграциялық құрамдасын (мысалы, таңбалау жүйесінің интеграциялық құрамдасы, Одақтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы ақпараттық жүйелерінің интеграциялық құрамдастары, мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешенінің кіші жүйелері, Комиссияның интеграциялық сегментінде жалпы процестердің операцияларын іске асыруды қамтамасыз ететін құрамдастар және т.б.).

IX. Интеграцияланған жүйенің функционалдық дамуы

      66. Интеграцияланған жүйені платформалық жаңғырту бөлігінде интеграцияланған жүйені құру және дамыту кезінде пайдаланылатын қазіргі қолданылып жүрген және перспективалы технологиялардың тізбесін анықтаған жөн. Көрсетілген тізімдегі технологияларды Одақтың цифрлық платформасын қалыптастыру және пайдалану кезінде кеңінен қолдану қажет.

      67. Интеграцияланған жүйенің архитектурасын жаңғырту кезінде интеграцияланатын ресурстардың семантикалық үйлесімділігін қамтамасыз ету маңызды міндет болып: тиісті ұсыныстарды әзірлеу, семантикалық интеграция технологияларын сынақтан өткізу, семантикалық сервистерді, қызметтерді электрондық нысанға аударуды автоматтандырылған дайындау құралдарын әзірлеу табылады.

      68. Мүше мемлекеттердің интеграцияланған жүйесінің ұлттық сегменттерін дамытуды және жалпы процестер тізбесінде қамтылған барлық жалпы процестердің қолданысқа енгізілуін және орындалуын жүйелі қамтамасыз етуді көздеу қажет.

      69. Интеграцияланған жүйе, оның құралдары сияқты, мүше мемлекеттердің билік органдарының қазіргі заманғы қажеттіліктеріне сай келуге тиіс. Ол үшін жалпы процестер тізбесін жаңартып отыр бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу: осы тізімге енгізілген жаңа процестерді қалыптастыру, өзекті емес деп тану немесе жалпы процестерді біріктіру (бөлу) қажет.

      70. Интеграцияланған жүйе базасында Одақтың цифрлық платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету.

      71. Одақтың цифрлық күн тәртібінің жобалары ұсынатын сервистермен интеграцияланған жүйенің функционалдық бөлігі мен ресурстарын интеграциялау.

      72. Мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылдың әртүрлі түрлерін әзірлеу және оларды қолдану тәсілдерін айқындау.

      73. Интеграцияланған жүйенің ресурстарын пайдалана отырып, ақпараттық өзара іс-қимылдың (Business2Government, Citizen2Government) жаңа түрлерін енгізу мемлекетаралық қызметтер көрсету және "бір терезе" тетіктерін пайдалану бөлігінде мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының ИАЖ функционалын пайдалануының жаңа мүмкіндіктерін ашады.

      74. Алдағы уақытта бизнес-қоғамдастық пен мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тиісті тәсілдер айқындалған жағдайда интеграцияланған жүйенің мүмкіндіктері мен сервистері ақпараттық өзара іс-қимылдың жаңа түрлері шеңберінде де қолжетімді болады.

      75. Интеграцияланған жүйені және мүше мемлекеттердің интеграцияланған жүйесінің ұлттық сегменттерін дамыту жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерге (Одақ органдарының тиісті құқықтық актілері қабылданған жағдайда) ЕАЭО-ның бүкіл кеңістігінде мемлекетаралық қызметтер көрсету тетіктерін іске асыруды, сондай-ақ мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылдың алуан түрін (G2G, B2G, C2G) қолдауды қамтамасыз етуді көздейді.

X. Цифрлық платформаларды интеграциялау

      76. Цифрлық платформаларды интеграциялау тетіктерін құру мен дамытудың мақсаты – интеграцияланған жүйенің ресурстарына қосылу тетіктерін құру және дамыту есебінен Одақтың заңды және жеке тұлғалары, үшінші елдер, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер пайдаланатын интеграцияланған жүйеге қатысты сыртқы ақпараттық жүйелермен және цифрлық платформалармен Комиссия мен мүше мемлекеттердің электрондық өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер мен цифрлық платформалардың интеграцияланған жүйесі шеңберінен тыс әзірленген және интеграцияланған жүйенің құрамдастарының интеграцияланған жүйеге қатысты сыртқы ақпараттық жүйелердің қызметтері мен ақпараттық ресурстарын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету.

      77. Цифрлық платформаларды интеграциялау міндеттеріне мыналар жатады:

      а)  сыртқы цифрлық платформалардың интеграцияланған жүйесінің ресурстары мен қызметтеріне қосылу;

      б)  интеграцияланған жүйені сыртқы цифрлық платформалар қызметтеріне қосу;

      в)  интеграцияланған жүйенің ақпараттық ресурстары мен цифрлық сервистері, сондай-ақ цифрлық платформалардың сервистері, оның ішінде Цифрлық сервистердің тізілімін құру және оны цифрлық платформалардың сервистерін пайдалану (шақыру) кезінде қолдану есебінен интеграцияланған жүйе шеңберінен тыс құрылатын сыртқы сервистер туралы мәліметтерді ұсыну.

      78. Интеграцияланған жүйе дамуының ағымдағы деңгейі оны мүше мемлекеттердің билік органдарының, азаматтардың және бизнестің ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін пайдалануға мүмкіндік береді, өйткені:

      а)  интеграцияланған жүйенің архитектурасы Одақтағы реттеудің барлық салаларын қамту бағыттарында дамитын процестердің бірыңғай моделін және деректер моделін пайдалануға негізделген;

      б)  интеграцияланған жүйе жобалауға, сондай-ақ мемлекеттік және жеке сервистерді құруға арналған интеграцияланған жүйенің ресурстары мен сервистерін дамыту және пайдалану мүмкіндігі есебінен қатысушылар үшін ашық;

      в)  интеграцияланған жүйе қазіргі заманғы халықаралық стандарттар мен ұсынымдар негізінде әзірленген ақпараттық интеграция әдіснамасына негізделеді, Одақ шеңберінде бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпаратты пайдаланады;

      г)  интеграцияланған жүйеде мүше мемлекеттер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде жинақталатын ашық деректер пайдаланылады;

      д)  интеграцияланған жүйе электрондық деректер алмасуды қолдайтын (коммуникация ортасын қамтамасыз ететін) мүше мемлекеттердің автоматтандырылған жүйелеріне негізделген, бірақ мұндай жүйелерді алмастырмайды.

      79. Функционалдық өлшемшарттар бойынша цифрлық платформаларды сыныптау тұрғысынан интеграцияланған жүйені инфрақұрылымдық цифрлық платформалар түріне жатқызуға болады. Одақтың инфрақұрылымдық цифрлық платформасы ретінде интеграцияланған жүйе Одақ шеңберінде реттеудің барлық салаларында интеграциялық жобаларды іске асыру кезінде электрондық деректер алмасуды іске асырудың негізгі құралы болып табылады.

      80. Интеграцияланған жүйе мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ақпараттық жүйелерінің өзара және интеграциялық сегментпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ете отырып, орталықсыздандыру қағидаттарында құрылған. Интеграцияланған жүйеде енгізілген және іске асырылған шешімдер Одақ шеңберіндегі жалпы процестер тетіктерін пайдалана отырып, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының мемлекетаралық өзара іс-қимылын (G2G үлгісіндегі өзара іс-қимыл) қамтамасыз етеді.

      81. Өзара іс-қимылға жаңа қатысушылар пайда болған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасында ғана емес, қатысушылардың әртүрлі санаттарымен ақпараттық өзара іс-қимылды интеграциялау мен іске асыруды талап ететін жаңа бизнес-процестердің туындауымен пайдаланушыларға B2G (шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында), B2B (шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында) және C2G (мүше мемлекеттердің азаматтары мен уәкілетті органдар арасында), іске асыру тетіктері интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін реттейтін нормативтік актілерде әлі бекітілмеген ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде цифрлық платформалар құруға арналған үрдіспен өзара іс-қимылы үшін қосымша сервистер мен мүмкіндіктер беру бөлігінде интеграцияланған жүйені (ЕАЭО құқығын тиісті жаңғырту кезінде) дамыту қажет.

      82. Интеграцияланған жүйенің ақпараттық жүйелермен және цифрлық платформалармен, оның ішінде интеграцияланған жүйеге қатысты сыртқы жүйемен ақпараттық өзара іс-қимылын қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия мен мүше мемлекеттердің қызметі автоматтандырудың нысанасы болып табылады.

      83. Азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерге сервистер мен қызметтерді ұсынатын электрондық деректер алмасу операторлары және цифрлық сервистер операторлары кіші жүйені пайдалана отырып, электрондық деректер алмасудың негізгі қатысушыларының бірі болып табылады.

      84. Электрондық деректер алмасу операторлары интеграцияланған жүйенің интеграциялық сегментінде құрылатын өзара іс-қимыл шлюзін пайдалана отырып, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен B2G түрінің заңдық маңызы бар өзара іс-қимылын қолдауды да қамтамасыз ете алады.

      85. Цифрлық сервистер операторы – мүше мемлекеттің уәкілетті органы немесе ол айқындаған ұйымы, цифрлық сервистерді ұсынатын Комиссия немесе ол айқындаған ұйым, оның ішінде электрондық деректер алмасу операторлары арқылы.

XI. Инфрақұрылымдық-техникалық даму

      86. Интеграцияланған жүйенің қазіргі заманғы инфрақұрылымын дамыту техногиялық егемендік қағидаттарына негізделуі және ақпаратты өңдеу кезінде жоғары өнімділік пен ең аз кідірістерді қамтамасыз ететін масштабталу, геодезия және жоғары қолжетімділік талаптарын ескеретін технологиялардың бірыңғай стегінде іске асырылуы тиіс.

      87. Интеграцияланған жүйенің қолданыстағы кіші жүйелерінің жаңа (жаңадан құрылған) инфрақұрылымдық ресурстарға ашық және үздіксіз көшуін жүзеге асыру орынды.

      88. АТ-индустриясындағы қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, Одақтың цифрлық платформасының ажырамас бөлігі ретінде аспаптық-инфрақұрылымдық платформа құру қажет.

      89. Аспаптық-инфрақұрылымдық платформа (АИП) бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, енгізу және пайдалану үшін қажетті барлық құралдармен және сервистермен, атап айтқанда:

      а) есептеу ресурстарымен және деректерді сақтау ресурстарымен;

      б)  бағдарламалық қамтылымды әзірлеу және орналастыру құралдарымен;

      в) бақылау және басқару құралдарымен;

      г) ақпараттық қауіпсіздік қызметтерімен;

      д) қолдап отыру және бақылау қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      90. АИП жобалау кезінде үздіксіз жұмыс істеу, масштабталу, құралдардың толықтығы және сервистер санының жеткіліктілігі, пайдаланылатын жабдықты біріздендіру, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мәселелері ерекше маңызды.

      91. Импортты алмастыру қағидаттарын іске асыру мақсатында мүше мемлекеттерде әзірленген және жүргізілген ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді қолдану немесе пайдалану:

      Импортты алмастыру қағидаттарын сақтау және іске асыру мақсатында мүше мемлекеттердің резиденттері әзірлеген және өндірген есептеу техникасы құралдарын, байланыс жабдықтарын, ақпаратты қорғау жүйелерін, сондай-ақ бағдарламалық қамтылымды дамыту және пайдалану аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

      Комиссияның және мүше мемлекеттердің билік органдарының тиісті іс-шараларын жүзеге асыру үшін ЕАЭО аумағында өндірілетін техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтылымды енгізу % ұлғайту орынды, ал мүше мемлекеттерге ЕАЭО нарығында импорттық өнімді толық көлемде алмастыру, өндірілетін өнімнің және онымен байланысты сервистік қызметтердің қолжетімділігін, сапасын, сенімділігін арттыру үшін тиісті технологиялар өндірушілерін жан-жақты ынталандыру, сондай-ақ мүше мемлекеттер тұтынушыларының осындай өндірілетін өнім туралы хабардар болуын арттыру.

      Мұндай қадамдар интеграцияланған жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп қана қоймай, оның қауіпсіздік деңгейін арттырады.

      92. Интеграцияланған жүйенің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мынадай тәсілдер қолданылуы қажет:

      а)  ақпараттық-есептеу процестерінің орнықтылығын қамтамасыз ету бөлігінде, оның ішінде бұзылған немесе бұрмаланған ақпаратты қалпына келтіруге байланысты шығындарды азайту, деректерді сақтау ресурстарын ұтымды пайдалану есебінен оларды жетілдіру;

      б) кластерлік есептеу жүйелерін пайдалану;

      в)  деректерді сақтау мен резервтеудің сенімді кіші жүйелерін құру.

      93. Ұсынылған тәсілдерді қолдану интеграцияланған жүйеге тұрақсыздандырушы факторлар жағдайында берілген сапа көрсеткіштерімен өзіне жүктелген функцияларды орындауға, сондай-ақ бағдарламалық қамтылымды әзірлеу мен іске қосу уақытын едәуір қысқартуға, сенімділік пен басқаруды едәуір арттыруға, сондай-ақ әзірлеу мен ағымдағы пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

XII. Ақпаратты қорғау шаралары мен тәсілдерін дамыту және жетілдіру

      94. Интеграцияланған жүйеде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары мен тәсілдерін дамыту кешенді сипатта болуы, интеграцияланған жүйеде қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ескеруі және интеграцияланған жүйенің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылуы тиіс.

      95. Қазіргі уақытта интеграцияланған жүйенің ақпараттық қауіпсіздігінің кіші жүйесі мен оның ұлттық сегменттерін қорғаудың кіші жүйелерін жаңарту және жетілдіру қажеттілігі туралы мәселе өткір болып тұр.

      Интеграцияланған жүйенің ақпараттық қауіпсіздігінің кіші жүйесі оларды өңдеу және Комиссияның интеграцияланған жүйесінің интеграциялық сегментінде сақтау кезінде, сондай-ақ оларды Комиссияның интеграциялық сегментінің интеграциялық шлюздерін және мүше мемлекеттердің интеграцияланған жүйесі ұлттық сегменттерінің интеграциялық шлюздерін біріктіретін байланыс арналары арқылы беру кезінде деректердің құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған.

      Мүше мемлекеттердің интеграцияланған жүйесінің ұлттық сегментінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      96. Кіші жүйелерді жаңғырту кезінде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:

      а)  интеграцияланған жүйеде ақпараттың қауіпсіздігін бұзу, оның ішінде зиянды бағдарламалардың, вирустардың енуі және қорғалатын ақпаратқа кез келген рұқсатсыз әсер ету немесе оған рұқсатсыз қол жеткізу тәуекелдерін азайту;

      б)  ақпарат қауіпсіздігінің өзекті қатерлерін, сондай-ақ электрондық құжаттардың түпнұсқалығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды ескере отырып, ақпаратты беру, сақтау, өңдеу және интеграцияланған жүйеде пайдалану кезінде оны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды жетілдіру;

      в)  ақпараттық қорғаудың техникалық, бағдарламалық және бағдарламалық-аппараттық құралдарының қазіргі заманғы, сапалы және жоғары технологиялық кешенін пайдалана отырып, ақпаратты қорғау тетіктерін іске асыру;

      г)  қолданылатын ақпаратты қорғау шараларының тиімділігін талдау және қолданылатын ақпаратты қорғау құралдары кешенінің жұмыс істеуін объективті бағалау;

      д)  трансшекаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде интеграцияланған жүйенің пайдаланушылары мен сервистерін (ресурстарын) сәйкестендіру және аутентификациялау тәсілдерін құру және дамыту, осындай сәйкестендіру және аутентификация нәтижелеріне сенімділікті қамтамасыз ету.

      97. Электрондық құжаттарды пайдалана отырып, трансшекаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру шеңберінде мүше мемлекеттер азаматтарының, органдары мен ұйымдарының заңды құқықтарын іске асыру, сондай-ақ мемлекетаралық электрондық өзара іс-қимыл нәтижелеріне сенімділікті арттыру.

      98. Бірлескен тәжірибелік-конструкторлық әзірлеу нәтижелері негізінде интеграцияланған жүйені абоненттік шифрлау жүйесі құрылуы және енгізілуі тиіс. Таратылуы (қолжетімділігі) шектеулі мәліметтерді беру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында интеграцияланған жүйе шеңберінде уәкілетті органнан уәкілетті органға (жауапты қызметкерлерді қоса алғанда) беру кезінде деректерді алдын ала шифрлауға арналған. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақтың ақпаратын криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарын бірлесіп әзірлеу жөніндегі жобаны іске асыру туралы" 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 7 өкіміне сәйкес.

      Іске асыру кезеңі – 2023-2024 жылдар.

      99. Интеграцияланған жүйенің деректерді беру арналарын қорғау үшін мүше мемлекеттермен бірлесіп, арналық шифрлау ақпаратын криптографиялық қорғау құралдарын (бұдан әрі – криптошлюздер) әзірлеу. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 7 өкіміне сәйкес уақытша шешім ретінде енгізіліп жатқан криптошлюздерді ауыстыруға арналған. Бірлесіп әзірленген криптошлюздер қажет болған жағдайда кез келген мүше мемлекеттің аумағында өндірілуі мүмкін және сонымен қатар бір-бірімен үйлесімді болады. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің"Еуразиялық экономикалық одақтың ақпаратын криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарын бірлесіп әзірлеу жөніндегі жобаны іске асыру туралы" 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 7 өкіміне сәйкес. Осы іс-шара шеңберінде ақпаратты криптографиялық қорғаудың әзірленген құралдарының қойылатын талаптарға сәйкестігіне сертификаттық сынақтардың бірыңғай бағдарламалары мен әдістемелері әзірленуге тиіс/

      Іске асыру кезеңі – 2023-2025 жылдар.

      100. Одақтың интеграцияланған жүйесінің сенім білдірілген үшінші тарап қызметінің құрамында жұмыс істейтін сенім білдірілген үшінші тараптың құралдарында Электрондық цифрлық қолтаңба құралының функцияларын іске асыру үшін мүше мемлекеттермен бірлесіп ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (аппараттық-бағдарламалық криптографиялық Модульдер) әзірлеу. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің"Еуразиялық экономикалық одақтың ақпаратын криптографиялық қорғаудың мамандандырылған құралдарын бірлесіп әзірлеу жөніндегі жобаны іске асыру туралы" 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 7 өкіміне сәйкес.

      Іске асыру кезеңі – 2025 – 2027 жылдар.

XIII. Одақтың трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту

      101. Трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 105 шешімімен бекітілген трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту стратегиясында айқындалған мақсаттарға, міндеттерге, даму қағидаттарына және кезеңдерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

      102. Трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту кезінде мүше мемлекеттер үшін ақпаратты қорғау (оның ішінде ақпаратты криптографиялық қорғау) саласындағы өзара қолайлы талаптарды өзектендіру және дамыту жолымен трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, оның жұмыс істеуіне және дамуына қойылатын талаптарды жетілдіру қамтамасыз етілуі, сондай-ақ трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту стратегиясын іске асыру кезеңдерінің әрқайсысында нәтижелерге қол жеткізу шарттарына сәйкес олардың кезең кезеңімен орындалуы қамтамасыз етілуге тиіс.

      103. Трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту шеңберінде трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимылдың қолайлы және сенімді жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекетаралық интеграцияны дамытудың басым міндеттері, сондай-ақ Одақ шеңберінде жасалатын халықаралық электрондық ақпарат алмасуды көздейтін шарттар негізінде үшінші елдермен халықаралық өзара іс-қимыл міндеттері ескерілуі тиіс.

XIV. Нысаналы бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      104. Нысаналы бағдарламаны іске асыру екі кезеңде орындалады:

      а)  I кезең (2025 жылға дейін) – Одақ құқығына кіретін құжаттарда көзделген ақпараттық өзара іс-қимылдың интеграцияланған жүйесі құралдарымен іске асыру, № 1 қосымшаға сәйкес цифрлық платформаларды интеграциялау тетіктерін жобалау;

      б)  II кезеңі (2027 жылға дейін) – № 2 қосымшаға сәйкес цифрлық инфрақұрылымдар мен экожүйелерді қалыптастыру және дамыту.

XV. 2025 жылға дейінгі кезеңнің негізгі міндеттері мен күтілетін нәтижелері

      105. Негізгі міндеттер:

      а)  Одақ құқығында, интеграцияланған жүйе құралдарында көзделген ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру (оның ішінде жалпы процестер тізбесін жаңарту, жалпы процестерді іске асыру);

      б)  Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарын орындау бойынша жекелеген іс-шаралар мен жобаларды іске асыру;

      в)  цифрлық платформаларды интеграциялау тетіктерін құру және дамыту кезінде жүйелік жобалау міндеттерін шешу. Цифрлық платформаларды қалыптастыру кезінде интеграцияланған жүйе сервистерін пайдалануға арналған техникалық шешімдер мен құралдарды жобалау;

      г)  цифрлық сервистерге бірыңғай талаптарды қамтитын Одақтың цифрлық сервистеріне қойылатын талаптардың ерекшелігін әзірлеу.

      106. Күтілетін нәтижелер:

      а)  Одақтың цифрлық кеңістігін, цифрлық инфрақұрылымдар мен экожүйелерді қалыптастыру және дамыту үшін қажетті цифрлық сервис, цифрлық сервистер операторы, электрондық деректер алмасу операторы, деректер витринасы ұғымдары және басқа да ұғымдарды айқындау;

      б) цифрлық сервистер тізілімін және деректер витринасын қалыптастыру тәртібі мен қағидаларын айқындау;

      в)  Одақтың цифрлық платформасының цифрлық сервистерін және деректер көрмесін пайдалану қағидаларын айқындау;

      г)  құжаттама мен мысалдардың ақпараттық ресурсын, дайын бағдарламалық құрамдастар шаблондарының жиынтығын, тестілеу қызметтерін, деректерді түрлендіруді конфигурациялауды құру.

      Аталған нәтижелерге Одақтың цифрлық платформасын құру бойынша жұмыстар барысында қол жеткізу жоспарлануда.

XVI. 2027 жылға дейінгі кезеңнің негізгі міндеттері мен күтілетін нәтижелері

      107. Негізгі міндет – цифрлық инфрақұрылымдар мен экожүйелерді қалыптастыру және дамыту.

      108. Күтілетін нәтижелер:

      Одақтың цифрлық күн тәртібінің жобаларын біріздендіру және алдыңғы кезеңде алынған цифрлық платформаларды интеграциялау тетіктерін құру және дамыту кезінде жалпыжүйелік жобалау нәтижелерін пайдалана отырып, жаңа жобалар жасау.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың интеграцияланған
ақпараттық жүйесін дамытудың
2027 жылға дейінгі
нысаналы бағдарламасына
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін
дамытудың 2023 – 2025 жылдарға арналған
ЖОСПАРЫ

Іс-шара

Күтілетін нәтиже

Орындалу мерзімі

Орындаушы

1. Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі тиісінше – интеграцияланған жүйе, Одақ) жалпыжүйелік жобалау


тұрақты негізде

Еуразиялық экономикалық комиссия, Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі тиісінше – Комиссия, уәкілетті органдар, мүше мемлекеттер)

1.1. Одақтың деректер моделін дамыту

Одақтың деректер моделі, Одақ деректері моделінің сипаттамасы

тұрақты негізде


1.2. Нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай жүйесінің анықтамалықтары мен сыныптауыштарын әзірлеу және жаңарту
 

анықтамалықтар мен сыныптауыштар

тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар, анықтамалықтар мен сыныптауыштарды жүргізу жөніндегі операторлар

1.3. Одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру үшін үшінші елдермен және халықаралық ұйымдармен ақпараттық өзара іс-қимылды жалпыжүйелік жобалау


тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар

1.3.1. Жалпы процестер үшін технологиялық құжаттардың жобаларын әзірлеу (қолдап отыру және пысықтау)

технологиялық құжаттардың жобалары



1.3.2. Үшінші елдермен және халықаралық ұйымдармен ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеу және жаңарту

техникалық шарттардың жобалары



1.4. Цифрлық платформаны қалыптастыру кезінде интеграцияланған жүйенің сервистерін пайдалануға арналған техникалық шешімдер мен құралдарды жобалау

техникалық шешімдер

тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар

2. Комиссияның интеграцияланған жүйесінің интеграциялық сегментін жаңғырту және дамыту


тұрақты негізде


2.1. Жалпы процестерді іске асыру үшін Комиссияның интеграцияланған жүйесі интеграциялық сегментінің ішкі жүйелері мен құрамдастарын жаңғырту және дамыту


тұрақты негізде

Комиссия

2.1.1. Жалпы процестерді іске асыру үшін Комиссияның интеграцияланған жүйесінің интеграциялық сегментінде бағдарламалық қамтылымды құру (жаңғырту және дамыту)

бағдарламалық қамтылым, техно-жұмыс жобасының құжаттамасы



2.1.2. Жалпы процестерді іске асыру үшін интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттерінде пайдалануға арналған базалық іске асыру құрамдастарының бағдарламалық қамтылымын құру (жаңғырту және дамыту)

бағдарламалық қамтылым, техно-жұмыс жобасының құжаттамасы



2.1.3. Жалпы процестер шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды тестілеуден өткізу кезінде пайдалануға арналған базалық іске асыру құрамдастарының бағдарламалық қамтылымын құру (жаңғырту және дамыту)

бағдарламалық қамтылым, техно-жұмыс жобасының құжаттамасы



2.2. Интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін құру

бағдарламалық қамтылым, техно-жұмыс жобасының құжаттамасы


Комиссия

2.2.1. Инфрақұрылымдық платформа




2.2.2. Цифрлық платформаларды интеграциялаудың кіші жүйесі
 




2.3. Интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін жаңғырту

бағдарламалық қамтылым, техно-жұмыс жобасының құжаттамасы

тұрақты негізде

Комиссия

2.3.1. Одақтың ақпараттық порталы (жалпы ақпараттық ресурстар және ашық деректер порталы бөлігінде)




2.3.2. Статистиканың кіші жүйесі




2.3.3. Жалпы процестерді басқарудың кіші жүйесі




2.3.4. Интеграциялық платформа (оның ішінде сыртқы ақпараттық жүйелермен ұштастырудың мамандандырылған адаптерлерін әзірлеу бөлігінде)




2.3.5. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізудің кіші жүйесі




3. Трансшекаралық сенім кеңістігін қолдап отыру және дамыту


тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар

3.1. Трансшекаралық сенім кеңістігінің элементтерін техникалық қолдауды, оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

есептер, орындалған жұмыстардың актілері



3.2. Трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту мен оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды іске асыру үшін ұйымдастыру-техникалық құжаттарды әзірлеу

есептер, орындалған жұмыстардың актілері,
ұйымдастыру-техникалық құжаттар



4. Ақпараттық қауіпсіздік құралдарын бірлесіп әзірлеу

ұйымдастыру-техникалық құжаттар,
бағдарламалық қамтылым

тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар

4.1. Бірлескен тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме нәтижелері негізінде интеграцияланған жүйені абоненттік шифрлау жүйесін құру және енгізу

ұйымдастыру-техникалық құжаттар


Комиссия

4.2. Мүше мемлекеттермен бірлесіп, интеграцияланған жүйенің деректерді беру арналарын қорғау үшін арналық шифрлау ақпаратын криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу

ұйымдастыру-техникалық құжаттар


Комиссия, уәкілетті органдар

5. Интеграцияланған жүйенің ақпараттық-телекоммуникациялық және есептеу инфрақұрылымының жұмыс істеуін қолдау


тұрақты негізде


5.1. Жалпы процестердің интеграцияланған жүйесінің құралдарымен іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылға тестілеу жүргізу


тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар

5.1.1. Жалпы процестерді қолданысқа енгізу мақсатында ақпараттық өзара іс-қимылды тестілеуден өткізу

тестілеу хаттамалары



5.1.2. Жаңа қатысушыларды жалпы процестерге қосу мақсатында ақпараттық өзара іс-қимылды тестілеуден өткізу

тестілеу хаттамалары



5.1.3. Ақпараттық өзара іс-қимылдың жалпы процестердің технологиялық құжаттарының жаңа редакциясына сәйкестігін тестілеуден өткізу

тестілеу хаттамалары



5.2. Интеграцияланған жүйенің кіші жүйелері мен құрамдастарының жұмыс істеуін қолдау (ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесін қоспағанда)


тұрақты негізде

Комиссия

5.3. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау бөлігінде интеграцияланған жүйені дамыту, қолдап отыру және техникалық қызмет көрсету

есептер, орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде


5.3.1. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесін дамыту, қолдап отыру және техникалық қызмет көрсету



Комиссия

5.3.2. Интеграцияланған жүйенің қорғалған деректер беру желісін дамыту, қолдап отыру және техникалық қызмет көрсету (оның ішінде үшінші елдермен өзара іс-қимыл үшін)



Комиссия, уәкілетті органдар

5.4. Комиссияның интеграцияланған жүйесі интеграциялық сегментінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін деректерді өңдеу орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алу, Комиссияның интеграциялық сегменті мен интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттері арасындағы өзара іс-қимыл үшін деректерді беру арналарын жалға алу

орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

Комиссия

5.5. Интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттерінің интеграциялық шлюздерін қолдап отыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

есептер, орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар

5.6. Жалпыжүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтылымға лицензияларды жалға алу (сатып алу)
 

орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

Комиссия

6. Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарын орындау жөніндегі іс-шаралар мен жобалар

Одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде жобаларды Одақ органдарының актілерінде белгіленген мерзімде іске асыру
 

тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар

  Еуразиялық экономикалық
одақтың интеграцияланған
ақпараттық жүйесін дамытудың
2027 жылға дейінгі
нысаналы бағдарламасына
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін
дамытудың 2026 – 2027 жылдарға арналған
ЖОСПАРЫ

Іс-шара

Күтілетін нәтиже

Орындалу мерзімі

Орындаушы

1. Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі тиісінше – интеграцияланған жүйе, Одақ) жалпыжүйелік жобалау


тұрақты негізде

Еуразиялық экономикалық комиссия, Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі тиісінше – Комиссия, уәкілетті органдар, мүше мемлекеттер)

1.1. Одақтың деректер моделін дамыту

Одақтың деректер моделі, Одақ деректері моделінің сипаттамасы

тұрақты негізде


1.2. Нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай жүйесінің анықтамалықтары мен сыныптауыштарын әзірлеу және жаңарту
 

анықтамалықтар мен сыныптауыштар

тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар, анықтамалықтар мен сыныптауыштарды жүргізу жөніндегі операторлар

1.3. Ақпараттық өзара іс-қимылды жалпыжүйелік жобалау.

технологиялық құжаттар, регламенттер

тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар

1.4. Цифрлық платформаны қалыптастыру кезінде интеграцияланған жүйенің сервистерін пайдалануға арналған техникалық шешімдер мен құралдарды жобалау

техникалық шешімдер

тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар

2. Комиссияның интеграцияланған жүйесінің интеграциялық сегментін жаңғырту және дамыту


тұрақты негізде


2.1. Цифрлық платформаны қалыптастыру кезінде интеграцияланған жүйе сервистерін пайдалану үшін техникалық шешімдер мен құралдарды әзірлеу

бағдарламалық қамтылым, техно-жұмыс жобасының құжаттамасы

тұрақты негізде

Комиссия

2.2. Интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін құру

бағдарламалық қамтылым, техно-жұмыс жобасының құжаттамасы


Комиссия

2.3. Интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін жаңғырту

бағдарламалық қамтылым, техно-жұмыс жобасының құжаттамасы

тұрақты негізде

Комиссия

3. Трансшекаралық сенім кеңістігін қолдап отыру және дамыту


тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар

3.1. Трансшекаралық сенім кеңістігінің элементтерін техникалық қолдауды, оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

есептер, орындалған жұмыстардың актілері



3.2. Трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту мен оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды іске асыру үшін ұйымдастыру-техникалық құжаттарды әзірлеу

есептер, орындалған жұмыстардың актілері,
ұйымдастыру-техникалық құжаттар



4. Ақпараттық қауіпсіздік құралдарын бірлесіп әзірлеу

ұйымдастыру-техникалық құжаттар,
бағдарламалық қамтылым

тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар

4.1. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мүдделі тұлғалардың өзара ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында электрондық цифрлық қолтаңба функцияларын іске асыру үшін криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу

ұйымдастыру-техникалық құжаттар


Комиссия

5. Интеграцияланған жүйенің ақпараттық-телекоммуникациялық және есептеу инфрақұрылымының жұмыс істеуін қолдау


тұрақты негізде


5.1. Жалпы процестердің интеграцияланған жүйесінің құралдарымен іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылға тестілеу жүргізу


тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар

5.2. Интеграцияланған жүйенің кіші жүйелері мен құрамдастарының жұмыс істеуін қолдау (ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесін қоспағанда)


тұрақты негізде

Комиссия

5.3. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау бөлігінде интеграцияланған жүйені дамыту, қолдап отыру және техникалық қызмет көрсету

есептер, орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде


5.4. Комиссияның интеграцияланған жүйесі интеграциялық сегментінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін деректерді өңдеу орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алу, Комиссияның интеграциялық сегменті мен интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттері арасындағы өзара іс-қимыл үшін деректерді беру арналарын жалға алу

орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

Комиссия

5.5. Интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттерінің интеграциялық шлюздерін қолдап отыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

есептер, орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар

5.6. Жалпыжүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтылымға лицензияларды жалға алу (сатып алу)

орындалған жұмыстардың актілері

тұрақты негізде

Комиссия

6. Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарын орындау жөніндегі іс-шаралар мен жобалар

Одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде жобаларды Одақ органдарының актілерінде белгіленген мерзімде іске асыру
 

тұрақты негізде

Комиссия, уәкілетті органдар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады