Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1995 жылғы 1 наурыз N 2063. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.10. N 2600 Жарлығымен. ~U952600

      1. Осыған қосылған Қазақстан Республикасының Президентi

жанындағы Шаруашылық басқармасы туралы ереже бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 16
шiлдедегi N 1817 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
                                   Қазақстан Республикасы 
                                       Президентiнiң
                                   1995 жылғы 1 наурыздағы
                                      N 2063 өкiмiмен
                                        Бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
                   Шаруашылық басқармасы туралы
                           ЕРЕЖЕ



      1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы (бұдан былай - Шаруашылық басқармасы) "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 10 қазандағы N 1884 өкiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi Аппараты мен Министрлер Кабинетiнiң Шаруашылық басқармасы негiзiнде құрылған және Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының дербес құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасының Президентi Аппараты мен Министрлер Кабинетiнiң Шаруашылық басқармасының мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң құқылы мұрагерi болып табылады.
      2. Шаруашылық басқармасы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулылары мен шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарды, осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Шаруашылық басқармасы заңды ұйым болып табылады, оның дербес балансы, банкiлерде шоттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ, орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, басқа да мөрлерi мен штамптары болады.
      Шаруашылық басқармасының орталық аппараты бюджеттiк қаражат есебiнен ұсталады.
      4. Шаруашылық басқармасы Республика Президентiнiң, Вице-Президентiнiң, Премьер-Министрi мен оның орынбасарларының қызметiн қамтамасыз етедi, Жоғарғы Кеңестiң Төрағасы мен оның орынбасарларына, мемлекеттiк кеңесшiлерге, Қазақстанның, Қырғызстан мен Өзбекстанның Мемлекетаралық кеңесi атқару комитетiнiң төрағасына, Үкiмет мүшелерiне, Президент Аппаратының, Министрлер Кабинетi Аппаратының қызметкерлерiне, Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың, Жоғарғы төрелiк соттың төрағаларына, Бас прокурорға, Ұлттық Банктiң төрағасына, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне, мәртебесi бойынша Үкiмет мүшелерiне теңестiрiлген республикалық ұйымдардың (бұдан былай - қызмет көрсетiлетiн органдар) басшыларына шаруашылық қызметiн көрсетудi жүзеге асырады.
      5. Шаруашылық басқармасының негiзгi мiндеттерi:
      қызмет көрсетiлетiн органдарға қаржылық, материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету;
      ресми шаралар мен делегацияларға, соның iшiнде шет елдiк делегацияларға қызмет көрсету;
      шаруашылық басқармасы ұйымдарының балансындағы негiзгi қорларды (мемлекеттiк резиденцияларды, мемлекеттiк саяжайларды, мейманхана кешендерiн, өндiрiстiк және ауыл шаруашылық объектiлерi мен басқа да ғимараттарды) пайдалану және оларды жөндеу;
      ауыл шаруашылық (егiн, мал және бау-бақша шаруашылықтары) өнiмiн өндiру, ұқсату және өткiзу;
      тұрғын үй, әлеуметтiк, мәдени-тұрмыстық объектiлер, өндiрiстiк үйлер мен ғимараттар салу;
      өзiне бекiтiлген аумақтар мен жерлердегi флора мен фаунаны қорғап, ұдайы көбейте беру;
      Қазақстанға келген шет ел азаматтарына қызмет көрсету;
      қарамағындағы мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi мен сауықтыру лагерiнiң қызметiн ұйымдастыру.
      6. Шаруашылық басқармасы өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      қарамағындағы кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге басшылық етiп, олардың жұмысын үйлестiредi;
      республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен шығыс сметаларының жобасын әзiрлейдi, қызмет көрсетiлетiн органдарда, сондай-ақ қарамағындағы кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде осы қаражатты жұмсау лимиттерiн белгiлейдi, бұл шығындарды қаржыландырады;
      қызмет көрсетiлетiн органдарды белгiленген тәртiп бойынша автокөлiкпен қамтамасыз етiп, оны жөндеудi ұйымдастырады;
      белгiленген көрсеткiштер бойынша тапсырмаларды қарап, бекiтедi және олардың орындалуын бақылайды;
      қарамағындағы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер көрсететiн қызметтiң бағасын белгiлеу жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
      күрделi құрылыстың, күрделi жөндеудiң ағымдағы және келешектегi бағдарламаларын, жобалау-смета құжатнамасын қалыптастырып, бекiтедi, қарамағындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң объектiлерiн салуды, қайта құруды және жөндеудi ұйымдастырады, тұрғын үйлердi, әлеуметтiк-тұрмыстық және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi жобалап, салуды қамтамасыз етедi;
      қарамағындағы ұйымдар мен кәсiпорындардың материалдарға, жабдықтарға, мәшинелерге, механизмдерге деген қажетiн қарап, анықтайды, салынып жатқан объектiлердiң материалдық-техникалық жабдықталуы мен жинақталуын ұйымдастырады, материалдық ресурстарды қайта бөледi;
      өз қызметi нәтижелерiнiң есебiн жүргiзедi, жедел, бухгалтерлiк және статистикалық есептi жүзеге асырады, қарамағындағы кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде есепке алу мен есеп берудiң жайын бақылайды;
      бухгалтерлiк есептiң ұтымды ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi және Қаржы министрлiгiне бухгалтерлiк баланстар мен шығыс сметасының атқарылуы жөнiндегi есептердi, сондай-ақ қарамағындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң жиынтық бухгалтерлiк баланстары мен есеп-қисабын белгiленген тәртiп бойынша табыс етедi;
      қарамағындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қызметiне тексерiс жасап, құжаттық тексеру жүргiзедi;
      Шаруашылық басқармасының қызметiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының басшылығына енгiзедi;
      заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажеттi мүлiктi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар негiзiнде сатып алады;
      қарамағындағы ұйымдар мен кәсiпорындардың пайдасынан аударымдар есебiнен резервтiк қор құрады, оның қаражаты қарамағындағы кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге қаржылай жәрдем беруге, Шаруашылық басқармасының балалар мекемелерiнiң қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау жөнiндегi шараларға, ұйымдарда енгiзiлетiн прогрестi шараларды қаржыландыруға, оларды дамыту шараларын жүзеге асыруға, Шаруашылық басқармасының және оның қарамағындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қызметкерлерiн материалдық көтермелеуге, сондай-ақ басқа да мақсаттарға жұмсалады;
      банкiлер мен басқа да кредиттiк мекемелердiң депозит шоттарына ақшалай (соның iшiнде валюталық) уақытша бос қаражатты сақтайды;
      қарамағындағы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер шет ел валютасымен есеп айырысып жүзеге асыратын жұмыстарды (қызметтердi) орындау тәртiбiн белгiлейдi, жасасқан шарттардың орындалуын бақылайды;
      жұмысшылар мен қызметшiлерге тиiстi тұрмыстық жағдай жасау және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты жүргiзедi;
      қарамағындағы кәсiпорындарда еңбек заңдарының, еңбек қорғау және техника қауiпсiздiгi ережелерiнiң қатаң сақталуын, ұжымдық шарттардың уақтылы жасалуын және олардың орындалуын бақылайды;
      негiзгi қорлар мен өндiрiстiк қуаттарды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында сыртқы экономикалық және коммерциялық қызметтi жүзеге асырады, қазақстандық және шет елдiк фирмалармен, компаниялармен бiрлескен кәсiпорындар құрады;
      Үкiмет мүшелерi мен Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының және Министрлер Кабинетi Аппаратының қызметкерлерiн тұрғын алаңмен қамтамасыз ету мәселелерiн белгiленген тәртiп бойынша шешiп, пәтер алуға арналған құжаттарды ресiмдейдi.
      7. Шаруашылық басқармасының мүлкi мен қаражаты оның балансында бейнеленген және оған бекiтiлген негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде құралатын қорлардан тұрады.
      8. Шаруашылық басқармасы қаражатының негiзгi көздерi:
      республикалық бюджеттiң қаржысы;
      қарамағындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң табысынан резерв қорына жасалатын аударымдар;
      басқа да түсiмдер.
      Шаруашылық басқармасының тиiстi шоттарына аударылатын барлық ақшалай қаражат белгiленген тәртiп бойынша жұмсалады.
      9. Шаруашылық басқармасын Бастық басқарады, оны Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
      Шаруашылық басқармасының бастығы сонымен қатар Президент Аппараты Басшысының орынбасары болып табылады.
      Шаруашылық басқармасы Бастығының төрт орынбасары болады, оларды Президент Аппаратының Басшысы тағайындайды.
      10. Шаруашылық басқармасының Бастығы:
      Шаруашылық басқармасының жұмысын жеке-дара басқару негiзiнде ұйымдастырады, оның жұмыс нәтижесi, өндiрiстiк, қаржы, шарт және еңбек тәртiбiнiң жайы үшiн дербес жауап бередi, Шаруашылық басқармасының атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;
      Шаруашылық басқармасының құрылымы мен штат кестесiн қызметкерлердiң белгiленген штат саны шегiнде бекiтедi;
      Шаруашылық басқармасының қызметкерлерi мен қарамағындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшыларын тағайындайды және босатады;
      өз орынбасарлары арасында лауазымдық мiндеттердi бөлiп бередi;
      Шаруашылық басқармасы бөлiмдерiнiң, секторлары мен басқа да құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерiн анықтайды;
      Шаруашылық басқармасының бөлiмдерi, секторлары және басқа бөлiмшелерi туралы ережелердi, қарамағындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң жарғыларын (ережелерiн) бекiтедi;
      Шаруашылық басқармасы қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына үстеме ақы мен қосымша ақы, оларға сыйлық беру тәртiбiн белгiлейдi, өзгертедi және жояды;
      белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлген шығыс сметалары шегiнде мүлiк пен ақшалай қаражатқа билiк жүргiзедi, қолда бар қорларды пайдалану мәселелерiн Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеге сәйкес шешедi;
      күрделi құрылысқа, қайта құру мен күрделi жөндеуге арналған сметаларды, жобаларды, титулдық тiзiмдердi белгiленген тәртiп бойынша бекiтедi;
      шарттар, контрактылар жасасады, шаруашылық операцияларын жүргiзедi, сенiмхаттар бередi;
      мейманхана кешендерiн, саяжайлар мен балалар мекемелерiнiң жұмыс тәртiбiн белгiлейдi;
      мейманхана кешендерiне, саяжайларға жолдамалардың бағасын, Шаруашылық басқармасы мен қарамағындағы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер орындайтын жұмыстардың (көрсететiн қызметтердiң) тарифтерiн бекiтедi;
      қарамағындағы кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi қайта құру, басқа кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi Шаруашылық басқармасының құрамына қосу, бiрлестiктер, филиалдар, шет елдердiң заңды ұйымдары қатысатын бірлескен кәсiпорындар құру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды Президенттiң Аппараты мен Министрлер Кабинетiне белгiленген тәртiп бойынша енгiзедi;
      қолданылып жүрген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен қаулылары, Министрлер Кабинетiнiң қаулылары мен Премьер-министрiнiң өкiмдерi негiзiнде және оларды орындау үшiн өз құзыры шегiнде бұйрықтар мен өкiмдер шығарады, сондай-ақ қарамағындағы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер орындауға мiндеттi нұсқаулар бередi;
      барлық мемлекеттiк, кооперативтiк, қоғамдық және басқа

ұйымдар мен мекемелерде Шаруашылық басқармасының мүддесiн
бiлдiредi;
     Шаруашылық басқармасының, сондай-ақ қарамағындағы 
кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен шаруашылықтардың 
баланстарынан негiзгi қорларды белгiленген тәртiп бойынша 
есептен шығарады;
     қарамағындағы кәсiпорындардың, мекемелер мен шаруашылықтардың
штат кестелерi мен шығыс сметаларын келiседi.
     11. Шаруашылық басқармасын Қазақстан Республикасының
Президентi қайта құрады және таратады. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады