Д.А.Қонаевтың есiмiн мәңгi есте қалдыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1994 жылғы 24 ақпан N 1577

      Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Қазақстанның алдындағы сiңiрген

айрықша еңбегiн тану белгiсi ретiнде және оның есiмiн мәңгi есте
қалдыру мақсатында қаулы етемiн:
     1. Д.А.Қонаевтың есiмi:
     Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Тау-кен
институтына;
     Шығыс Қазақстан облысы "Лениногор полиметалл комбинаты"
акционерлiк қоғамына берiлсiн.
     2. Алматы қаласындағы Карл Маркс көшесi Д.А.Қонаев көшесi деп
аталсын.
     3. Жер туралы ғылым саласында жас ғалымдарға жыл сайын берiлетiн
академик Д.А.Қонаев атындағы сыйлықтар тағайындалсын.
     4. Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың мұражай үйi ұйымдастырылсын
және ол тұрған Төлебаев көшесiндегi 119 үйде мемориалды тақта 
орнатылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi
   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады