Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 154 Шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 14 шешімі.

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 120-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 154 шешімінде көзделген қолданыстағы демпингке қарсы шараны айналып өтуді белгілеу мақсатында жүргізілген қайта тергеу нәтижелері бойынша дайындалған Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау Департаментінің баяндамасы негізінде, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  "Қытай Халық Республикасынан шығатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жүк шиналарына қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 154 Шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а)  мынадай мазмұндағы 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:

      "11.  Осы Шешімде көзделген демпингке қарсы шараның қолданылуы Қытай Халық Республикасынан шығатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, ЕАЭО СЭҚ ТН 8708 70 990 9 кодымен сыныпталатын және осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген жүк шиналары бар жинақта (жиынтықта) жеткізілетін жүріс дөңгелектеріне таратылсын.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген жүріс дөңгелектеріне қатысты осындай дөңгелектер жинақта (жиынтықта) жеткізілетін жүк шиналарын өндірушіге байланысты осы шешімнің № 1 қосымшасында көрсетілген мөлшерде демпингке қарсы баж мөлшерлемелері қолданылады деп белгіленсін.

      12.  Осы Шешімнің 11-тармағында көрсетілген жүріс дөңгелектеріне қатысты демпингке қарсы шара Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және жүріс дөңгелектерінің жүк техникасын өндіруге арналғанын растайтын құжат болған кезде қолданылмайды деп белгіленсін.";

      б)  көрсетілген Шешімнің № 1 қосымшасында "Тауардың атауы" графасында "1-тармақта көрсетілген жаңа пневматикалық резеңке шиналар мен қақпақтар" деген сөздер "1 және 11-тармақтарда көрсетілген тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2.  Еуразиялық экономикалық комиссияның монополияға қарсы реттеу департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 154 Шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылуы ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Жүк шиналары нарығындағы бағалар мониторингін жыл сайынғы негізде жүзеге асырсын және оның нәтижесі туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасына хабарласын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 3 ай өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады