Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 44 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың 2019 жылғы 29 мамырдағы Кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімнің 14-бабын іске асыру мақсатында, Жоғары экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясының Жұмыс регламентінің 154-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы" 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      a) 1-тармақтағы "2023 жылғы 31 наурыз" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 3-тармақта:

      екінші абзацтағы "2022 жылғы 31 желтоқсан" деген сөздер "2023 жылғы 31 тамыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "2023 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Евразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады