Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 1996 жылғы 21 наурыздағы N 1 шешiмiнен туындайтын қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1996 жылғы 30 сәуiр N 2969. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 26 Жарлығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 17.04.2019 № 26 Жарлығымен.

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде:

      - Үкiметтiң шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы мәртебесi және онда болуының мәселелерiн қозғайтын бұрын қабылданған актiлерiн "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына U952337_ сәйкес келтiрсiн әрi орталық және жергiлiктi органдардың осы Заңның талаптарын мүлтiксiз орындауын қамтамасыз етсiн;

      - Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен шекарасындағы бақылау-өткiзу пункттерiн қалпына келтiру, бюджеттен қажеттi қаржы бөлу, iшкi iстер органдарының бақылау-өткiзу пункттерiнiң қызметiн қамтамасыз етуге таратылатын қызметкерлердiң штат санын өсiру мәселесiн қарасын және бұлардың қалыпты жұмыс iстеуiне жағдай туғызуға байланысты өзге де мәселелердi шешетiн болсын.

      2. Шекаралас облыстардың әкiмдерi бақылау-өткiзу пункттерiнiң қалпына келтiрiлуi мен қызметiне жәрдем көрсетсiн.

      3. Сыртқы iстер министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемлекеттiк тергеу комитетi, Бас прокуратура қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы iс қимылды неғұрлым тығыз үйлестiру мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң тиiстi мемлекеттiк органдарымен қажеттi консультациялар өткiзсiн.

      4. Осы өкiмнiң атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы Б.М.Тұрсынбаевқа жүктелсiн.


      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады