Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрғылықты халық құқықтары туралы декларациясы

Жаңа

Бас Ассамблеяның 2007 жылғы 13 қыркүйектегі 61/295 қарарымен қабылданған

      Бас Ассамблея,
      Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптерін және мемлекеттердің Жарғыға сай өзіне алған міндеттерді орындаудағы адалдық приципін басшылыққа ала отырып,
      тұрғылықты халықтар барлық басқа халықтармен тең және сол уақытта, барлық халықтардың бір бірінен ажыратылуға, өзін басқалардан айрықша деп санауға және өзінің бұндай қасиетінде құрметті иеленуге құқығын мойындай отырып,
      сондай-ақ барлық халықтар адамзаттың жалпы мұрасын құрайтын өркениет пен мәдениеттің алуандығы мен байлығына септігін тигізетінін мойындай отырып,
      әрі қарай халықтар немесе ұлттық шығу тегі немесе нәсілдік, діни, ұлыстық және мәдени айырмашылығына қарай адамдардың басымдылығына негізделген немесе осындай басымдылықты бекітетін кез келген доктриналар, саясаттар мен тәжірибелер нәсілшілдік, ғылыми негізсіз, заңи жарамсыз, моральды ұятты және әлеуметтік тұрғыдан әділетсіз болып табылатынын мойындай отырып,
      тұрғылықты халықтар өздерінің құқықтарын жүзеге асыру кезінде кемсітушіліктің кез келген түрінен арылу керектігін мойындай отырып,
      тұрғылықты халықтар басқалардың ішінде, отарлау мен өздерінің жерлерінен, шекаралары мен шикізаттарынан айыру нәтижесінде тарихи әділетсіздіктің құрбандары болды, бұл өз кезегінде олардың, әсіресе, өздерінің қажеттіліктері мен мүдделеріне сай дамуға құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіретіні үшін алаңдатушылық білдіре отырып,
      саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымдарына, сондай-ақ мәдени, рухани дәстүрлеріне, тарихы мен философиясына негізделген тұрғылықты халықтардың ажырамас, әсіресе өздерінің жерлері, шекаралары мен шикізаттарына құқықтарын құрметтеу мен көтермелеудің аса қажеттілігін мойындай отырып,
      сондай-ақ мемлекеттермен жасалған келісім шарттарда, келісімдер мен басқа сарынды келісімдерде бекітілген тұрғылықты халықтардың құқықтарын құрметтеу мен көтермелеудің аса қажеттілігін мойындай отырып,
      тұрғылықты халықтар қай жер болмасын кемсітушлік пен қанаудың барлық формаларын тоқтату мақсатында саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы үшін өз күштерін біріктіре бастағанын қанағаттанумен атап өтіп,
      тұрғылықты халықтар олардың оларды және олардың жерлері, шекаралары мен шикізаттарын қозғайтын оқиғаларды қадағалауы, оларға өздерінің институттары, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға және нығайтуға, сондай-ақ олардың талпыныстары мен қажеттіліктеріне сай дамуына жәрдемдесуге мүмкіндік беретініне сенім білдіре отырып,
      тұрғылықты халықтардың білімін, мәдениеті мен дәстүрлі тәжірибесін құрметтеу тұрақты әрі әділетті дамуға және қоршаған ортаға тиісті қамқорлық көрсетуге септігін тигізетінін мойындай отырып,
      тұрғылықты халықтардың жерлері мен шекараларын қарусыздандыру әлем ұлттары мен халықтарының бейбітшілігі, экономикалық және әлеуметтік алға басуы мен дамуына, өзара түсіністік пен достық қарым-қатынасқа қосқан үлесі екенін атай отырып,
      тұрғылықты халықтар отбасылар мен қауымдарының, бала құқықтарына сай, олардың балаларының тәрбиесі, оқуы, білім алуы мен амандығына ортақ жауапкершілікті сақтау құқығын мойындап отырып,
      тұрғылықты халықтар мен мемлекеттер арасындағы келісім шарттар, келісімдер мен басқа сарынды келісімдерде бекітілген құқықтар кей жағдайларда халықаралық қауымдастықтың қамқорлығы, мүддесі мен жауапкершілігінің нысаны болып, халықаралық сипатқа ие болады деп есептей отырып,
      сондай-ақ келісім шарттар, келісімдер мен басқа сарынды келісімдер және олар көрсететін қатынастар тұрғылықты халықтар мен мемлекеттер арасындағы анағұрлым берік серіктестіктің негізі деп санай отырып,
      Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт1 және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт1, сондай-ақ Вена декларациясы мен әрекеттер Бағдарламасы2 соның есесінен олар өзінің саяси мәртебесін орантып, өзінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын еркін түрде жүзеге асыратын, барлық халықтардың өзін өзі анықтауға құқығының негізгі мәнін растайтынын мойындай отырып,
      Осы Декларациядағы еш нәрсе кез келген халыққа, халықаралық құқыққа сай жүзеге асырылатын, оның өзін-өзі анықтау құқығынан бас тартуға қолданылмайтынын есте сақтай отырып,
      осы Декларацияға сәйкес тұрғылықты халықтардың құқытарын мойындау әділеттілік, демократия, адам құқықтарын құрметтеу, кемсітпеушілік пен адал ниет принциптеріне негізделген мемлекеттер мен тұрғылықты халықтар арасындағы үйлесімді әрі ынтымақтастықты негізге алатын қарым-қатынасқа септігін тигізетініне сенім білдіре отырып,
      мемлекеттерді сәйкес тұрғылықты халықтармен кеңесіп, ынтымақтастықта халықаралық келісім шарттар, әсіресе, адам құқықтарына қатысты келісім шарттар бойынша олардың тұрғылықты халықтарға қатысты барлық міндеттерін сақтап, тиімді жүзеге асыруға ынталандыра отырып,
      Біріккен Ұлттар Ұйымы тұрғылықты халықтардың құқықтарын көтермелеу мен қорғауда маңыды әрі бірізді рөл ойнауға шақырылғанының астын сыза отырып,
      осы Декларация тұрғылықты халықтардың құқықтары мен еркіндіктерін мойындау, көтермелеу мен қорғау және Біріккен Ұлттар Ұйымыны жүйесінің осы саладағы сәйкес қызметінің дамуы жолындағы тағы бір маңызды қадам деп есептей отырып,
      тұрғылықты халықтарға жататын тұлғалар еш бір кемсітушіліксіз халықаралық құқықта танылған барлық адам құқықтарын қолдануға және тұрғылықты халықтар олардың өмір сүруі, амандығы мен халық ретінде жан-жақты дамуына абсолютті қажетті екенін мойындап әрі мақұлдай отырып,
      әр аймақта және әр мемлекетте тұрғылықты халықтардың жағдайы әр түрлі екенін және ұлттық пен аймақтық ерекшеліктерін және әр түрлі тарихи және мәдени дәстүрлерді назарға алу керектігін ескере отырып,
      серіктестік және өзара құрмет рухында ұстану керек эталон ретінде төмендегі Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрғылықты халықтар құқығы туралы Декларациясын салтанатты түрде жариялайды:

1 бап

      Тұрғылықты халықтар ұжымдық және жеке түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен, Адам құқықтары туралы жалпыға ортақ декларациямен3, адам құқықтарына қатысты халықаралық құық нормаларымен мойындалған адамның барлық құқықтары мен негізгі еркіндіктерін толық жүзеге асыруға құқылы.

2 бап

      Тұрғылықты халықтарға жататын тұлғалар мен тұрғылықты халықтар барлық басқа халықтармен және олардың ішіндегі жеке тұлғалармен тең әрі еркін және өздерінің құқықтарын жүзеге асыру кезінде кез келген кемсітушілікітен, әсіресе олардың тұрғылықты немесе өзіндік шығу тегі негізіндегі кемсітушіліктен еркін болуға құқылы.

3 бап

      Тұрғылықты халықтар өзін өзі анықтауға құқылы. Осы құқықтың есесінен олар өздерінің саяси мәртебесін еркін түрде орнатып, өзінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын еркін жүзеге асырады.

4 бап

      Тұрғылықты халықтар олардың өзін өзі анықтау құқығын жүзеге асырған кезде олардың ішкі және жергілікті істеріне, сондай-ақ олардың автономдық қызметтерін қаржыландыру жолдары мен құралдары мәселелерінде автономия немесе өзін өзі басқаруға құқылы.

5 бап

      Тұрғылықты халықтар қалауы бойынша мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміріне толық араласуға құқығын сақтай отырып, өздерінің ерекше саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және мәдение институттарын сақтауға және нығайтуға құқылы.

6 бап

      Тұрғылықты халыққа жататын әрбір тұлға азаматтыққа құқылы.

7 бап

      1. Тұрғылықты халықтарға жататын тұлғалар өмір сүруге, дене және психикалық қол сұқпаушылыққа, ерікіндік пен жеке қауіпсіздікке құқылы.
      2. Тұрғылықты халықтар өзіндік халықтар түрінде еркіндік, бейбітшілікпен қауіпсіздік жағдайларында өмір сүруге құқылы және топқа жататын балаларды мәжбүрлі түрде басқаларға ауыстыруды қоса, ешқандай нәсілшілдік актілері немесе зорлақтың қандай да болмасын басқа актілеріне шалдықпау керек.

8 бап

      1. Тұрғылықты халықтар мен оларға жататын тұлғалар олардың мәдениет жою мақсатындағы мәжбүрлі ассимиляция немесе ықпалға шалдықпауға құқылы.
      2. Мемлекеттер келесілерге қатысты тиімді алдын алу тетіктері мен құқықтық қорғанысты қамтамасыз етеді:
      а) мақсаты немесе нәтижесі оларды өзіндік халықтар ретіндегі тұтастығы немесе олардың мәдени құндылықтары, немесе ұлыстық қатыстылығынан айыру болып табылатын кез келген әрекет;
      b) мақсаты немесе нәтижесі олардың жерлерінен, шекаралары немесе шикізаттарынан айыру болып табылатын кез келген әрекет;
      с) мақсаты немесе нәтижесі олардың кез келген құқығын бұзу болып табылатын, халықтың орнын ауыстыруының кез келген түрі;
      d) мәжбүрлі ассимиляция немесе кез келген түрдегі біріктіру;
      е) мақсаты оларға қарсы бағытталған нәсілдік немесе ұлыстық кемсітушілікті көтермелеу немесе туындату болып табылатын үгіт-насихаттың кез келген түрі.

9 бап

      Тұрғылықты халықтар мен оларға жататын тұлғалар осы қауым немесе ұлыстың дәстүрлері мен салттарына сай тұрғылықты қауым немесе ұлысқа жатуға құқылы. Бұндай құқықты жүзеге асыру еш бір түрдегі кемсітушілікті туындата алмайды.

10 бап

      Тұрғылықты халықтар өздерінің жерлерінен немесе шекараларынан мәжбүрлі түрде орын ауыстыруға жатпайды. Еш бір орын ауыстыру сәйкес тұрғылықты халықтардың еркін, алдын ала және саналы келісімінсіз жүргізілмейді және әділ әрі адал құзіреттілікті, мүмкіндігінше қайта оралу нұсқасын қарастыратын келісім жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.

11 бап

      1. Тұрғылықты халықтар өздерінің мәдени дәстүрлері мен салттарын сақтауға және жандандыруға құқылы. Бұған археологиялық және тарихи нысандар, материалды мәдениет ескерткіштері, суреттер, әдет-ғұрыптар, технологиялар, бейнелеу мен сәулет өнері және әдебиет сынды олардың мәдениетінің бұрынғы, қазіргі және болашақта түрлерін сақтауға, қорғауға және дамытуға құқық кіреді.
      2. Мемлекеттер олардың еркін, алдын ала және саналы келісімінсіз немесе олардың заң, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарын бұза отырып, оқшаулатылған олардың мәдени, зияткерлік, діни және табыну меншігіне қатысты, өзіне реституцияны қосатын, тұрғылықты халықтармен бірлесе отырып әзірленген, тиімді тетіктер арқылы құқықтық қорғау құралдарын қамтамасыз етеді.

12 бап

      1. Тұрғылықты халықтар өздерінің рухани және діни дәстүрлерін, әдет-ғұрыптары мен салттарын сақтауға, жіберуге, дамытуға және беруге құқылы; бөгде адамдардың қатысуынсыз өздерінің діни және мәдени маңызды орындарын сақтауға, қорғауға және онда баруға құқылы; өзінің әдет-ғұрып заттарына қолдануға және оларға билік етуге құқылы және өлгендерінің мәйітін отанында жерлеуге құқылы.
      2. Мемлекеттер сәйкес тұрғылықты халықтармен бірлесе отырып әзірленген, әділетті, таранспарентті және тиімді тетіктер шеңберінде олардағы әдет-ғұрып заттары мен өлгендер сүйектеріне және/немесе олардың отанға оралуына қолжетімділікті қамтамасыз етуге тырысады.

13 бап

      1. Тұрғылықты халықтар өздерінің тарихын, тілін, ауыз әдбиеті шығармашылығын, философия, жазуы мен әдебиетін жандандыруға, қолдануға және келер ұрпаққа беруге, сондай-ақ қауымдар, жерлер мен тұлғаларға өзіндік атаулар беріп, сақтауға құқылы.
      2. Мемлекеттер осы құқтың қорғалуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ тұрғылықты халықтар егер бұл қажет болса, аударма немесе басқа тиісті құралдарды қамтамасыз ету жолымен саяси, сот пен әкімшілік үдерістер барысында болып жатқандарды түсініп, оны түсіне алатынын қамтамасыз етуге әрекет етуші шараларды қолданады.

14 бап

      1. Тұрғылықты халықтар олардың мәдениетіне сай келетін үйрету мен оқытудың әдістеріне сәйкес олардың туған тілдерінде білім беретін білім беру жүйлері мен оқу орындарын құрып, оларды бақылауға құқылы.
      2. Тұрғылықты халықтарға жататын тұлғалар, әсіресе балалар, еш бір кемсітушіліксіз барлық деңгейлер мен барлық түрлерде мемлекеттік білім алуға құқылы.
      3. Мемлекеттер тұрғылықты халықтармен бірлесе отырып, тұрғылықты халықтарға жататын соның ішінде, өз қауымынан тыс өмір сүретін тұлғалар, әсіресе балалар, мүмкін болған кезде олардың мәдени дәстүрлерін ескере отырып, өз тілдерінде білім алуға қол жетімділігі үшін әрекет етуші шаралар қолданады.

15 бап

      1. Тұрғылықты халықтар сәйкес түрде білім беру саласы мен қоғамдық ақпаратта көрсетілуі керек олардың мәдениет, дәстүрлер, тарих пен мүдделерінің құндылығы мен сан алуандығына құқылы.
      2. Мемлекеттер сәйкес тұрғылықты халықтармен кеңесіп, ынтымақтастықта соқыр наныммен, кемсітушілікті түпкілікті жоюмен күрес шараларын қабылдап, барлық тұрғылықты халықтар мен барлық басқа қоғам салаларының арасындағы шыдамдылықты, түсіністік пен игі қарым-қатынастарды дамытады.

16 бап

      1. Тұрғылықты халықтар өздерінің тілдеріне өздерінің жеке бұқаралық ақпарат құралдарын құрып, еш бір кемсітушіліксіз, тұрғылықты халықтарға тиесілі емес барлық бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізе алады.
      2. Мемлекеттер тұрғылықты халықтардың мәдени алуандығы туралы ақпаратты мемлекеттік бұқаралық ақпарат құқралдарында тиісті түрде жариялануын қамтамасыз ету үшін әрекет етуші шаралар қабылдайды. Мемлекеттерге ойын білдірудің толық еркіндігін қамтамасыз етуге зиян келтірмей, жеке меншік бұқаралық ақпарат құралдарын тұрғылықты халықтардың мәдени алуандығын тиісті түрде көрсетуге демеу керек.

17 бап

      1. Тұрғылықты халықтарға жататын тұлғалар мен тұрғылықты халықтар қолданыстағы халықаралық және мемлекет ішіндегі еңбек құқығына сай бекітілген барлық құқықтарының толық көлемде жүзеге асырылуына құқылы.
      2. Мемлекеттер тұрғылықты халықтармен кеңесіп, ынтымақтастықта олардың ерекше осалдығы мен білім алуда олардың мүмкіндігінің кеңейтілуіне маңыздылығын назарға ала отырып, тұрғылықты халықтардың балаларын экономикалық қанау мен балаға қауіпті немесе оқуына кедергі болатын, немесе денсаулығына, немесе баланың тәндік, ойлау, рухани, адамгершілік немесе әлеуметтік дамуына зиян келтіретін жұмысты орындаудан қорғауға нақты шаралар қолданады.
      3. Тұрғылықты халықтарға жататын тұлғалар олардың еңбек жағдайларына, әсіресе жұмыспен қамту немесе еңбекақыға қатысты кемсітушілікке шалдықпауға құқылы.

18 бап

      Тұрғылықты халықтар олардың өзіндік үдерістері арқылы сайланатын өкілдері арқылы олардың құқықтарын қозғайтын мәселелерде шешім қабылдауға қатысуға, сондай-ақ өзіндік директивалық мекемелерінің сақталуы мен дамуына құқылы.

19 бап

      Мемлекеттер оларға қатысы бар заңнамалық немесе әкімшілік шараларды қабылдар мен жүзеге асырар алдында, олардың ерікті, алдын ала және саналы келісімін алу мақсатында, олардың өкілетті институттары арқылы сәйкес тұрғылықты халықтармен кеңесіп, ынтымақтастыққа келеді.
      1. Тұрғылықты халықтар өздерінің экономикалық және саяси жүйелері немесе институттарының сақталуы мен дамуына, өмір сүру мен дамуды қамтамасыз ететін өздерінің құралдарын кепілді пайдалануға, өздерінің дәстүрлі және экономикалық қызметімен еркін түрде айналысуға құқылы.
      2. Өзінің өмір сүру мен дамуын қамтамасыз ететін қаражаттарынан айырылған тұрғылықты халықтар шығынның әділетті орнын толтырылуына құқылы.

21 бап

      1. Тұрғылықты халықтар кемсітуішіліксіз олардың өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының, әсіресе, білім беру, жұмыспен қамтылу, кәсіби-техникалық даярлық пен қайта даярлық, тұрғын үймен қамту, тазалық, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру салаларының жақсартылуына құқылы.
      2. Мемлекеттер олардың өмірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын үздіксіз жақсарып отыруын қамтамасыз етеді. Нақты назар тұрғылықты халыққа жататын қарт адамдардың, әйелдердің, жастардың, балалардың және мүгедектердің құқықтарына және ерекше қажеттіліктеріне бөлінеді.

22 бап

      1. Осы Декларацияны жүзеге асыру кезінде нақты назар тұрғылықты халыққа жататын қарт адамдардың, әйелдердің, жастардың, балалардың және мүгедектердің құқықтарына және ерекше қажеттіліктеріне бөлінеді.
      2. Мемлекеттер тұрғылықты халықтармен бірлесе отырып, тұрғылықты халықтарға жататын әйелдер мен балалар зорлық пен кемсітушіліктің барлық түрлерінен қорғаныс пен кепілдемелерді қолдануын қамтамасыз ету үшін шараларды қабылдайды.

23 бап

      Тұрғылықты халықтар өзінің дамуға құқығын жүзеге асыру мақсатында басымдылықтарды анықтауға және стратегияларды әзірлеуге құқылы. Әсіресе, тұрғылықты халықтар оларды қозғайтын денсаулық сақтау, тұрмыстық және басқа әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеуге белсенді түрде қатысуға, мүмкіндігінше, өздерінің меншік институттары арқылы бұндай бағдарламаларды жүзеге асыруға құықылы.

24 бап

      1. Тұрғылықты халықтар өздерінің дәстүрлі медицинасына және маңызды дәрілік өсімдіктерді, жануарлар мен минералдарды сақтауды қоса, өзінің емдеу тәжірибесін сақтауға құқылы. Тұрғылықты халықтарға жататын тұлғалар, сондай-ақ, еш бір кемсітушіліксіз әлеуметтік және медициналық қызметтің барлық түрлеріне қолжетімділікке құқылы.
      2. Тұрғылықты халықтарға жататын тұлғалар ең жоғарғы қол жетімді деңгейде дене және психикалық денсаулықты қолдануға тең құқықты иеленеді. Мемлекеттер осы құқықты толық жүзеге асыру мақсатына сатылы түрде жету үшін барлық қажетті қадамдарды қабылдауда.

25 бап

      Тұрғылықты халықтар өздерінің оларға дәстүрлі түрде тиесілі немесе басқа түрде иеленген немесе олармен пайдаланытатын жерлер, шекаралар, сулар мен теңіз жағалауы сулары, сондай-ақ басқа шикізаттармен өздерінің ерекше байланысын қолдап, нығайтуға құқылы, осы орайда болашақ ұрпақ алдында жауапкершілікті мойнына алады.

26 бап

      1. Тұрғылықты халықтар олар дәстүрлі түрде иеленген, олар дәстүрлі түрде алған немесе басқа түрде қолданған немесе иемденген жерлер, шекаралар мен шикізаттарға құқылы.
      2. Тұрғылықты халықтар олар дәстүрлі иелену немесе басқа дәстүрлі орналасу немесе қолдану, сондай-ақ олар басқа жолдармен ие болу күшінен қол жеткізген жерлер, шекаралар мен шикізаттарды меншіктену иелену, қолдану, игеру немесе бақылауға құқылы.
      3. Мемлекет бұндай жерлердің, шекаралар мен шикізаттардың заңдылық танылуын және қорғанысын қамтамасыз етеді. Бұндай тану сәйкес тұрғылықты халықтардың салттары, дәстүрлері мен жер иелену жүйелеріне тиісті құрметпен жүзеге асырылады.

27 бап

      Мемлекеттер тұрғылықты халықтардың заңдарын, дәстүрлері, салттар мен жер иелену жүйлерін тиісті түрде тани отырып, сәйкес тұрғылықты халықтармен бірлестікте тұрғылықты халықтардың олар дәстүрлі түрде иеленген немесе басқа түрде орналасып, билік еткен олардың жеріне, шекарасы мен шикізаттарына қатысты әділетті, тәуелсіз, әділ, ашық әрі транспарентті тану үдерісі мен заңды мақұлдауды орнатып, жүзеге асырады. Тұрғылықты халықтар бұл үдеріске қатысуға құқылы.

28 бап

      1. Тұрғылықты халықтар өзіне реституция немесе, мүмкін болмаған жағдайда, олар дәстүрлі түрде иеленген немесе олар басқа түрде билік еткен немесе қолданған және тәркіленген, оқшаулатылған, басып алынған, пайдаланылған немесе оларға олардың еркін, алдын ала әрі саналы келісімінсіз зиян келтірілген жер, шекара мен шикізаттар үшін әділ өтемақы түрін өзіне қосатын, құралдар арқылы оларға есесін қайтаруға құқылы.
      2. Егер сәйкес халықтармен ол туралы ерікті түрде келісім жоқ болса, бұндай өтемақы өзінің сапасы, мөлшері мен заңдылық мәртебесімен тең келетін жер, шекара мен шикізат түрінде немесе ақшалай өтемақы немесе басқа сәйкес орын толтыру түрінде беріледі.

29 бап

      1. Тұрғылықты халықтар қоршаған ортаны және олардың жерлері немесе шекараларының өндірістік қасиеттері мен шикізаттарын сақтау мен қорғауғы құқылы. Мемлекеттер бұндай сақталу мен қорғаудың қандай да бір кемсітушіліксіз қамтамасыз етілуі мақсатында көмек көрсету бағдарламаларын құрады және жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттер олардың еркін, алдын ала және саналы түрдегі келісімінсіз, тұрғылықты халықтардың жерлерінде немесе шекарасында қауіпті материалдардың сақталуына немесе қауіпті материалдарды тұрғылықты халықтардың жерлеріне немесе шекараларына шығарылуына жол бермеуге әрекет етуші шаралар қабылдайды.
      3. Мемлекеттер, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, осындай материалдардың жағымсыз әсеріне тап болған халықтармен әзірленіп, жүзеге асырылатын түрде тұрғылықты халықтардың мониторинг бағдарламаларын, денсаулықты сақтау мен қалыпқа келтіруді тиісті түрде жүзеге асыру үшін әрекет етуші шараларды қабылдайды.

30 бап

      1. Оны өткізу сәйкес мемлекет мүдделерінің болуымен ақталған немесе оған қатысты сәйкес тұрғылықты халықтардың тарапынан басқа түрдегі еркін келісім немесе сұраныс бар болған жағдайлардан басқада, тұрғылықты халықтардың жерінде немесе шекарасында әскери қызмет жүргізілмейді.
      2. Тұрғылықты халықтардың жерлері мен шекараларын әскери қызметте пайдаланар алдында мемлекеттер тиісті үдерістер, әсіресе олардың үкіметтік инситуттары арқылы мүдделі тұрғылықты халықтармен тиімді кеңестер жүргізеді.

31 бап

      1. Тұрғылықты халықтар өзінің мәдени мұраларын, дәстүрлі білімдері мен мәдени танылудың дәстүрлі түрлеріне, сондай-ақ адами және гентикалық шикізаттарын, тұқымдар, дәрілер, фауна және флораның қасиеттерін білуді, ауыз әдебиетінің дәстүрлерін, әдеби шығармаларды, суреттерді, спорт пен дәстүрлі ойындарды, бейнелеу және сәулет өнерін қоса, олардың ғылыми білімдерін, технологиялар мен мәдениетін сақтауға, бақылауға, қорғауға және дамытуыға құқылы. Олар сондай-ақ өздерінің осындай мәдени мұраға, дәстүрлік білімдері мен мәдени танылудың дәстүрлі түрлеріне өзінің зияткерлік меншігін сақтауға, қорғауғы және дамытуға құқылы.
      2. Тұрғылықты халықтармен бірлесе отырып, мемлекеттер осы құқықтары жүзеге асыру мен қорғау мақсатында әрекет етуші шараларды қолданады.

32 бап

      1. Тұрғылықты халықтар өзінің жерлері, шекаралары мен басқа шикізаттарын игеру немесе қолданудың басымдылығын анықтауға және стратегиялар әзірлеуге құқылы.
      2. Мемлекеттер олардың жерлері немесе шекаралары және басқа шикізаттарын қозғайтын, әсіресе, пайдалы қазбалар, су немесе басқа шикізаттарды игеру, қолдану немесе өңдеумен байланысты кез келген жобаны бекітер алдында олардың еркін және саналы келісімін алу мақсатында олардың өкілетті институттары арқылы сәйкес тұрғылықты халықтармен адал ниетпен кеңесіп, ынтымақтастықта болады.
      3. Мемлекеттер кез келген осындай қызметпен байланысты туындаған шығындарын әділ және адал өтеудің тиімді тетіктерін қамтамасыз етеді және оның қоршаған орта, экономика, қоғам, мәдениет немесе рухани дамуына жағымсыз салдарын жеңілдету үшін тиісті шараларды қабылдайды.

33 бап

      1. Тұрғылықты халықтар өздерінің салттары мен дәстүрлеріне сәйкес өздерін немесе өзінің ұлыстық қатыстылығын анықтауға құқылы. Бұл тұрғылықты халықтарға жататын тұлғалардың олар тұрып жатқан мемлекеттің азаматтығын алуға құқығына зиян келтірмейді.
      2. Тұрғылықты халықтар өздерінің меншік үдерістеріне сай құрылымын және өз институттарының құрамына мүшелерді таңдауға құқылы.

34 бап

      Тұрғылықты халықтар өздерінің институционалды құрылымдары мен өздерінің ерекше салттары, дәстүрлері, үдерістері, тәжірибелері және олар бар кезде, адам құқықтарының саласындағы халықаралық стандарттарға сай құқықтық жүйелері немесе салттарын көтермелеуге, дамытуға және сақтауға құқылы.

35 бап

      Тұрғылықты халықтар өздерінің қауымына қатысты жеке тұлғалардың міндеттерін анықтауға құқылы.

36 бап

      1. Тұрғылықты, әсіресе халықаралық шекаралармен бөлінген халықтар шекаралар арқылы өздерінің құрамына кіретіндермен рухани, мәдени, саяси, экономикалық және әлеуметтік бағыттағы қызметерге байланысты қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты қолдап, дамытуға құқылы.
      2. Мемлекеттер тұрғылықты халықтармен ынтымақтастықта, кеңесе отырып, осы құқықты қолдануды жеңілдетуге және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етуге әрекет етуші шараларды қабылдайды.

37 бап

      1. Тұрғылықты халықтар мемлекеттермен немесе олардың құқықтық иеленушілерімен жасалған келісім шарттар, келісімдер мен басқа сындарлы келісімдердің танылуына, сақталуы мен қамтамасыз етілуіне және мемлекеттермен осындай келісім шарттарды, келісімдер мен басқа сындарлы келісімдерді сақтауына және құрметтеуіне құқылы.
      2. Осы Декларациядағы еш нәрсе тұрғылықты халықтардың келісім шарттардағы, келісімдерде және басқа сындарлы келісімдердегі құқытарын кемітетін немесе жоққа шығаратын деп талқыланбау керек.

38 бап

      Мемлекеттер тұрғылықты халықтармен ынтымақтастықта және кеңесе отырып, осы Декларация мақсаттарына жету үшін заңнамалық шараларды қоса, әрекет етуші шараларды қабылдайды.

39 бап

      Тұрғылықты халықтар осы Декларациядағы құқықтарды жүзеге асыру мақсатында мемлекет тарапынан және халықаралық ынтымақтастық арқылы қаржылық және техникалық көмекке құықтарды иеленеді.

40 бап

      Тұрғылықты халықтардың мемлекеттер немесе басқа тараптармен келіспеушіліктер мен дауларды әділ реттеу үдерістері шеңберінде рұқсат пен жедел шешімге, сондай-ақ олардың жеке және ұжымдық құқықтарының кез келген бұзылуында құқықтық қорғаныстың тиімді құралдарына құқықтары бар. Бұндай шешімдерде сәйкес тұрғылықты халықтардың салттары, дәстүрлері, нормалары мен құқықтық жүйелері және халықаралық адам құқықтары тиісті түрде назарға алынады.

41 бап

      Біріккен Ұлттар Ұйымының органдар мен мамандандырылған мекмелері және басқа үкімет аралық ұйымдар түзету, әсіресе қаржылық және техникалық көмек көрсету мақсатындағы ынтымақтастық жолымен осы Декларация ережелерін толық іске асыруға жәрдемдеседі. Тұрғылықты халықтардың оларға қатысты мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз етудің жолдары мен құралдары анықталу керек.

42 бап

      Біріккен Ұлттар Ұйымы, Тұрғылықты халықтар мәселесі бойынша тұрақты форумды қоса, оның органдары мен соның ішінде елдік деңгейдегі мамандандырылған мекемелер және мемлекеттер осы Декларацияның ережелерін сақтауға жәрдемдесетді және осы Декларацияны тиімді әрі қарайғы жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдайды.

43 бап

      Осы Декларациямен танылған құқықтар дүние жүзінің тұрғылықты халықтарының өмір сүруін, қадір-қасиеті мен амандығын құрметтеуді қамтамасыз ететін минималды стандарттарды білдіреді.

44 бап

      Осы Декларацияда мақұлданған барлық құқықтар мен еркіндіктер тұрғылықты халықтарға жататын ерлер мен әйелдерге тең дәрежеде кепілдендіріледі.

45 бап

      Осы Декларациядағы еш нәрсе тұрғылықты халықтар қазіргі уақытта иеленетін немесе болашақта иеленуі мүмкін құқықтарды кемітетін немесе тоқтататын деп талқыланбайды.

46 бап

      1. Осы Декларациядағы еш нәрсе кез келген мемлекет, халық, топ немесе жеке тұлғаның Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғасына қайшы келетін немесе зайырлы және тәуелсіз мемлекеттердің шекаралық тұтастығы мен саяси бірлігін бөлшектеуге немесе ішінара немесе толық бұзуға әкелетін кез келген қызметпен айналысу немесе кез келген әрекет жасау құқығы деп түсіндірілмейді.
      2. Осы Декларацияда жарияланған құқықтарды жүзеге асыру кезінде адамның құқықтары мен барлығының негізгі еркіндіктері құрметтеледі. Осы Декларацияда баяндалған құқықтарды жүзеге асыруға тек қана заңмен анықталған және адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттерге сай келетін шектеулер салынады. Кез келген бұндай шектеулер кемсітпеушлік және тек қана басқалардың құқықтары мен еркіндігін тиісті түрде тану мен құрметтеуді қамтамасыз ету және демократиялық қоғамның әділ әрі анағұрлым маңызды талаптарын қанағаттандыру мақсатында қажетті болып табылады.
      3. Осы Декларацияда баяндалған ережелер әділдік, демократия, адам құқықтарына құрмет, теңдік, кемсітпеушілік, игі басқару мен адал ниет принциптеріне сай талқыланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады